Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» Мақсаты


Көрініс: «Абақтыдағы Қайрат»1-топ оқушылар



бет2/4
Дата21.12.2023
өлшемі60.5 Kb.
#487329
түріСабақ
1   2   3   4
Көрініс: «Абақтыдағы Қайрат»1-топ оқушылар
1-жүргізуші:
-Иә,желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі,сөз жоқ,желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып,өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі.
Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.Оны еске алған сайын арқамызды аяз,маңдайымызды мұз,табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас.Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.
1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.
Мәресі мұңлы ма ғасырдан
ғасырға кетер ісінің,
Атақты Желтоқсан көтерілісінің,
Ең басты күресі тіл үшін болғанын.
Бақ тілеп тілге иліккендерге,
Бұл жолы да біз билікпен бірге,
Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....
2-жүргізуші:
Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.
1-оқушы: Насибек Динара
Желтоқсанда үзілген жас буындар
Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар
Ұмытылмас мәңгілік батырларды
Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.

Батыр аға-апалар ұран еткен


Бейбіт ел боп қалсақ деп арман еткен
Қазақстан тәуелсіз ел болғанда
Қайрат,Ләззат,Сәбира қанын төккен.


2-оқушы:Сүйіпбаева Назерке
Қазақстан
Қазақстан елім бар мақтанарым
Қазақстан жерім бар шаттанарым
Көк аспанда желбіреп көк байрағым
Туып өскен жерімді мақтағаным.


3-оқушы:Ниязбек Аруна
Туған жер деп лүпілдеген жүректерді
Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен
Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем
Әр ұлттың өкілдері пана еткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет