Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары


Емі. Негізінен симтоматикалық ем жүргізіледі. Патоанатомиялық өзгерістер



бет11/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Емі. Негізінен симтоматикалық ем жүргізіледі.
Патоанатомиялық өзгерістер. Өкпесі ісінген, бронхтарда көптеген сұйықтық бар. Құстарда жемсауы, қарыны, өнеші және қалқанша безі қабынады.
Алдын – алу шаралары. Кенедән күнжарасын мал азығы ретінде пайдаланатын жағдай туса, алдын ала залалсыздандыру керек. Азыққа кенедән тұқымдары араласқан деген күмән туса, рационнан алып тастайды.


Фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер.
Сарбасқурай. Ботаникалық сипаттамасы. Сарбасқурайдың жергілікті атауы: шырша, кудрявец, червячник.
Токсикологиясы. Сарбасқурайдың барлық түрлері улы немесе зиянды болып саналады. Сарымсақты сарбасқурай сүттің дәмін бұзатын өсімдік ретінде танылады.
Клиникалық белгілері. Жылқылардың сарбасқурайдан улануы жіті түрде өтеді және алғашқы белгілері шөппен азықтандырғаннан кейінгі 4-5 сағаттан соң біліне бастайды. Уланудың негізгі белгілері: тынышсыздану, сілекейдің көп бөлінуі, нәжіс алшағында ылғалды, кейін жартылай сұйықтануы, жалпы жағдайының күйзелуі, иық, арқа, бас бұлшық еттерінің тартылуы секілді белгілері көрінеді. Сонымен қатар жиі есінейді, астынғы еріні салбырайды, кісіней береді, зәрі аз бөлінеді, дене қызуы жоғарылайды.
Ауру түріндегі улану 5-7 күнге дейін созылады. Бұл кезде жануарлар жатып қалады, ал температурасы жоғарғы күйінде сақталады. Жеңіл түрінде уланған мал 2-3 күнде жазылып кетеді.
Балау. Бұл уланудың тұяқтың ревматикалық қабынуы кезіндегі белгілерімен сәйкес келетіндігін міндетті түрде ескеру қажет.
Емі. Симтоматикалық.
Алдын алу шаралары. Сарбасқураймен 1 пайыздан аса ластанған пішенді азық рационынан алып тастау, тұқымы піскеннен кейін малдың өсімдікті тамырымен қоса жеп қоюын болдырмау сияқты шараларды ескеру қажет.
Шәйқурай. Ботаникалық сипаттамасы. Кәдімгі шайқурай шәйқурай туысына жататын, биіктігі 40-60 см, шөптесін өсімдік. Тамыры қалың тармақты, сол тамыр тармақтарынан жыл сайын бірнеше өсімдік сабақтары өсіп шығады.
Шәйқурайдың уытты бастамасы эфир майлары: терпендер мен секвитерпендер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет