Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика



бет4/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.29 Mb.
#124007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

3. Тінту немесе қарау тергеу әрекеттері кезінде суық қару табылып алынса, тергеу әрекетінің хаттамасына суық қарудың түрі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін белгілер жеткілікті көлемде бейнеленуі керек.

Суық қарудың материалдық бөлігін қарау оның құрылымы, кұрылысы мен мөлшерлерін өлшеуден басталады. Осы жерде бөлшектерінің толықтығына, жүзінің сабына бекітілу тәсіліне; қарудың белшектерінің қандай материалдан жасалғанына; заводтық сипаттамаларының бар-жоктығына, түсіне, беріктігіне (тегіс, кедір-бұдырлы, ара тісті); жүзінің түріне (қисық па, түзу ме), лезвие және ұшының қайралғанына, қайралу деңгейінің өткірлігіне; қаралып отырған қару қандай белгілі бір үлгідегілермен сәйкестігіне, ұқсастығына назар аудару кажет.

Алынған затты әрі карай суық қарудың белгілі бір түріне жатқызу арнайы анықтамалық альбомдар мен құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Объект суық қару болып табыла ма және суық қарудың қай түріне жатады деген сұрақты шешу үшін криминалистикалық сараптама тағайындалады. Ондай сараптама зерттеуге жіберілген затты (қаруды) жан-жақты бағалап, корытынды шығарып береді. Бұл, әсіресе колдан жасалған суық қару алынғанда өте маңызды көмек.

Суық қарумен қалдырылған жарақат қару түріне, әсер ету тетігіне және жарақат қалған материалдың өзіне де байланысты болады. Суық қарумен калдырылған жарақатты карап отырып, хаттамаға жарақаттың келтірілген жерін, кандай объектіде және объектінің қай бөлігінде қалғандығын, олардын мөлшерінін өлшемдерін, түр-қалпын, жарақат шеттерінің жағдайын белгілейді.

Суық қарумен түскен механикалық жаракат іздері бар киімдердің сараптық зерттеуінде келесі сұрақтар шешіледі: жарақат түрі қандай, қарудың қандай түрімен калдырылған; жарақатты калдырған қарудың топтық белгілері қандай (жүзінің түр-калпы, өлшемдері, бір жақ жүзі бар ма, не болмаса екі жа-ғынан да кайралған ба); олар зерттеуге жіберіліп отырған қару-мен қалдыру мүмкін бе еді?

Жаракаттың сараптық зерттеуі кезінде жаракат жеріндегі жіптердің шеттік бөлшектері микроскоппен қаралып зерттеледі.

Алынған жарақаттың нақты осы қарумен қалдырылғанын тексеру үшін жаракаттағы белгілерді, оның түр-қалпын, өлшемдерін қарудың сипаттамаларымен сәйкестіріп салыстырады. Қаруды зерттеу кезінде микро бөлінділерге (микробөлшектер, микрокылшықтар) үлкен назар аударылады. Қарудан алынған микробөлінділер жаракат бар киімнін жіптерімен салыстырылады; қаруда биологиялық бәлінді объектілері болғанда (қан, басқа да микромөлшердегі заттар) олардың сот-медициналық зерттеуі жүргізіледі. Суық қарудан түскен жарақаттарды және суық қарудың өзін зерттеу үшін кешендік сот-медициналық, криминалистикалық, физико-химиялық басқа да сараптамалар тағайындалуы мүмкін.

мдармен жасалғандар.

5-Тақырып Құжаттарды криминалистикалық зерттеу

1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде

2. Криминалистикалық колжазбатанудың түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері

3. Қолжазба белгілері мен үлгілерінің түсінігі.



1. Сан алуан қылмыстарды тергеу кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері, дәлелдемелік күші бар кұжаттармен жиі кездеседі. Бәрімізге мәлім қылмыстарды ашудағы технико-криминалистикалық құралдардың кеңінен колдануы, оның ішіндегі олардың құжаттарды зерттеудегі маңыздылығы да өте жоғары.

Дәлелдемелі заттар ретіндегі құжаттарды зерттеу басқа зерттеулерге карағанда сан жағынан ең көп түрлі бола тұрып, сот, тергеу, жедел-іздестіру кызметкерлері мен сарапшылардың жұмыстарында жиі кездесіп, кінәлілерді анықтаудағы, іздеудегі қылмыскерлерді табуда, қылмыстарды ашу мен тергеу мақсаттарын шешеді. Сонымен, құжат дегеніміз — криминалистиканың түсінуінде, белгілі бір объектінің ішіндегі жазбаша немесе басқа түрде бекітіліп кіргізілген маңызды мәліметтер немесе акпараттардың барлығы.

Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 123-бабына сай көптеген құжаттардың арасынан, тек оның ішіндегі қылмыстық істер үшін маңызды мәліметтері сақтайтындары ғана дәлелдеме болып табылады. Құжат деген ұғымға: жазбалы актілер, графикалық құжаттар (сызбалар, нобайлар, суреттер, фото-кұжаттар, кинокүжаттар, дыбыс және бейнежазулар) жатады. Құжаттардың ерекше түріне - дәлелдеме құжаттар жатады. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 121-бабынасай құжаттар дәлелдемелік заттар ретінде тек қана олар қылмыстармен байланысты болса, не болмаса олардың үстінде қылмыстың іздері сақталып, не болмаса қылмыс объектісі болса ғана жатқызылады. Басқа құжаттарға қарағанда, дәлелдеме-құжаттардың ерекшелігі — олардағы қылмыстың материалдық іздерінін сақталуы, мысалы, жасанды құжаттын парақтарының бетіндегі мәтінді өшіріп, тазарту іздері, ескі жазуға қосып жазу іздері, уландыру мен жуу іздері және т.с.с. Осыған байланысты істер бойынша өтетін дәлелдеме құжаттарды ауыстыруға болмайды, яғни олардың «ауыспаушылығы» маңызды. Мысалы, басқа жағдайларда құжаттардың көшірмесін немесе «ксерокопиясын» жасап, сол көшірме құжатты нотариустың мөрімен растап қолдануға болады, ал біздің жағдайда құжат «дәлелдеме» болғандықтан, оның тек қана төлнұсқасының дәл өзі қажет.

Жалпы алғанда сан алуан кұжаттардың барлығы екі түрге бөлінеді:

1) шындық кұжаттар;

2)жалған, жарамсыз немесе жасанды құжаттар. Растығы, шынайылығы белгілі бір мерзімге занды түрде көрсетілген кұжаттарды — шындық кұжат деп білу керек.



Жалған құжат — бұл шындық құжаттың ішіне жалған, өтірік мәліметтерді кіргізілген кұжат.

Жарамсыз құжаттар, бұл — мерзімі өтіп кеткен құжаттар.

Жасанды құжаттар, бұл шындыққа сай емес, яғни өтірік құжаттар. Құжаттарды жасандылаудың екі түрі бар:

1) интелектті жасандылау;

2) материалды жасандылау.

Интелектті жасандылау дегеніміз — бұл кұжаттардың түр-қалпы сақталып, бірақ оның ішіндегі мәліметтердің өтіріктігі, басқа сезбен айтканда құжат тиісті жерде толтырылып ішіндегі реквизиттер койылып, беріліп, оның ішіне жалған, өтірік немесе өзгертілген құқықтық мәлімдемелерді кіргізу.

Интелектті жасандылауды тек кана тергеу әрекеттерімен анықтап ашуға болады.



Материалды жасандылау дегеніміз — бұл құжаттардың растығын, шындығының дұрыс көрсетілмеуі. Криминалистикалық материалды жасандылау кұжаттарды мұкият тексерудің, караудың нәтижесінде тауып, анықтауға болады. Тергеу тәжірибесімен криминалистикалық сараптамада құжаттардың криминалистикалык зерттеуі криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде ғылыми және техникалық білімдердің жетістіктеріне сүйенеді.

Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің шарттары:

1.Қолжазу мен машинажазу орындаушыларын, кол қойған орындаушыларды идентификациялаудағы құжаттар мен онын бәлшектерін жасандылау тәсілдері мен жасалған уақытын анықтаудағы, жыртылған, өртенген (жанған) кұжаттардың мазмұнын анықтаудағы, өшірілген, жойылған, уландырылған және киын оқылатын немесе жай көзбен көрінбейтін құжаттардағы жазуларды, криминалистикалық зерттеудегі колданылатын, әдістемелер мен тәсілдерді одан әрі жетілдіру мен дамыту.

2. Қылмыстардың алдын алу мақсатында криминалистік техниканың бұл саласы арнайы қорғау құралдарын дамытып және екінші жағынан қылмыстық максатпен қолдана алмас үшін құжаттарды өзгеріс енгізілетін жағдайда ол өзгерістердің іздері қалатындай етіп жабдықтауда.

Криминалистика қазіргі кезеңде ғылыми және техника ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, құжаттардың криминалистикалық зерттеу әдістемелерін дамытып, қолданып жүр.

Зерттеу объектілеріне байланысты олар екі түрге бөлінеді:

1. Почерктің (қолжазба мәтіннің) криминалистикалық зерттелуі, яғни белгісіз түлғаны оның почеркінен идентификациялау, мысалы, койылған қолдың немесе жазылған колжазба мәтіннің авторын немесе орындаушысын аныктау.

2. Құжаттардың техника-криминалистикалық зерттеуі, яғни жазба материалдардың, құжаттардың жасандылау әдістерін, реквизиттердің өзгерістерін, бөлшектік жасандылауды, уландыруды, косып жазуды т.с.с. анықтау.

Құжаттардың криминалистикалық зерттелу нәтижесі олардың сақталған күйіне байланысты, яғни табылған кезіндегідей калпына өзгермеуімен байланысты. Дұрысырақ айтқанда құжаттар табылған кезінде сол қалпында өзгертілмей, криминалистикалық зерттеуіне жіберілуі өте қажетті шарттың бірі. Сондықтан да олармен жұмыс жасаудың келесі ережелерін сақтау қажет:

- құжаттардың түрі туралы мәліметті, хаттамада жан-жақты толық суреттеп жазу керек, кажет болса масштабтық тәсілмен фотографияға түсіру керек;

- құжаттардың сыртына, яғни беттеріне, кандай болмасын жазулар, колдар, жаңа бүктеулер немесе жыртулар түспеуі керек;

- құжаттарды, олардың көлеміне сай келетін конверттерде сақтау кажет;

- өртенген, жыртылған, ескірген құжаттарды мұқият сақтап, зерттеу кажет.

Ескірген құжаттарды таза екі әйнектің арасына салып, олардың шеттерін лейкопластырмен немесе изолентамен бекітіп жапсыру керек. Дымқылданған құжаттарды алдымен кептіріп, күн сәулесі түспейтін және ыстық жерлерден алысырақ сактап зерттейді.

Бөлшектеп жыртылған құжаттарды алдыменен жыртылған із сызықтарымен жинактап, мазмұндарын келтіріп, екі таза әйнектін араларына немесе целлюлоид парақтардың араларына бекітіп қою керек. Құжаттардың бөлшектенген жыртындыларын басқа қағаздың бетіне желімдеп жапсыруға болмайды, өйткені, біріншіден, ол бөлшектің арт жағы көрінбей қалады, ал, екіншіден, желімнін кұрамындағы заттардын кесірінен, әр түрлі дақтар пайда болып, уақыттың әсерінен жазулар мүлдем жойылып кетуі де мүмкін.


2. Қолтаңбаның криминалистикалық зерттелуі - бұл тұлғаның криминалистикалық сәйкестендірудің бір түрі. Ұқсас объект ретінде - нақты бір адам болып, ал ұқсастырушы объектісі ретінде - сезіктінің колжазба мәтіндері, колдары, колжазба үлгілері табылады.

Жазу, тілдің пайда болу кезінен көп уақыт өткеннен кейін туындады. Криминалистикалық теория бойынша жазу — бұл әдейі ойлап табылған шартты белгілердің көмегімен, адамның ақыл ойын бекітетін құрал. Жазудың бастапқы мақсатына алыс арадағылармен хат аркылы карым-қатынастық жасау мүмкіншілігінде еді (мысалы, тас бетіндегі таңбалар) және жазу кұрал ретінде ғасырлар бойы дамып, өзгеріліп отырған. Оның даму және жетілдіру процесінің ұзақ тарихы бар екені бәрімізге мәлім, сондай-ақ осы ұзак даму процесі кезінде жазудың материалдары, кұралдары, оның түрлері, графикалық белгілері өзгеріп отырып, казіргі уақытта кеңінен колдануда.

Қазіргі уақытта жазу қоғамның ең басты қарым-катынас құралы ретінде қолданылып, жазусыз әрі қарай даму мен өркендеудің мүмкін еместігі бәрімізге түсінікті.

Жазу сараптамалары осыдан бес ғасыр бұрын алғаш рет Рессейде «дьяктермен» жүргізілген. Сол кезден бастап, зерттеудін негізінде салыстыру әдістемесін қолданған. Сонымен қол нұсқыны дегеніміз не?

Қолнұсқыны — бұл, колжазбада бекітілген әдетті қалыптасқан қимыл жүйесі және бұл кимылдар жазу—жылжымалық машықтың негізінде қалыптаскан. Машық дегеніміз - тұлғаның тұрақты, жеке керекті кимылдарды орындауы, яғни кол саусақтарындағы жазу құралын кимылдатуы. Жазу—жылжымалық машық жазуды үйренумен бірге қалыптасады. Бұл процесс баланың сәби кезінде алғаш рет қолына қалам ұстап, жазуды үйренуден бастап балабақшада, мектепте одан кейін жоғары оку орындарындарда калыптаса отырып, 20-25 жастарда аяқталады.

Қолнұсқынының криминалистика үшін, екі маңызды сипаттамасы бар:

- даралығы;

- тұрақтылығы.

Осы сипаттамалардың негізінде жазу жазған тұлғаны идентификациялауға болады.

Қолтаңбаның тұрактылығы — өзгермейтіндігімен сипатталады.


3. Криминалистикада колданылып жүрген жіктелуге сай жазуды сипаттайтын екі топ белгілері бар:

1) жазу тілінің белгілері;

2) қол нұсқынының белгілері.

Жазу тілінің белгілері:

а) көрсету стилі (стилистикалықбелгілер);

ә) лексикалық белгілер (жазушынын сөз коры);

б)грамматикалық белгілері (жазушының грамматикалық деңгейі).

Қолтаңба белгілері екі түрге белінеді:

- жалпы;

- жеке.


Жалпы белгілер — жазушының жазу кимыл машықтарының барлық жалпы жүйесін сипаттайды.

Жеке белгілер — жазушының жеке өз колтаңбасындағы бөлек бір бөлшектерін (элементтерін) сипаттайды. Сонымен катар жазудың бірдейлестіру кешенінің негізін осы жеке белгілердің жиынтығы құрайды. Яғни колжазба мәтінді кім жазғаны туралы салыстыруға, қорытындылауға мүмкіншілік береді.

Почерктанулық сараптамаға жиналатын құжаттарды дайындау маңызды мезгіл болып саналады. Осы кезде жиналатын құжаттар:

- қолтанба сараптамасын жүргізу туралы каулы;

- зерттелетін жазулар мен колдардың иесі туралы қысқаша анықтама;

- жазу үлгілерін дайындау.

Қолжазбаны жазғанды дұрыс анықтау үшін тексерілетін материалдардың қолжазу үлгілерінің, колдардын дұрыс жиналуы қажет. Үлгі ретінде қолданылатын, тексерілетін тұлғалардың қолжазбалары үш түрге бөлінеді, олар мынадай:

- еркін;

- эксперименталды;

- еркін-шартты.

Еркін үлгілер деп қылмысты іс қозғалғанға дейінгі жазылған тексерілетін тұлғанын, жазу мәтіндерін білуіміз керек.

Эксперименталды - арнайы сараптама үшін жазылған тексерілетін тұлғаның жазулары.
Еркін-шартты үлгілер — тексерілетін тұлғаның қылмысты іс козғалғаннан кейінгі жазулары, бірак сараптамаға әдейі жазыл-маған мәтіндер, мысалы, сезіктінің түсініктемесі немесе өз колымен жазылған жауабы.

Құжаттарды алу мен үлгілер ретінде тіркеуді Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 203-бабымен сай жүргізілу керек.



Құжаттардың техникалық-криминалистикалық зерттелуі.

Құжаттарды техникалык-криминалистикалык зерттеу - бұл криминалистикалық техниканың саласы бола тұра келесі объектілерді зерттейді: құжаттардың әр түрлі реквизиттерін (колтаңбаны карастырмайды), типографиялық және машино-жазбалы мәтіндерді, мөр, мөртабанмен қойылған таңбаларды, жойылған немесе өзгертілген жазуларды және т.с.с.

Құжаттардың техникалық-криминалистикалық зерттеу объектілері, мыналар:

а) құжаттың жасалған материалы — қағаз, картон, сия, паста, қаламдар, типографиялық бояу және баска да материалдар;

ә) құжаттардың реквизиттері — колжазбалы, машиножазбалы, типографиялық, мөртаңба мөрлердің таңбалары, тұлғаның қолдары, фотокарточкалар және т.с.с.

Криминалистикада құжаттардың толык немесе бөлшектік жасандылауы бізге белгілі.

1. Толық жасанды құжатты дайындау барысында қылмыскерлер типографиялық литераларды, көбейтетін техниканы немесе фотографиялық жолмен сурет арқылы және басқа сол сияқты әдістерді қолданып құжаттардың толық бланкасын, реквизиттерін (мөрлердің таңбаларын, тұлғаның колдарын, фотографияларды) колданады.

2. Бөлшектік жасандылау — шындық құжаттың реквизиттерін қасақана оймен өзгерту.

Құжаттардың бланкілерін жасандылау мен олардың белгілері:

а) қолмен суреттеу арқылы. Белгілері — әріптердің стандартқа сай еместігі, сызықтардың қисықтығы.

ә) резеңкеден немесе сол тәрізді материалдардан клише қыйып дайындау және әр түрлі типографиялық литераларды колдану. Белгілері — әріптермен баска белгілердін шекарасындағы анықтығы еместігі, сияның боздығы мен ағылуы, штрихтарда кейбір әріптердің айналы (аударылып түсу) көрінісі;

б) электрография және фотографиялық тәсілдер. Белгілері — фотографиялық қағаздың жылтырауы, жасау кезіндегі масштабты сақтамағандықтан, әріптермен белгілердің өлшемдерінің келіспеушілігі, электрографиялық штрихтардың шекараларының нақты еместігі, құжаттың бетіндегі кажеті жоқ жерде нүктелердің кездесуі, штрихтардың бояуының біркалыпты еместігі, қағаздың барлық бетіндегі майда нүктелердің пайда болуы.

Тұлғаның қолдарын техникалық жасандылау кезінде, көбінесе көшірмені қолданады. Көшірменің келесі түрлерін колданады:

- көшірмелік (копировка) кағазды колдану;

- свет арқылы кешірмесін суреттеу;

- штрихтарды басып алып, оның үстінен салу;

- аралық клишені қолдану.

Белгілері: кейбір жерлердегі екі штрихтар, көшірмелі кағаздың қалдықтарының болуы, басып жасалған штрихтарда терең іздермен шығып тұрған іздердін. көрінуі, жай қимылдың іздері.

Құжаттарды бөлшектік жасандылау мен олардың белгілері. Құжаттарды бөлшектік жасандылау, толық жасандылауға қарағанда жиі кездеседі. Қылмыскерлер, көбінесе фамилиясы, туған жылын, берілген жері мен мерзімдерді өзгертуге тырысады. Ол үшін шынайы құжаттардағы жазуларды толык немесе бір бөлігін жойып өзгертеді.

Бөлшектік жасандылауға келесі әдістер жатады:

- өшіріп тазалау;

- уландыру мен жуу;

- қосып жазу және алғашқы мазмұнын өзгерту;

- парақтармен фотокарточкаларды өзгерту.



Өшіріп тазалау құжаттың мазмұнын өзгерту мақсатындағы кейбір сөздерді, әріптерді, белгілерді немесе элементтерді, механикалық, жою немесе өшіру, тазалау.

Уландыру — химиялық реактивтерді колдану арқылы құжаттардағы сияларды толық немесе бөлігін кетіру.

Жуу керек емес штрихтар ерітіліп алынады. Ерітуге суды, одеколондарды, спиртті, ацетонды колданады.

Қосып жазумен өзгерту — кұжаттардағы өшірілген сөздердің орнына жаңа сөздер немесе әріптер, белгілердің қосылуы және әріптерге, белгілерге жаңа штрихтар қосып жазу, яғни өзгерту.

Құжаттардың фотокарточка мен парақтарын айырбастау. Азаматтарға берілетін құжаттарды қорғау үшін олардын бланкілеріне жапсырылған фотокарточкалары арнайы өкіметтің мөртаңбасымен бекітіледі және мөртаңбасының бір шеті бланкте болса, екінші жағы фотокарточканы бекітіп тұрады. Көбіне колданатын бөлшектік әдіс ретінде қылмыскерлер фотокарточканы ауыстыруды қолданады.

6-Тақырып Адамның сырт бейнесі жөнінде криминалистикалық ілім. Криминалистикалық тіркеу.

1. Криминалистикалық габитология жоне оның ғылыми негіздері

2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі

3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі және әдістері

4. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және құқықтық негіздері

5. Криминалистикалық тіркеудің түрлері

6. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары
1. Адамның сыртқы белгілерін сипаттаудың сілтемелері криминалистика ілімінде пайда болмас бұрын әдеби шығармалар-да кеңінен пайдаланған. Көбінесе адамды сипаттау барысында жазушылар белгілі жүйеге қарамастан, өздерінің қарапайым, күнделікті пайдаланып жүрген сипаттауды келістіріп жүзеге асырған.

Габитоскопия негізінде кылмыскерлердің бет әлпеті белгілері мен сыртқы пішінінің белгілерін сипаттау арқылы ұстауы көне заманнан бастап қолданған, бірақ, кеңінен тарамаған. Осы тұрғыда XVIII ғасырда Ұлыбритания мен Франция мемлекеттерінде бас бостандығынан айыру орындарында, сол мекеменің қызметкерлерінің бақылауымен кылмыскерлерді жабыктүрдегі шерулерін өткізу арқылы полиция агенттеріне қылмыскерлерді түр-әлпетін естеріне сақтап калуларына ықпалын тигізіп, сонымен қатар олардың арасынан бұрын сотты болғандарды айқындауға септігін тигізіп отырған. Себебі мекеменің күзетін қамтамасыз етіп отырған тұлғалар қылмыскерлердің бет әлпетін, жүріс-тұрысының белгілерін жаттап естеріне сақтап отырган. Ал криминалистика іліміне габитоскопия кейіннен XIX ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтқанда 80 жылдары белгілі Француз ғалымы Альфонс Бертильонның жасаған еңбектерінін нәтижесінде қылмыспен күресуші органдарында адамның сыртқы бетәлпетін сипаттаудың жүйесі пайда болды. Бұл жұмысы «сөздік портрет» атауымен жарық көрді де, кейіннен фото-портретті идентификациялайтын сараптамаларда кеңінен қолданылды, сонымен қатар айта кететін бір мәселе бұл «сөздік портрет» жүйесін жедел-іздестіру барысында колданылуы.

Көптеген тергеулік және жедел іздестірушілік шараларды жүзеге асыру барысында, құқық органдарынан бой тасалап кеткен кылмыскерлерді, сонымен қатар жазасын өтеу жерлерінен кашып кеткен қылмыскерлерді іздеу мен ұстау барысында, тану үшін көрсету мен куәландыру, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіруді жүзеге асыруда, бастапқы ақпараттарды жинастыру барысында атқаратын қызметі өте зор.

Габитоскопия деген сөз латын және грек тілінің екі сөзінен құралған біріншісі - латын тіліндегі (габитус) сыртқы келбеті, ал екіншісі — грек тіліндегі (скопия) қараймын деген екі сезден құралған. Осы жоғарыда көрсетілген жайттарды ескеріп, 2001 жылы жарық көрген Б.М. Нұрғалиев пен А.О. Шакеновтің «Криминалистика» атты оқу қүралында берген түсініктері бойынша криминалистикалық габитоскопия деп адамның сыртқы келбетініңтүрлі бейнеде суреттелініп қалу заңдылыктарын оқып-үйрететін және қылмыстың алдын алу, тергеу мақсаттарында сырт-келбет туралы мағлұматтарды пайдалану кезінде қолданатын техникалық кұралдар мен әдістерді дамытатын криминалистикалық техниканың саласын айтамыз.

Негізінде криминалистикалык техниканың осы тарауына қатысты көптеген ғалымдардың жұмыстары бар, оларды атап кететін болсақ, олар: Р.А. Рейсс, В.А. Лебедьев, Н.С. Бокарин, С.М. Потапов, Н.В. Терзиев, Н.И. Якимов, А.А. Гусев, В.А. Снетков, З.И. Кирсанов, П.Г. Орлов, А.П. Пересункин, А.М. Зинин, И.Ф. Пантелеев, П.П. Цветков деген ғалымдарды атап кеткен жөн болар. Осы ғалымдардың жұмыстарына токтала келіп, криминалистикалық габитоскопияның келесі тұрғыдағы түсінігін беруге болады.

