* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар
Қалқанша без аурулары. Жемсау (ЗОБ). Жемсау (ЗОБ).— бұл қалқанша безінің әнтек зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін. Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде йодтың жетіспеушілігі баланың өлі тууына немесе ақыл-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен, мәселен, маниока сияқты организмді зоб ауруына шалдықтыруға бейім тағамдармен көп тамақтанбауы қажет.Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «мyха» - шырыш және «оідема» - ісіну) ауруына шалдығады. Аурудың белгілері:1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады; 2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді; 3) дене температурасы төмендейді; 4) жүрек соғысы баяулайды; 5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык зоб) ауруымен ауырады (18, ә-сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.
Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы) қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар. Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» - жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады; тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.Клиникалық белгілері.5 дәрежесі бар.
1- без көзге көрінбейді, бірақ без арасындағы мойны/ пердешік/ жұтқанда саусақ астында байқалады. 2- қарағанда жұтқанда без анық көрінеді, бірақ мойны өзгермейді. 3- без анық көрінеді, мойынның пішіні өзгереді. Мойын семіз мойын тәріздес. 4- мойынның пішіні қатты өзгерген, анық көрінетін жемсау. 5- без өте үлкен көлемге дейін өседі, өңешті, кеңірдекті қысады және қызметін бұзады. Адамның тырнағы сынғыш бола бастайды, қыздардың шашы көп түседі, адамның өкшесі жарылып кетеді. Науқастың шынтағы күс болып жүреді, йод адамның ойлау қабілетінің дамуына аса қажет болғандықтан, ағзада йод жетіспеуінің кесірінен оқушы балалардың үлгерімі төмендейді. Жиі әлсіздік байқалады. Әрбір ата-ана осы белгілер арқылы балададағы йод мөлшерінің дұрыс-бұрыстығын анықтай алады.Емі: Қазақстанда зобты емдеу жоғары деңгейде дамыған. Улы зобты емдеуде цитокинотерапия жасалынады, яғни организмдегі иммундық бұзылуларды реттейміз. Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің бөлігін кесіп алып тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді
Тироксин — гормонның түзілуі мен бөлінуін гипофиздің алдыңғы бөлігінен бөлшетін гормондар реттейді. Қанда тироксиннің концентрациясы қалыпты деңгейде болтан кезде, гипофизден бөлінетін гормонный мөлшері азаяды. Бұл тироксиннің қалыпты деңгейде болуына көмектеседі.