Тақырыбы: Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері. Оындаған: Жаркымбек С.Қ Өзектілігі


Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін



бет4/6
Дата20.02.2023
өлшемі33.88 Kb.
#469823
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері.

Оқушылардың қазақ тілінде сөйлесім әрекетін қатысым құралы ретінде меңгерту мақсатында берілетін тапсырмалар
 Әлеуметтік- тұрмыстық ая бойынша
Тақырыбы: Менің отбасы мүшелерім және туыстарым қай тілде сөйлейді?
Тапсырмалары:
- Сенің отбасың ана тілінде сөйлеседі ме? (Сөйлемесе, не себепті?)
Өз пікірлеріңді білдіріңдер.
- Отбастарыңда сөйленетін тіл туралы достарыңмен пікірлесіп, өзара жұпта сөйлесіңдер.
- «Туысы бірдің- уысы бір» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар.
- Отбасы мүшелерінің отбасындағы орны мен міндеттері. Пікірталас құрыңдар
- Отбасы, ана тілі туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.
Тақырыбы: Сыйлықтар. Мен досыма қандай сыйлықтар беремін?
Тапсырмалары:
- Құттықтауға қатысты сөз орамдарын пайдаланып, достарыңа тілек айтыңдар.
- Сендер туған күнге бармақсыңдар. Осы жағдаят бойынша жұпта диалог- пікірталас құрыңдар.
- Сыйлық міндетті түрде қымбат, сапалы болуы керек. Келісесіңдер ме? Ойларыңды айтыңдар.
- Өз ұлтыңның сыйлық беру дәстүрі туралы реферат жазыңдар.
 Тақырыбы: Менің жазғы демалысым
Тапсырмалары:
- Жазғы демалыстарыңнан қандай әсер алдыңдар? Әңгімелеңдер.
- «Менің жазғы демалысым» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.
- Тақырып бойынша диалог құрастырап, өзара жұпта сөйлесіңдер.
- Жазғы демалысты қайда өткізген дұрыс? Сұхбат құрыңдар.
Тақырыбы: Ас- адамның арқауы
Тапсырмалары:
- Саған қандай тағам ұнайды? Әңгіме жазыңдар.
- «Ас- адамның арқауы» дегенді қалай түсінесің? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.
- Сенің тамақтану режимің. Монолог түрінде баяндаңдар.
- Асханада қалай тамақтанып жүрсің? Диалог құрыңдар.
- Ас туралы мақал- мәтелдерді естеріңе түсіріңдер.
Тақырыбы: Киім
Тапсырмалары:
- Киім кию өнер ме? Сұхбат құрыңдар.
- Ұлттық киімдерді күнделікті киер ме едің? Өз ойларыңды айтыңдар.
- Мектеп оқушысының киімі. Киім үлгілерін суреттеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет