Хан: - Балам, атың кім?
Қазыбек би: - Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, ұлтым – қазақ, руым – Қаракесек
Хан: -Ендеше, даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.
Күнтізбе №2
1836-1838 жылдардағы Ішкі Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Бұл көтеріліс Ресей патша үкіметіне қарсы бағытталды. Қазақ шаруаларының жерлерін тартып алып , орыс шаруаларына үлестіріп бергені, халықтың ашу-ызасын тудырды. Исатайдың серігі, ақын Махамбет Өтемісұлы өз жырларын осы тақырыпқа арнады.
Мұхаммед: «Мен, мен едім, мен едім…»
«Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім,
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім»
Күнтізбе №3
1937 жылғы асыра сілтеудің кесірі – біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. (Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың портреттері)
Ақ патшаның отаршылдық саясатының орнын қызыл кеңес идеологиясы басты. Міне,осы тарихи аса бір маңызды кезеңде қазақ халқының зиялы азаматтары өз елінің болашағы мен бақыты үшін «Алашорданы» құрған болатын.Олардың ішінде Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров сынды интеллигенция өкілдері бар
Көрініс: «Алаш туы астында»
Міржақып:
Көзіңді аш,оян қазақ,көтер басты,
Өткізбей,қараңғыда бекер жасты.
Жер жетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.
Жүсіпбек:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды, аянба!
Мағжан:
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ-ұлтым үшін өлгенім
Мен өлсем де, Алаш өлмес, көркеер,
Істей берсін қолдарынан келгенін
Достарыңызбен бөлісу: |