Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Жаһандану кезеңінде тілді, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу жолында қызмет



Pdf көрінісі
бет136/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   181
1 2019

Жаһандану кезеңінде тілді, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу жолында қызмет 
еткен ғалым қазақ жеріндегі алғашқы тіл білімінің басталуына негіз болған А.Байтұрсынұлы 
еңбектерімен бірге, Қ.Жұбановтың тіл теориясына, тілді оқытуға, педагогикаға, психологияға және 
лингводидактикаға арналған құнды пікірлерін талдайды. Қ.Жұбанов қолданған танымдық әдістердің 
ерекшелігін Ф.Ш.Оразбаева: «Ғалым ұсынған тиімді әдістердің қатарында түйінді мәселеге көңіл аудару, 
сөзбен суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек процесімен байланыс, жүйелі ойға төселдіру, 
оқушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету және т.б. – 
бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып қана қоймай, қазіргі кезде басымдылық беріп отырған 
ізденістерге, дамыта оқытудың ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін қалаған ой-пікірлер 
болғанын аңғару қиын емес. Мәселен, қазіргі оқыту мәселелеріне байланысты қарастырып жүрген таным 
процесі – өмірге үңілдіру; проблемалы оқыту – оқушы алдында проблема қоя оқыту; пәнаралық байланыс 
– 
бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету; дамыта оқыту – жүйелі ойға төселдіру; тіл дамыту – 
сөзбен суреттеп көрсетудің негізгі бағыт-бағдарымен сәйкес келеді»[3;26]-деп тұжырымдайды.
Ф.Оразбаева «Қ. Жұбанов – қазіргі қазақ тілі кафедрасының негізін салушы»[6], «Қ. Жұбанов 
еңбектеріндегі тілдік қатынас мәселесі»[7], «Қ. Жұбанов еңбектеріндегі тілге көзқарас»[8], «Қ. 
Жұбановтың педагогикалық мұрасы: лингводидактика және әдістеме»[9] т.б. мақалаларында 
қазақ тілінің теориялық ерекшеліктері мен әдістемелік мәселелерге кеңінен тоқталады.  
Сонымен қатар, С.Аманжоловтың: «Тіл - амал құрал оның арқасында адам бірімен-бірі қарым-
қатынасқа енеді, пікір алысады және бірін-бірі түсініседі. Тіл ойлаумен тікелей байланысты 
болғандықтан, сөзді және сөйлемдегі сөздердің бірлігінде ойлау ісінің жетістіктерін тіркеп отырады. 
Демек, адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркеледі, сөйтіп адам 
қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды» [10;90] – деген пікірін толықтырып, қарым-қатынас адам 
психологиясының да қатысуымен жүзеге асатындығын Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас» атты еңбегінде: 
«Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл – 
қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады»[2;66]-
дейді. Ғалым С.Аманжоловтың ғылыми мұрасын «Профессор С. Аманжолов және тіл теориясы: 
өзектілігі, болашағы» [11], «Профессор Сәрсен Аманжолов мұрасының маңызы мен өзектілігі»[12] т.б. 
мақалаларында зерделейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет