Тақырыбы: «Жасуша зақымдануы. Апоптоз.
Зақымдануға организмнің жалпы реакциясы»
(3 когнитивті деңгей)
Жасушалардың созылмалы зақымдалуының апаттық сатысынан кейін дамитын сатысындабайқалады:
A. жасушаның генетикалық аппаратының активациясы
B. қалған құрылымдардың қызметтерінің жоғарылауы
C. жасуша құрылымының гипертрофиясы, гиперплазиясы
D. РНҚ, нәруыздар және АТФ түзілуінің тежелуі
E. жасушаның дистрофиясы және өлімі
ANSWER:C
Қан алған кезде оны сұйылту үшін дәрігер-зертханашы натрий хлоридінің гипотониялық ерітіндісін қолданды. Эритроциттердің айқын гемолизі байқалды. Қан жағындысында пішіні сфераға ұқсас эритроциттер анықталды. Эритроциттер зақымдалуының негізгі механизмі осымен байланысты:
A. мембраналық протеазалардың белсенуімен
B. мембраналық фосфолипазалардың белсенуімен
C. мембраналардың осмостық зақымдалуымен
D. мембраналар липидтерінің асқын тотығуымен
E. ірімолекулалық кешендердің эритрроциттер бетіне адсорбциясымен
ANSWER:C
Қызба, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі, миалгиялар, артралгиялар, лейкоцитоз, жылдамдатылған ЭТЖ, қанда темір және мырыштың азаюы, С-реактивті ақуыздың жоғарылауы организмнің зақымдануға деген жалпы реакцияларына тән, осы реакциялардың негізгі медиаторларын атаңыз:
A. прооксиданттар
B. биогендік аминдер
C. комплемент жүйесінің бөліктері
D. қабынуды қолдайтын цитокиндер
E. лизосомалық ферменттер
ANSWER:D
Науқас Д., 46 жаста. Диагнозы: «Солжақ қарынша миокардының алдыңғы қабырғасының инфаркты». Жарты жыл бұрын пациент көлік апатына ұшырап, әйелі мен баласы қайтыс болған. Сол кезден бастап стресс жағдайында жүр және темекіні көп шегеді. 3 ай бұрын ішінің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі пайда болған. Тексергенде асқазанның сілемейлі қабатында эрозиялық зақымданулар бар екендігі анықталды. Жалпы адаптациялық синдромның осы сатысы аталады:
A. адаптация
B. апаттық
C. қалжырау
D. шокқа қарсы
E. резистенттілік
ANSWER:C
Науқас К., 28 жаста, көлік апатынан кейін 15 минуттан соң ауруханаға жеткізілді. Пациент есін біледі, қатты және көп сөйлейді, көмек сұрайды. Орнынан тұрып кеткісі келеді, жиі күрсінеді. Беті бозғылт, суық тер қаптаған. Көз шарасы шығыңқы, қасаң қабығы кеңейген, жылтыр. Экстремалді жағдайдың осы сатысына тән:
A. брадикардия
B. эндотоксемия
C. артериялық гипотензия
D. антиноцицептивті жүйенің тежелуі
E. симпатоадреналды жүйенің қозуы
ANSWER:E
Науқасты ішінің барлық аумағындағы ауырсыну мазалайды. Операция кезінде анықталғаны: жіңішке ішек ілмектері іскен, түсі қара, мезентериялық тамырлар тромбтармен бітелген, сірнелі қабат фибринмен басылған. Жасуша өлімінің осы патологиялық түріне тән:
A. хроматиннің маргинациясы
B. мембраналар тұтастығының сақталуы
C. қабынулық реакцияның болмауы
D. лизосомалық ферменттердің белсенуі
E. ДНҚ бөлшектейтін эндонуклеазалардың белсенуі
ANSWER: D
Достарыңызбен бөлісу: |