Тақырыбы: Тұлға – саналы таңдау және өзін-өзі анықтау субъектісі ретінде. Жеке тұлға дамуы туралы теориялар



бет4/16
Дата05.12.2022
өлшемі58.82 Kb.
#466558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Тұлға саналы таңдау және өзінөзі анықтау субъектісі ретінде.

4. Мотивация туралы теориялар
1. Белсенділік көрсетуге негіз болатын себептер жүйесі туралы ілімдер.
2. Маслоу концепциясы.
Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин әр түрлі жағдайдағы мінез-құлық днамикасын түсіндіре отырып мотивация механизмінің түйсіну, қабылдау процестерімен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл болжамды одан әрі жалғастырған А.К.Маркова биологиялық қажеттіліктердің мотивациялық жүйенің қалыптасуына тигізетін әсерін анықтауға үлкен үлес қосты. Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап мотивацияны түсіндіру теорияларын көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты. Олардың теориясы бойынша адамның іс-әрекетіне негіз болатын нәрсе ол қажеттіліктер жүйесі. Олардың ішінде ең танымал және қазіргі кезде кеңінен пайдаланылатын А.Маслоу ұсынған қажеттіліктердің иерархиялық пирамидасы. Бұл концепция бойынша мотивация пирамидасының фундаментінен бастап жоғары қарай қарастырса онда келесі тізіммен көрсетуге болады:
1.физиологиялық (органикалық) қажеттіліктер (өмір сүру үшін ең керекті тамақ, тұқымын жалғастыру сияқты қажеттіліктер көрсетілген);
2. қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі;
3. өзгелермен бірге болу, қырында болу, ұнау және ұнату қажеттілігі;
4. табысты болу, құрметке бөлену қажеттілігі;
5. танымдық қажеттіліктер;
6. эстетикалық қажеттіліктер;
7. өзін-өзі жетілдіру қажеттілігі.
Жоғарыда аталған ғалымдардың басым көпшілігі мотивацияны зерттегенде жануарларға және адамдарға тән ортақ көрсеткіштерді тауып, сонан соң тек адамдарға тән мотивациялық жүйелерді бөліп көрсететін. Өткен ғасырдың екінші жасртысында Дж.Доллард, Д.Аткинсон, Г.Заккаузен, Х.Хекхаузен, В.Г.Асеев мотивацияны түсіндіретін бірнеше концепциялар құрды. В.Г.Асеев айтуы бойынша олардың барлығына ортақ ойларды келесі баптармен көрсетуге болады:
1. Жануарлар мен адамдардың мінезі мен жануарлардың қылықтарына негіз болатын мотивацияны ортақ концепциямен түсіндіру мүмкін емес деп табуы.
2. Жануарлар инстинктінің орын алуына негізгі себеп болатын ішкі қысымның төмендеуі адам үшін ешқандай мотивациялық рөл атқармайтындығы.
3. Белсенділік адамның табиғатына тән нәрсе және оның белсенділік көрсетуіне негіз болатын мотивация оның психикасымен байланысты деп табуы.
4. Адамның мінез-құлқында бейсаналық пен қатар саналы әрекеттердің жетекші рөль атқаратындығын мақұлдауы.
5. Адамның мотивациялық жүйесін зерттеуде тек адамдарға тән ерекшеліктерді белгілейтін ұғымдарды ендіруі (әлеуметтік қажеттіліктер, әлеуметтік мотивтер ұғымдарын ұсынғандар Д.Аткинсон, Г.Хеккаузен), өмірлік мақсаттар (Ю.Роттер, Х.Хеккаузен).
6. Адамның мотивациялық жүйесін зерттеуге жануарлар рефлекстерін зерттеуге пайдаланатын әдістерді қолдануды қолдамай, оларды адам мотивацияларын зерттеуге падалануға толық тиым салу (қоректену рефлекстерін, тоқпен ұоғыжу және басқа физикалық жәбірлеу әдістерін пайдалану).
7. Адам мотивацияларын зерттеуге тек адамдарға арналған және тілмен байланысты арнайы әдістемелер жасап шығару жолдарын іздеу.
Қорыта айтқанда адамның іс-әрекетіне негіз болатын себептер жүйесі өте күрделі:
А) органикалық себептер – адамның табиғи қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған (қоректену, баспана болу, киімі болу);
Б) функционалдық себептер – қамқорлықты қажет ету себептері, қарым-қатынас жасау себептері, оқу, мамандық алу;
В) материалдық себептер - өзі өмір сүретін ортадағы талаптарға сай материалдық байлықтарға ие болу;
Г) әлеуметтік себептер - әлеуметтік ортада лауазымды орындарға ие болу;
Д) рухани себептер - өзін өзі тәрбиелеп, салауатты өмір сүру, білімін жетілдіру, жан-жақты дамыған болу….
Психологияда әр түрлі іс-әрекетте табысты болу мотивациясы туралы теория жоғары дәрежеде зерттелінген. Авторлары Д.Макклелланд және Д.Аткинсон. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініші-сүйінішіне, ойлануына және ерік-жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне қарай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне бөленеді. Табысты болу мотивациясы басым болған адамдар өз алдына мақсат қойғанда оны міндетті түрде шеше алатынына сенімді болады. Сондықтан бұл қажеттілік адамдардың ойлау, шығармашылық қызметін тудыратын негізгі күш болып табылады. Алдына қойған мақсатты орындау үшін адам белгілі бір құралдарды табуға, ал соларға сүйене отырып, әртүрлі теориялық және практикалық міндеттерді шешуге бар күшін жұмылдырады. Сондай-ақ, ерік-жігер ықпалын да тудырып отырады. Ерік күші, табандылық арқасында адам өз мақсатына жету жолындағы қиындықтарды жеңеді және белгілі бір дәрежеде қажеттілікті қанағаттандырумен байланысты алға қойылған міндеттерді іс жүзіне асырады. Мұның барлығы ол адамда оң белгідегі эмоциялар тудырып келісімге келуге, табысқа жетуге құлшындырады.
Мотивацияның өрісі оның даму деңгейі өмірдің материалдық жағдайына байланысты. Адам саналы түрде өз қажеттіліктерін реттеп отырады және ол жануарлардан осы қасиетімен ерекшелінеді. Қажеттіліктерін реттей отырып, ол тек сыртқы жағдайларды ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы мінез-құлықтың моральдық нормаларын да ескереді. Сондықтан өз қажеттіліктеріне тойымсыз адам емес, өз қажеттіліктерін өзге адамдардың қажеттіліктері мен қоғам мүддесін ескере отырып, орнымен қанағаттандыратын адам тәрбиелі болып есептеледі.
Жоғарыда келтірген зерттеулердің барлығында мотивация негізінде қажеттілікті қанағаттандыру жолдарын іздеу екені көрсетілген. Мотивация жеке тұлғалық қажеттілікті қамтамасыз етуге немесе қайсыбір жағдайларда адам қоғамдық борышты сезінуді басшылыққа алады, үшіншісінде – белгілі бір дәрежеде сезім негіздеріне байланысты (махаббат, сыйластық, кек алу, жек көру тағы да басқалар) әрекет етеді. Сонымен қатар, әрбір ересек адамда жеке негізгі бағытты белгілейтін әлдебір жетекші қасиет те болады. Олардың бірі өз өмірінің мәнін ғылым жолындағы істен тапса, басқалары - өнер саласынан, ал үшіншілері – қоғамдық қызметтен табады. Әрине, бұл ретте әрбір адам өзінің халыққа неғұрлым көп пайда келтіретін салада еңбек ету парызын терең сезініп іске кірісуі немесе жеке бас пайдасын көздеп даңқ, атақ үшін, мансапқұмарлықпен келуі мүмкін.
Қ.Жарықбаевтың айтуы бойынша мотивация ретінде алуан түрлі жағдайлар көрініс бере алады: адамның өзі түсініп-ұққан қажетсіну мен мүддесі, оның дүние танымы мен сенімі, сезімі мен ой-ниеттері, яғни адамның белгілі бір моральдық-психологиялық жағы мен мұраты мотивация ретінде көрініс береді. Адамның іс-әрекет мотивтерін зерттеу жеке адамның моральдық-психологиялық мәнін түсінуде ерекше рөл атқарады. Біреулер өзінің қажеттігін қамтамасыз ету үшін адал еңбек етсе, басқалары - өз парызын түсіне отырып еңбек етуге ерінеді, ал үшіншілері – уақытша, өзінің көздеген мақсатына жеткенше ғана еңбек етеді.
Іс-әрекет барысында табысты болу немесе сәтсіздікке ұшыраудың адамның мотивациялық жүйесіне тигізетін әсері де әртүрлі. Табысты болу мотиві адамның іс-әрекетте кездескен қиыншылықтары оның мотивациясын күшейтеді, ал сәтсіздіктен қашу мотиві – қайрат-күшті төмендетіп, мәселені тағы бір орындап көруден бас тартады.
Балалардың оқу процесінде орын алатын мотивациялық жүйесі осы заңдалақтарға бағынады. Осы тұрғыда оқу мотивациясы қалыптасады. Бұл түп негіздерді үш категорияға бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет