Тақырыбы: «Омыртқалылар зоологиясы» электрондық оқулығын жасақтау


Электрондық оқулықтың өзге де тақырыптары



бет4/5
Дата04.05.2023
өлшемі1.12 Mb.
#473186
1   2   3   4   5
СББРЖ жоба үлгі

Электрондық оқулықтың өзге де тақырыптары

Біз электрондық оқулық жасау барысында бір тараудың толық тақырыбын жан – жақты қарастырған болатынбыз. Сол себепті «Омыртқалы жануар» тақырыбына құрылған тапсырмалардай, өзге тақырыптарғада тапсырмалар құрылды. Мысалға, 8-сурет.




8-сурет – «Дөңгелек ауыздылар класы» тақырыбына тапсырмалар

Электрондық оқулықта тағы бір назар аударатын жері:атаулы сөздер, маңызды сөздер ерекше жағдайға алынып жазылған (9-сурет). Осы арқылы оқушылар конспект жазу барысында не нәрсеге ерекше назар аударатынын білетін болады. Сонымен қоса, «Құстар» тақырыбында қосымша«і» белгісімен назар аударылу керекті ақпараттар айтылған. Сол арқылы оқушы сол мәліметті нақты есте сақтау керектігін түсінетін болады.




9-сурет – Ерекше жағдаяттар.
Оқушылар берілген тапсырма мен тақырыпты бір күнде ғана оқып қоймайды. Оны орындағаннан кейін кері оқып, қайталауға да болады. Сондай уақытқа арнап бағдарлама сіздің қарап өткен тақырыптарыңызды бір жерде сақтап ұстайды.


10-сурет – Өтілген тақырыптар бойынша есеп

Сонымен қоса «Құстар» туралы сабақ бөлімінде осылай тізім ретінде де берілу мүмкіндігі бар. Бұл жерде бір тиімділігі оқушы өзіне конспек ретінде оңай жаза алады. Әрі тестке дайындалған жағдайда да үлкен мүмкіндік бар.



11-сурет – «Құстар» тақырыбының тапсырмасы
Электрондық оқулық жасау барысында басында «TurboSite» бағдарламасын қолдануды ойладық. Бірақ, онымен жасау кезінде оқушыларға қызықты болатын көп функция таппадық. Сол себепті де «coreapp.io» дайын сайтын қолдануды жөн көрдік. Онымен электрондық оқулық жасау өте тиімді әрі оқушыларға да қараған уақытта қызықты болады деп ойлаймыз.

ҚОРЫТЫНДЫ

2020 жылғы пандемия әсерінен бүкіл әлем онлайн оқу жүйесіне көшкен болатын. Бұндай уақытта оқушыларды бірден онлайн оқу жүйесіне өткізгенде оларды қызықтырып оқытатын бағдарламалар саны өте аз болды. Бірақ, уақыт тығыз болса да жаңадан бағдарламалар құрастырылып шығарыла бастады. Әрине бұл электрондық оқулық жасау барысында қолданылған «coreapp.io»бағдарламасынан басқа да сайттар мен қосымшалар бар. Бірақ, бұл бағдарлама программа тілін білмейтін қарапайым мұғалімдер мен студенттерге өздерінің оқушыларына арнап сабақ барысында тақырыптар мен оларға тапсырмалар құрауына өте тиімді.


Мүмкіндігі:
Электрондық оқулықтар жасау барысында оның көптеген мүмкіндіктерін анықтадық. Егер мұғалімдер арасында сабақтарын осылай электрондық оқулық ретінде оқушылардың тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызатындай жасақтап ұсынса, онда оқушының күнделікті сабаққа деген қызығушылығы арта түспек.
Бұл электрондық оқулықтар негізгі мақсаты оқушылардың «Омыртқалылар зоологиясы» жайлы ақпаратпен толық қамтамасыз ету болып табылатын.
 Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер). Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздерге таралған. 
Осындай деректерді қорыта келе біз сайтта әртүрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың мәліметін толықтырып әрі бекітуге тырыстық. Электрондық оқулықта сайттың ақылы бөлімін алмағандықтан кейбір кемшіліктер болуы мүмкін, бірақ біз өзіміздің соңғы меңзеген мақсатымызға жеттік. Осы оқулықты оқып шыққан оқушы өзінің «Омыртқалылар зоологиясы» жайлы білімдік қорын жетілдіреді деген үміттеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет