Тақырып №1. Бас,бет,ауыз қуысы, хирургиялық аурулары мен жарақаттары



бет38/39
Дата30.09.2022
өлшемі169.73 Kb.
#461674
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Та ырып №1. Бас,бет,ауыз уысы, хирургиялы аурулары мен жара ат

Дәріс тезистері.
Тік ішек ауруларының жіктелуі: 1. Даму ауытқулы- атрезиялар.
2. Зақымдалулар(ішпердесі ішінде және одан тысқары. 3. Бөгде заттар. 4. Қабыну-аурулары: Жедел басталатындар- проктит, парапроктит. Созылмалы- спецификалық, спецификалық емес.
5. Тік ішектің түсуі. 6. Геморрой: сыртқы, ішкі, бірінші, екінші.
7. Тік ішектің кілейгейлі қабатының жарылуы.
8. Басқа аурулары- тік ішектің қышымасы, құйымшақ ауырсынуы.
9. Ісіктер:

    • қатерлі (рак, саркома),

қатерсіз- липома, фиброма, миома, дермоидты киста, тератома, ангиома, полиптер, түкті ісіктер.
Парапроктит – тік ішек айналасындағы майлы шелдің қабынуы. Инфекцияның қоздырғыш микробтары / стафило, стрепто, энтерококктар, ішек таяқшасы т.б./, көбінесе аралас инфекция. Кіретін жолдары, жарық, жара, терінің аурулары.
Түрлері:

  1. тері асты;

  2. шырышты қабықшаның астында;

  3. тік ішек пен құйымшақ;

  4. жамбас пен тік ішек;

  5. тік ішектің артындағы;

  6. созылмалы – тік ішектің айналасындағы жылан көз /свищ/.

Клиникасы – парапроктиттің түріне байланысты болады. Көбіне тік ішектің айналасындағы тері қызарып, ауру сезімі үлкен дәретке отырғанда қатты болады. Қолмен ұстағанда қатты түйіршек білінеді, температурасы көтеріледі. Саусақпен тік ішектің бойын қарағанда инфилтрат /ісік/ байқалады.
Жамбас пен тік ішек түрінде қабыну процесі жамбастың түріне жайылады, сепсис жағдайына айналады.
Тік ішектің айналасындағы майлы шелдер іріңдеп, шаттың айналасында қатты ауру сезімі, өте жоғары температура, дірілдеу-тоңу болады.
Емдеу жолдары: Басында антибиотиктер беріледі, жылы сулы отыратын ванна қолданылады. Іріңдеген түрінде кесіп іріңді шығару керек. Кескенде тік ішектің сфинктерін жарақаттамас үшін жартылай дөңгелетіп кеседі. Емді іріңді инфекцияны емдегендей бағытпен жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет