Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, мұның өзі организмнің етене қажеттіктерімен білдірілетін туа біткен сипаты болуы мүмкін, сондай-ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіктерді білдіретін жүре біткен сипаты да болуы мүмкін.
Туа біткен қажеттіліктердің арасында оқуға ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері мен мәліметтерге қажеттіліктер ерекше маңызды. Бала өмірінің алғашкы күндерінен бастап үздіксіз белсенділік жағдайында болады, күледі, қозғалады, қол-аяғын қимылдатады, жүгіреді, ойнайды, сөйлейді, шексіз сұрақтар қояды. Іс-әрекет адамды рақаттандырады. Адамның мәліметтерге қажеттіліктерін сынау үшін адамдарды белгілі бір уақыт бойына сыртқы дүниенің қандай да болсын әсерінен оқшаулаған тәжірибелер жүргізілген. Мысалы, адамды дыбыс, жарық енбейтін бөлмеде ұстағанда нәтижесінде елеулі интеллектуалдық, эмоциялық және еріктік бұзылыстар, ұстамсыздық, мұң, ызалану, түңілу, еріктік іс-әрекеттер жасау қабілетін жою, кейде тіпті жүйелі ойлаудың бұзылуы, галлюцинациялар пайда болады.
Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге әлеуметтік ортаның талаптары, соған лайық адамның күтулері мен мүмкіндіктері жатады.
Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен формаларын ұсынады. Мәселен, әке-шешесі баладан тамақты қасықпен ішуді, орындыққа отыруды, «рақмет» айтуды талап етеді. Мектеп оқушыдан сабаққа уақытында келуді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды, оның тапсырмаларын орындауды талап етеді. Қоғам жеке адамнан мінез-кұлықта белгілі бір моральдық нормаларды, адамдардың қарым-қатынасы формаларын сақтауды, белгілі бір жұмысты атқаруды талап етеді.
Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын объективті шарттар: үйде жақсы кітапхана болса, оқуға ынталандырады, себебі сондай мүмкіндік береді. Психологиялық талдау адамның мінез-қүлқы көбіне объективті мүмкіндіктерге тәуелді болатынын көрсетеді (әсіресе оның жеке басы мен жетекші әмірлік мақсаттары әлі қалыптаспаған болса).
Достарыңызбен бөлісу: |