Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру



бет20/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36

5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті — жаңа білімді игеруді — атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің катты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімдік сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.

6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің сабақта барлық оқушыдан сұрауға мүмкіндігі болмайды, ол ғасырдың басында ескі мектептердегідей оқушылардан оның соңғы жауабынан бастап барлық өтілген материалдарды сұрай алмайды.

Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар (егер мүмкіндік болса), жазбаша тапсырмалар, анкеталар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы -әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.

7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі есуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет