4-оқушы:Қали Аққыз
Қол жеткізіп Тәуелсіз бұл күнге де,
Талай асау белдерден өткеніме
Ту,Елтаңба,Әнұран, Рәміздерін
Қазақстан елінің көзі еткен.
1-жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула,лаула,желтоқсанның мұзда жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.
Көркемсөз оқу « Желтоқсан алаңы » Қожамұрат Самал
2-жүргізуші:
Азат рухты мен шын сүйем,
Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием,
Жақсы күнге жете алмай шаһит болған,
Желтоқсан құрбанына басымды ием.
Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Ән: «Қасқалдақ» орындайтын Әлішер Әлмұхамед
Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы.
Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Айтжігіт Абылайхан
2-жүргізуші:
-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 20 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,
дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік!
1-жүргізуші:
Болашаққа серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт,
Тәуелсіздік ынтымақ
Тәуелсіздік еркіндік.
Достарыңызбен бөлісу: |