Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру



бет21/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36

8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей оқыту процесінің тиімділігіне жағдай жасамайды. Өткені кайталау ешқашан да жаттанды кайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын етілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.

9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік үшін көрнекілікті пайдаланбау керек, техникалық құралдарды орынсыз пайдаланбау қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.

10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өтксн сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш педагогтар үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келгсн сабақта білім қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз калауға міндетті. Оқьпу процесін ұйымдастыруға осындай әдістің қажетігі теориялық турде Л. С Выготскийдің зерттеулерінде негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.

11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнеті құралдар, приборлар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтін бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшу оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек.
Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігіншс уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелеуге болады.
Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет