Тақырыбы Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Құрамында алоидтар бар өсімдіктер. Жоспары


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



бет19/32
Дата15.05.2024
өлшемі73.47 Kb.
#501179
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Лекция(8-15) Токсикология

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Әртүрлі формада өтуіне байланысты. Жүйкелік форманың патологиялық-анатомиялық өзгерістер көзге көрінбейді.
Алдын алу. Картоп қайнатындысының суын малға беруге болмайды. Буаз малға шикі картоп, барда берілмейді.


Қызылша және басқа құрамында азоты бар өсімдіктер
Мәдени және жабайы өсімдіктердің арасында топырақтан өз бойына көп мөлшерде азотты нитрат немесе нитрит түрінде жинақтайтын түрде көптен кезігеді.
Қызылшадан басқа бойына нитрат жинақтаитын өсімдіктерге астық тұқымдастар(қара бидай, сұлы, арпа бидай, жүгері, күн бағыс т.б) жатады.
Қант қызылшаның үстінгі бөлігін кесіп, сабағынан азықтандырғанда ауру туындауы мүмкін. Шошқалар қызыдшаны шикідей жегеннен уланбайды. Қызылша нашар буланғанда, баяу суытқанда қызылша құрамындағы азот қышқылы тұздары денитрификацияға ұшырайды да, күшті уларға жататын нитриттер түзеді.
Нитриттер кәдімгідей қызылша шикі күйінде шірігенде де түзіледі. Ірі қараны шіріген шикі қызылшасы мен азықтандырғандағы улану процесі осыған байланысты. Шошқалар үшін қызылша мен ас тұзынан улану ең қауіпті болып саналады.
Қызылшадан уланудың клиникалық белгілері.
Ірі қара мал. Ірі қарада қызылшадан улану жіті түрде өтеді. Кейде нәжіске қан араласады.
Шошқаларда улану ірі қараға қарағанда тез өледі. Бұл шошқалардың сезімталдығының жоғары екендігін дәлелі. Денесі сіресіп, шығынға ұшырайды.
Балау. Клиникалық көрініс пен анамнез мәліметтеріне қарап қойылады.
Болжам. Шошқаларда қолайсыз, шығын көп болады.
Емі. Қанға метилен көгін енгізгенде жақсы нәтиже беруі мүмкін. Оны малдың 1 кг салмағына 0,01-0,02 есебімен 2 %-дық ертіндісін құлақ көктамырына енгізеді.
Потологиялық-анатомиялық өзгерістер.кілегейлі қабықтар бозарған, паренхиматозды мүшелердің қантамырлары қанға толған. Қан қара немесе қара күрең түсті, кейде тіпті шоколод түстес, нашар ұйиды. Ішектер геморрагиялық қабынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет