Дәріс № 2.
Тақырыбы: Шағын жинақты мектептердің даму тарихы.
Мақсаты: Шағын жинақты мектептердің даму тарихымен таныстыру.
Дәрістің мазмұны:
Шағын жинақты мектептің негізін қалаушы Н.А.Корф.
Казахстандағы Кеңес жылдары мен тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы шағын мектептердің дамуы.
Бүгінгі таңда Республикамызда жалпы білім беретін шағын жинақталағн мектептердің (ШЖМ) саны жыл санап асып келеді.ШЖМ деген қандай мектеп, ол қалай, қай кезде пайда болған десек, .Қазақстан Республикасының « Білім туралы » заңында (1-бап, 23 тармақ) шағын жинақты мектепке «сынып жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нышаны бар, оқушылар саны шағын, жалпы білім беретін мекеме» деп көрсетіледі [1].Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский өмір сүрген кезеңнен басталады.Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты ХVIII ғасырдың 60-жылдаында дүниеге келді.Бірқатар ғалымдардың (Т.Тәжібаев, Ә.І. Сембаев, П.А. Жильцов, Г.Ф.Суворова, А.Ө.Мұханбетжанова) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде қазақстан топырағында өмірге келе бастаған орыс-қазақ мектептірінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілдебір мұғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің пайда болуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков, Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бұл ұстаз-ғалымдардың, әсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруда, яғни ауыл балаларына лайықтап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, оларға берілетін білім көлемі мен мазмұнын, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері аса зор болды. Содан бері мұндай мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, мәселесі көптеген ғалымдар мен әдісткерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Біздің елімізде де аталған мәселеге әркез көңіл бөлініп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырады
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |