Тақырыбы: «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру»


Бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын дамыту негіздері



бет3/8
Дата18.06.2022
өлшемі304.5 Kb.
#459303
1   2   3   4   5   6   7   8
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру курстық жұмыс

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын дамыту негіздері

Егер кіші жастағы оқушыларда оқуға қызығушылық болмаса, сонымен де орта және жоғары сыныптарда да болмайды. Оқу-танымдық мотивтердің қалыптаспауы-оқушылардың оқу материалын меңгеруде қиындық келтіреді және оқу іс-әрекетін толық иеленуге кедергі болады. Сабақтарда жаңа технологияларды ұтымды пайдалана оқыта білсек, біз оқушының бойында тілге деген қызығушылықты арттыруымыз сөзсіз. Бүгінгі күні жаңа технологияларды қолдана отырып өткізген интерактивті сабақтар оқушылардың уәжділік құзіреттілігін қалыптастыруда маңызы өте жоғары. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Біз ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамыз.


Оның біріншісі - оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту;
екіншісі - оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Оқытуда ойын элементтерін қолдануда мына талаптар орындалуы қажет:
1. Оқушылардың қажетті сөздік минимумы болуы тиіс.
2. Белгілі бір мақсатқа құрылуы керек.
Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де, тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыларға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау ұтымды. Сынып оқушылары түгел қатысады. Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолдану тиімді:
1. Әліпбиді дұрыс меңгерту;
2. Оқу дағдысын қалыптастыру;
3. Орфографияны дұрыс игеру;
4. Лексиканы меңгерту;
5. Грамматикалық құрылымды меңгерту;
6.Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушының ойынға белсенді қатысуына қарай еңбегі бағаланады. Сабақ тартымды болуы үшін әр түрлі ойындарды дұрыс қолдана білген жөн. Сонда ғана ойын қызықты да нәтижелі болады. Оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында, ойын түрлерін дұрыс таңдап алу керек.
Ойын барысында бастауыш мектеп оқушылары өздерін еркін сезініп, сол арқылы пәнді игеруге уәждері артады. Оқыту үдерісінде ойынның түрлерiн пайдалану оқушылардың ой-өрiсiн дамытуға уәж болып, сабақ үлгерiмiн жоғарылатады.[10]
Мысалы, 3-сыныптағы «Аңдар» тақырыбын қорытындылау сабағын «Бауырсақ» ертегісінің желісімен өткіздім.-Балалар, біз бәріміз де «Бауырсақ» ертегісін кішкентай кезімізден білеміз. Қазір біз, сол ертегідегі бауырсақтың рөлін ойнаймыз да, бауырсақты жемекші болған кейіпкерлерден қашып құтыламыз. Оңай құтылу үшін біз олардың қойған сұрақтарына, берген тапсырмаларына мүлтіксіз жауап беруіміз керек. Әр аңның тапсырмалы қалташалары бар.Егер жауап берсек, құтылғанымыз...
Мысалы, 4 сыныптың «Жануарлар әлемінде» модуліне байланысты
«Үй жануарлары» тақырыбын өткенде сабақта аудиотаспадан «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі тыңдалды да пікір алмасу жүргізілді. Тапсырма: Үй жануарларының пайдасы туралы әңгімелеу. Сабақтағы сөздік, рөлдік, грамматикалық жаттығулар, тапсырмалар мен ойындар оқушылардың қазақ тiлiнен сауатын ашып, сөздiк қорын молайтып, сана-сезiмiн, ақыл-ойын дамытып, тiл дамыту жұмыстарын тиiмдi жүргiзуге, өзара ақпарат алмасуға үлесiн қосты, балалар сөздермен, өздері білетін мәліметтермен алмасты. Ақпарат алмасу барысында оқушылар өз ортасында, әлеуметтік жағдайда одан әрі іскерліктерін шыңдауға, білімін тереңдетуге, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Оқушылардың қатысымдық қабілетін дамыту мақсатында берілген тақырыптар бойынша сыныптан тыс жоба жұмысын жүргізу арқылы олардың біліктілігін арттыруға болады. Жоба жұмысын қорғау барысында оқушылардың қарым-қатынас мүмкіндіктерін арттыруға мынадай жұмыс шаралар мысал бола алады:
1. белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу.
2. қосалқы әдеби материалдарға сүйене отырып, сөздік қорын байыту.
3. жаңа сөздерді қолдана отырып, оқушының жеке сөйлеу тілін дамыту.
4. топ ішіндегі қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Мысалы, 4 сыныптың «Отбасы және ондағы еңбек» модуліне байланысты «Мұғалім», «Дәрігер», «Құрылысшы» тақырыптары бойынша жасалынған жобаларды талқылау барысында оқушылардың алдына қойылған міндеттер:
- Аталған мамандықтың қоғамға қажеттілігін дәлелдеу;
- Жақсы маман иесі болу үшін адамға не керек, соны анықтау;
- Еліміздегі немесе қаламыздағы аталған мамандық иелерінің шеберлері туралы;
- «Мамандықты қалай таңдау керек?» топтың әрбір мүшесінің пікірін анықтау болатын.[11]
Осы шаралардың нәтижесінде оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы, белгілі бір тақырыптар бойынша өз бетінше ізденушілік қабілетінің дамуы және өз білімін ортаға салып, пікір таластыра білу мүмкіндіктері артады десек, артық болмайды. Мұның бәрі оқушылардың тілдік белсенділігін арттырудың негізі болып табылады. Оқушылардың рөлдік ойындарға қатысуы қарым - қатынас қуанышына бөлейді, ал тілдік қарым- қатынас қуанышы оқуға деген қызығушылығын қалыптастырады. Мен сабақтарымда рөлдік ойындарды оқу, жазу, аударумен алмастырып отырамын. Сөйтіп оқушылардың:
А) еске сақтау; ә) есту арқылы қабылдау; б) әсерлі қимыл, мимикаларды қолданып әсерлі сөйлеуін; в) сауаттылығы; г) тілдік серік болу мүмкіншілігін қалыптастырамын.
Оқу материалдарының мазмұны, жан-дүниені қызықтыруға бағытталуы керек. Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
• Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау.
• Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері.
• Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекелестігіне көмек көрсете білу қасиеті.
Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты арнайы жүйеге негізделген:
1. Жаңа білім беруге дайындық
2. Жаңа білім беру
3. Жаңа білімді бекіту.
Оқытудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осының арқасында дәстүрлі сабақтардың орнына оқу процесінің кезеңдерінен тұратын қазіргі талапқа сай жаңа технологиялар (портфолио, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар) пайда бола бастады.
Жаңа білімді меңгеру барысындағы дайындық тапсырмалары:
а) қайталауға, нақтылауға, оқушының білетін материалдарын толықтыруға арналған тапсырмалар
ә) өткен оқу материалдары мен жаңа білімнің логикалық байланысын орнықтыратын, ойлауға берілетін тапсырмалар
б) жаңа оқу-танымдық міндеттерді меңгеруге және қиындықтарды жеңуге үйрететін тапсырмалар.
Танымдық қызығушылық - оқушының табысқа жету дағдысын қалыптастырады.
Танымдық қызығушылықты дамыту нәтижелері:
- белсенділік, білімге деген қызығушылық
- өздігінен іздену
- орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындау;
- оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау
- игерілген білімді тасымалдай білу
- өз іс- әрекетін бақылау, бағалау
Танымдық қызығушылық 3деңгейде жүзеге асады:
1. Жоғары деңгей- білуге деген қызығушылық, іс- әрекетті бағалай білу
2. Орта деңгей- танымдық іс- әрекетті өздігінен орындау
3. Төменгі деңгей- тапсырманы қайталау, оқытушы көмегіне жүгіну
Танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүктеледі. Танымдық процесc зейін қою, қабылдау, елестету, еске сақтау және ойлай білу арқылы жүзеге асады. Осы орайда халқымыздың ұлы ақыны Абайдың «Адам баласы өмірге келгеннен кейін бірі- ішсем, жесем деп, екіншісі- көрсем, білсем, үйренсем екен деп келеді»- деген қара сөзі еске түседі. Бастауыш сынып оқушыларының таным мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай жобасы болуы керек:
- мақсат қою (мақсатты түсіну)
- мақсатты жүзеге асыру (тапсырманы орындау)
- нәтижені бағалау (бақылау, баға) .
Қорыта айтқанда, ойнай отырып ойлану- пәнге деген қызығушылықты арттырып, танымдық қабілетті дамытары сөзсіз. 
Мұғалімге арналған нұсқаулықта бағалау- одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин болып табылады делінген. Сондықтан оқушылардың өз білімін өзі бағалауы мағызды деп ойлаймын. Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында түрғанынын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.[12]
Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты игеріп, меңгергендігін анықтау үшін және сабақтың әр кезеңінде тапсырмаларды орындауда оқыту үшін бағалаудың түрі «бағдаршам» арқылы бағалауды қолданған ыңғайлы. Әр оқушының алдында бағдаршам белгілері болады. Түсіндім –жасыл, сенімді емеспін, әліде сұрақтарым бар- сары, түсінбедім- қызыл түсті белгілермен көрсетіледі. Жаңа сабақты қаншалықты түсінгенін «бүгін сабақта не үйрендің?, не білдің?, толық түсіндің бе?» деген сұрақтар қоя отырып, қол белгілері арқылы, яғни бармақпен бағалауды да қолданған оқушының сабаққа қызуғушылығын арттыратыны сөзсіз. Сыныпта кейбір оқушылар оқыту үшін бағалау кезінде кейде өз –өздеріне сенімсіз болды. Сондықтан алдағы уақытта бағалаудың түрлерін мейілінше тиімді пайдалана отырып, бағалаудың түрлерін түсіндіру жұмыстарын жасау керектігін түсіндім.
Топтық тапсырмаларды орындауда әр топ бір –бірінің жауабын тыңдай отырып, «екі жұлдыз, бір тілек» немесе «екі жұлдыз, бір ұсыныс» айту және мадақтау, қол шапалақтау арқылы бағалаудың өзі оқушының мерейін, оқуға ынтасын арттыруда көп көмегін тигізуде.
Соның бірі математика пәні. Мәселен: 3-сыныпта үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Сабағымды «Сандар сыры» атты ынтымақтастық атмосферасын құрудан басталды. Сандар бірліктен, ондықтан, жүздіктен құралатынын ескеріп, үш таңбалы сандардың құрлымын ажаратып алудан сабақты бастадым. Бұл бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, түсінуге алғы шарт болады. Сол сабаққа қызығушылығы артқан сайын баланың білсем, түсінсем деген ынтасы жоғары бола бастайды. Оқушылармен жылы қарым-қатынас орната отырып, сабақты оқушылар жалықпайтындай, өз жас ерекшеліктеріне сай сұрақ тапсырмалар ұйымдастыра өткізе білсек ұтарымыз көп.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым-қатынастың маңызы ерекше екені баршамызға мәлім. Оқушының ой-пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары мен талпыныстары, ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады. Яғни мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтап, бақылау ұстаздар тарапынан болуы шарт.
Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп – оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Сабақта интербелсенді тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.
Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін, білім алу деңгейін тыс қалдырмау қажет. «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Оқу тәрбие процесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Біздің міндетіміз – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Ынталандырудың анықтамасы латын тіліндегі movere (қозғау) сөзінен алынған. Ынта – бұл мақсатқа бағытталған іс-әрекет басталған және қолдау тапқан үдеріс. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.[13]
Оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру үшін ең алдымен әр балаға жеке көңіл бөлу керек, яғни индивид деп қарау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту керек. Сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту керек. Мысалы, бұрынғылар сияқты келе салып үй тапсырмасын сұрап, одан соң жаттығулар жаздыртып өткенше, үй тапсырмасын ойын немесе жарыс түрінде сұраса балаларға әлдеқайда қызық болады. Бұл әдіс оқушыларға ұнайды. Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде жақсы оқитын оқушылардан ғана сабақ сұрап, қалғандарына бәрібір білмейсіндер деп сұрамайтын ды. Олардан сұрағанмен бәрібір білмейді, оданша жақсы оқитын оқушылардан сұрай берейік дейтін. Ал ол балалар да отыра береді “сен тимесең мен тимеймін” деп. Тағы бір әдіс – сабақты пікір талас ретінде өткізу. Әр оқушының пікірін тыңдау. Бұдан да басқа әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы. Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:
1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.
2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.
3) мониторинг- тексеру.
4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.
5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мұғалім және оқушылар, оқушылар және оқушылар.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.[14]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет