Тақырыбы: «Ұранды ердің ұрпағы қайсар»



бет2/2
Дата09.03.2024
өлшемі19.1 Kb.
#494762
1   2
Ұранды ердің - ұрпағы қайсар тәрбие сағаты 7 мамыр

Би «»Сарбаздар»

Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп «Бала тілегі» әнімен қыздарды ортаға шақырамыз.

Келесі ойың Кім тапқыр? Жұмбақтар шешу



Жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
қыздардың орындауындағы Тока тока биіне береміз.

Жүргізуші: Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.- деп «Қуанышым сен» әнін тарту етеді. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы
Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің жебесі.
Келесі ойын «Өнерлі әке». Ортаға әкелер шығады. Таңертен қыздарыңыздың шашын қалай жинайсыздар? Ең әдімі шаш үлгісін көрсету.


Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп құрметті біздің ұлдар сендерге қыздар атынан шағын сыйлық сыйлағылары келіп тұр. Қазір мен ортаға бір бірден шақырамын.



Ең салмақты Нұрдаулет
Салады әдемі сурет.


Альтаир біздің ақылды
Сандарды тез санайды.


Ерқанат біздің ерке
Тұрады таңертен ерте.


Дархан біздің тәртіпті,
Ұғады тез сабақты.


Ерсұлтан біздің ұқыпты,
Дәптерге қатесіз жазады.


Кіп-кішкентай Таурат
Ақырғы сапта тұрат.


Мейрамбек біздің өнерлі
Қыздардан артық билейді.

Келесі сөз кезегін эксперттік топқа береміз. Марапаттау.
Жүргізуші: 
Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 7мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. 
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет