Практикалық мәні: Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін - өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Баланы шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.«Әрекетті түсінудің негізгі теориясы,- деп жазады А.А.Леонтьев,- қажеттілікті түсіну. Қажеттіліксіз әрекет болмайды». Қажеттілікті тілмен байланыстырсақ, біз сөйлеу үшін емес, ойымызды жеткізу үшін айтамыз. Қорыта айтқанда, сөйлеу қажеттілігі сөйлеудің өзінде емес, қарым-қатынаста.
Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай - ақ қайталауда да қолданылады.
Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз.
Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:
1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;
2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;
3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.
Тапсырма беру кезінде ұстаз баланың танымдық қызығушылығының көрсеткіштеріне үлкен мән береді. Олар:
- зейін қоюшылығы;
- баланың өз еркімен білімге деген құлшынысы,
- жұмыс барысында кездескен қиыншылықтарға кездескенде жағымды эмоцияда болуы;
- аталған міндетті шешу жолдарына ұмтылыс жасауы;
-интеллектуалдық жетістіктерге қажеттілігі;
- ұсынылған әрекет тәсілдерін меңгеруге талпынысы;
- таныс емес нәрселер мәніне көңіл бөлуі;
Достарыңызбен бөлісу: |