Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет12/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Мойынның даму ақаулары. Қисық мойын — бастың қиғаш орналасуымен сипатталатын мойынның деформациясы болып табылады: бас жарақаттанған жаққа иіледі, иегі сау жаққа бұрылады. Оның себебіне төс-бүғана-емізік бұлшықетінің қысқаруы немесе мойын омыртқаларының ауытқулары жатады. Емі. Консервативті емі — нәрестені ораған сайын денесін шынықтыру, мойынға массаж жасау және ортопедиялық бандаж (жаға) кигізу керек, физиоем тағайындалады. Хиругиялық ем — бір жастан асқаннан кейін, консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда жүргізіледі. Төс-бұғана-емізік бұлшықетін кеседі немесе оның сіңірін ұзартады және кеңірдектің алдында орналасқан шандырды тіледі. Операциядан кейінгі кезеңде қатты бандажбен мойынды бекітіп, массаж бен емдік дене шыныктыру тағайындалады. Мойынның орталық кисталарымен жыланкөздері қалқанша-тіл өзегінің қалдығы болып табылады. Олар тіл асты сүйегі мен қалқанша шеміршегінің жоғаргы қырының арасында дененің ортаңғы сызығының бойымен орналасады. Клиникалық белгілері. Киста домалақ пішінді, жұмсақ эластикалық консистенциялы, терімен жабысқан және жұтынғанда тіл асты сүйегімен бірге қозғалатын ісік ретінде байқалады. Киста қабынғанда шекарасы жоқ, ауырсынатын инфильтрат пайда болады. Ол іріңдеп, жыланкөздің дамуының себепшісі болуы мүмкін. Жыланкөздің жолын анықтау үшін, фистулография жүргізіледі. Емі — хирургиялық операция: киста мен жыланкөзді кесіп алып тастайды. Мойынның бүйірлі кисталары мен жыланкөздері қалқанша-жұтқыншақ өзегінің, желбезек доғалары мен саңылауының, жұтқыншақ қалтасының қалдығы болып табылады. Олар көмекей мен төс-бұғана-емізік бұлшықстінің арасында мойынның жоғарғы бөлігінде орналасады. Клиникасы мен диагностикасы мойынның орталық кисталары мен жыланкөздеріндегідей болады. Емі— киста мен жыланкөзді кесіп алып тастау.





Тақырып №3. Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің, жарақаттары мен аурулары.
Мақсаты
Тақырыпты оқып, білудің нәтижесінде білім алушы: Кеуде торы және кеуде қуыс мүшелерінің хирургиялық аурулары мен жарақаттарының себептерін, клиникалық белгілерін, БМК және емдеу принциптерін білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет