Тақырыбы: «Тыныс алу жүйесінің аурулары бар пациенттерді тексеру әдістері»



бет2/3
Дата22.11.2023
өлшемі461.32 Kb.
#484096
1   2   3

Пневмония кезіндегі ЕДШ

-ішпен жатып екі қолды айқастыра иектің астына ұстап шынтаққа тіреліп кеудені жоғары көтеріп демді ішке тартады,төмен түсіргенде-дем шығарады. -шалқадан жатып,өкше мен желкеге тіреліп кеудені көтеру. -орындыққа отырып екі жаққа алма-кезек қисайғанда қолдың ұшын жерге тигізу. -орындықта отырып кезекпен қолды артқа созу. -отырған қалыпта демді ішке тартып, екі қолды төмен түсіріп иілу. -түрігеліп тұрып екі қолды желкеге ұстап,екі жаққа қисаю. -еңкейіп екі қолдың ұшын қарама-қарсы тұрған аяқтың ұшына жеткізу.


Бронхоэктаз ауруы - орта және кіші бронх қуыстарының патологиялық кеңейюі және бронхтардың іріңді қабынуымен жүретін полиэтиологиялық ауру. Бронхоэктаз ауруында дренажды гимнастика қолданылады. Жаттығулар (шалқадан, қырынан, ішпен) жатқан қалыпта қақырықты шығаруға арналған аяқ - қол, кеуде, денені әр түрлі қозғалысқа келтіріп міндетті түрде жөтелу арқылы жасалады. Қақырықтың жақсы бөлінуі үшін кеуденің қақырық жиналған жерін алақанмен ұру арқылы жөтелдіреді.

Бронхоэктазия ауруында қақырық түсіру үшін қолданылатын жаттығулар - шалқадан жатып екі қолды жоғары көтеріп демді ішке алады. -іштің көк етін басып демді сыртқа шығарады. -қырынан жатып шынтақты көтереді. -шынтақты түсіріп кеудені қысады. -оң жақ қапталдан жатып сол қолды жоғары көтеріп дем алады. -алақанмен кеудені басып демді шығарады,ақырын жөтеліп қақырықтың түсүіне ықпал жасайды. -еңбектеп тұрып алақанға тіреліп көкіректі көтереді. -басын жерге тигізе еңкейіп көкіректі төмен түсіреді. -шалқадан жатып терең дем алып аяқты алма-кезек бүгіп жазады. -екі аяқты бірдей бүгіп ішке тигізеді. Бұл жаттығуларды орындағанда асықпай,байыппен тыныс алып қақырықтың көп түсүін қадағалайды.


Бронх демікпесі - инфекциялы аллергиялы ауру. Ол тыныс алу жолдарының тарылуынан , яғни бронхы бұлшық еттерінің кенеттен тарылуынан болады. ЕДШ-ның негізгі мақсаты бронхыларды босаңсыту, тыныс алуын қадағалап, кеуде қимылын арттыру. Демікпеге арнайы жаттығулар қолданылады. Демікпе ұстаған кезде демін сыртқа шығаруды созып,ұзартады. Сонымен қатар олар дыбыспен орындалатын жаттығулар жасайды. Алғашқыда дауыссыз дыбыстар , кейін дауысты дыбыстарды жалғайды. Алғашқы кезде 5-7 секунд , кейін 15-20 секундқа жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет