Тақырыбы: Туған өлке. Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік


Барысы: Ұйымдастыру кезеңі



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі21.33 Kb.
#453963
1   2
туған өлке

Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

(Балалардың назарын сабаққа аудару.)


Жаңа сөздер:

Туған өлке – адамның туып-өскен жері, Атамекен

Көгілдір отын – газ

Күнкөріс – тіршілік, өмір сүру үшін еңбек ету

Төсіңде – бауырында, жанында

Жетістіктер – жағдайдың жақсаруы

Қолайлы – ыңғайлы, жайлы

Дендросаябақ – демалыс бағы

Мәңгі бақи – әрқашан

Перзенті – баласы

Ырысы – байлығы
Тәрбиеші:


  • Балалар, тәрбие сағатымызға байланысты, мына бір өлең шумағын бірге оқиық.

Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.


Тәрбиеші:__Балалар,_біздің_Республикамыз_қалай_аталады__Оқушылар'>Тәрбиеші:

  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?

Оқушылар:

  • Қазақстан Республикасы деп аталады.


Тәрбиеші:

  • Ал облысымыз қалай аталады?

Оқушылар:

  • Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы.


Тәрбиеші:

  • Дұрыс, балалар. Шымкент қаласында оқисыңдар. Бірақ әрқайсысыңның өз туған өлкелерің бар. Сендер туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушы:

  • Туған өлке – менің туып-өскен жерім.

  • Туған өлке – бұл менің ауылым.

  • Қазақтың ұлы ақыны Абай да ауыл баласы.


Тәрбиеші:

  • Міне, қазақтың батырлары мен хандары, ғалымдары да осы ауылын қанат қағып қияға ұшқан. Әрбір адам өз ауылын мақтан тұтады.

  • Ал, сендер өз ауылдарың жайлы не айтасыңдар?


Рамазан: - Мен Төлеби ауданында тұрамын.


Асқар:

  • Мен Түркістан қаласында тұрамын.

  • Түркістанда Қ.А.Яссауи кесенесі бар.


Бекзат:

  • Мен Ордабасы ауданында тұрамын. Біздің аудан егін шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады.


Сүйінбай:

  • Мен Сарыағаш ауданы, Абай ауылында тұрамын.

  • Біздің аудан егін шаруашылығына қолайлы.



Бақдәулет:

  • Мен Кентау қаласында тұрамын.

  • Кентауда кен өндіреді.


Эльдос:

  • Мен қаланың шетінде тұрамын. Ол жақта зообақ, дендросаябақ, шомылатын демалыс орындары бар.


Тәрбиеші:

  • Дұрыс, балалар. Әр аудан, ауылдардың өз күнкөріс, шаруашылығы бар. Қазір Қазақстанның барлық ауылдары да көптеген жетістіктерге жетіп жатыр. Сол жайында не айтасыңдар?


Оқушы:

  • Қазіргі кезде барлық ауылдағы үйлерге, мекемелерге көгілдір отын өткізіліп, интернет жүйесі қосылып жатыр.

  • Барлық ауылдарға су жүргізіліп жатыр.

  • Қазіргі заман талабына сай бала-бақша, үлкен мектептер салынып жатыр.


Тәрбиеші:

  • Ауыл жетістіктері жайлы да көп мәлімет біледі екенсіңдер. Енді осы ауыл жайлы өлеңдер оқиық.

  • Қане, кім өлең оқиды.


Оқушы:

Ауылым – ырысы мол – құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саяңда ойнап-өсіп, білім алып,

Алаңсыз біліп алып, ер жетемін.
Оқушы:

Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпаған.

Мен оның өзім ғана сезінетін,

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.
Оқушы:

Топырағына бабам тері тамған жер,

Перзентінің сағынышы болған жер.

Бәрінен де қымбатсың-ау, бәрінен,



Атамекен, туған жер.
Тәрбиеші:

  • Балалар, біз туған өлке дегенде көз алдымызға не елестетеміз?

  • Соны тірек сызба арқылы көрейік.


Тірек-сызба:

Тәрбиеші:

  • Біздің қазақта ауыл жайында ата-бабаларымыз қалдырған мақал-мәтелдер өте көп. Соған тоқталайық.




  1. «Ауылым – алтын бесігім».

  2. «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас».

  1. «Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық».

  1. «Жері байдың – елі бай».


Тәрбиеші:

  • Енді балалар, тақырыбымызға байланысты мына сөзжұмбақты шешейік.


Сөзжұмбақ «Ауылым»

  1. Қазақстанның бас қаласы.

  2. Киіз үйдің бір бөлігі.

  3. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы.

  4. Бағалы тас.

  5. Бірінші байлық ... .

  6. Мақтарал ауданының негізгі шаруашылығы.


Ән: «Ауылым».
Би.
Сабақты қорытындылау.

  • Балалар, бүгін біз не істедік?

  • Сұрақтарға жауап бердік.

  • Өлең оқыдық.

  • Сызба-тірек арқылы сұрақтарға жауап бердік.

  • Мақал-мәтел оқыдық.

  • Сөзжұмбақ шештік.

  • Ән айттық.

  • Би биледік.


Тәрбиеші:

  • Балалар, қоштасыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет