Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақтық, жабдықтарға жанашырлық.Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады. Сабақты талдау түрлері .Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау .Сабақтар жүйесінде осы сабақтың орны, мақсаттың дұрыс қойылуы. .Сабақты ұйымдастыру. Сабақ типі, құрылымы, кезеңдері, оның бірізділігі, уақытты жоспарлау, сабақ мазмұны мен құрылымының сәйкестігі. Сыныптың сабаққа дайындығы, бүкіл сабақ барысында оқушылардің белсенді жұмысы, жеке, топтық, ұжымдық жұмыстардың үйлесімділігі. Сабақ тығыздығы, уақытты тиімді қолдануы. Сабақ мазмұны. Ғылымилығы, әр кезеңде оқушылардың іс-әрекетіне тапсырмалардың дұрыс таңдалуы, бағдарлама талаптарына сай келуі, тәрбиелік бағыты, теориялық тәжірибесімен байланысы, оқушылардың өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткен тақырыптар мен байланысы, оқушылардің өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткенді қайталау, пән аралық байланыс. Мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы, оқушылардің білім сапасы, біліктілігі (дағды мен әдет) сөйлеуі. 2.3 Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақтағы құрал-жабдықтар, оның кезеңдерінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдарды қолдану, мұғалімдердің қолданған оқыту әдістері, олардың тиімділігі, сабақ мақсаты мен мазмұнына, оқушылардің жеке ерекшеліктеріне, дайындығына сәйкестігі, тиімділігі. Оқушылар алдына сабақ мақсатын қоюы, қорытындысын шығаруы, үлгермеушілермен жұмысы, белсенді оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолданулуының дұрыстығы, оқушылардің білімін бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы. Сыныптағы оқушылармен және жеке оқушылармен қарым-қатынас мәнері, стилі. .Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы. Сыныптың және жеке оқушылардің белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылығы, сабаққа, мұғалімге көзқарасы, тәртіптілігі, ұйымдасуы, сөйлеуі, сұрақ қоюы.
Достарыңызбен бөлісу: |