Адамның сырткы келбетінің әр түрлі көріністе сакталып қалу зандылыктарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу оның алдын алу максатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық криминалистік тәсілдерді кұрастырушы криминалистикалык техниканың саласы.

Криминалистикалық габитоскопия дегеніміз, бұл — қылмыстарды алдын алуда, ашуда және тергеуде маңызы бар ақиқатты айқындау үшін белгілерді қолдануына мүмкіндік беретін әдістеме ретінде адамның сыртқы келбетінің материалдық және идеалды бейнелері туралы ілім бола тура, кршиналистикалық техника тарауының бір саласы болып табылады. Антропологиялық жалпы және сот медицинасының, адамның морфологиялық, криминалистикалық техниканың дамып, жетілуімен сот фотосурет-еуі мен тергеулік, жедел-іздестірушілік және сараптамалық тәжірибенің жетілуінің нәтижесінде криминалистикада габитоскопия ілімі туралы оқу пайда болды десе де болады. Криминалистикалық габитоскопияның негізіне: адамның ажары, бейнесі, жүзі, көркі, көрінісі, нұсқасы, рабайы, сұры, тұрпаты, шырайы, әлпеті, өңі, өн-түсі, үсті-басы кіреді. Осы сипаттың барлығын бір сөзбен айтқанда адамның бет-әлпеті кіреді десек қателеспейміз.

Криминалистикалық габитоскопияның затына келесілер кіреді:

- адамның сыртқы келбеті туралы криминалистикалык ілімнің түсінігі, оның қасиеттерін, белгілерін және элементтерінің жайттары туралы мағлұматтарды толығымен оқып үйрету;

- адамның сыртқы келбетінің түрлі бейнеде суреттелініп қалуының зандылықтарын окытып үйрету;

- адамның сыртқы келбеті туралы мағлұматтарды жинау, айқындау зерттеу және қолданудың жалпы заңдылықтарын, қажетті әдістер мен құралдарды пайдалану негізіндегі жайттары туралы мағлұматтарды толығымен окып үйрету;

- криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін адамның бас сүйек қалдықтары бойынша алғашкы келбетін қалпына келтіру.

Ғылыми-техниканың ұдайы ілгері жылжуына байланысты криминалистикалық габитоскопияға қатысты адамның бет әлпетін қылмыстарды тергеу, ашу, оларды алдына алу барысында қолданылатын техникалық құралдар және ол белгілерді дұрыс пайдаланудың тактикалық тәсілдері өзгертіліп, жетілдіріліп және оларды колдану өрісі ұлғайып отырды. Осы себептер қылмыстарды тіркеудің жаңаланған тұр-әлпетті сипаттайтын тәсілінің жүйесінің пайда болуына әкеліп соқтырды. Соттық фотосуреттеуді пайда болуына байланысты қылмыскерлердің сыртқы келбетін сипаттаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болып, оларды суретке түсірумен қатар бет әлпетін сипаттау әрекеттері бірдей жүзеге асырылып отырылды. Кейіннен криминалисти-калық мақсаттарда адамдардың сыртқы келбетін сипаттаудың және фотосуреттік бекітудің катаң ережелері пайда болып, портреттік сараптама және адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін қалпына келтірудің ғылыми негізделген әдістемесі қалыптасқан. Адамның бас сүйегі бойынша тұлғаның бет-пішінін калпына келтірудің ғылыми негізінін әдістемесін Ресейде атақты орыс ғалымы Герасимов іске асырған.

Криминалистикалык тұрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілерін пайдалану, кылмыстарды ашу мен тергеу барысы бағыттарының басқа да мүмкіндіктерін кәрсетеді. Атап айтқанда бұл криминалистикалық түрғыда жүйелендірілген адамның сыртқы келбетінің белгілері келесі міндеттерді шешу үшін қажет:

а) қылмыс субъектілерінің жеке басын тексеру мен куәландыруда;

ә) қылмыстық істің ашылуы мен тергеуіне байланысты сол іс бойынша мүдделі және мүдделі емес тұлғалармен танысу үшін;

б) қылмыс жасап, сот және қалмыстық із кесу органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен тұлғалардын іздеуін ұйымдастыру барысында жеке басы анықталмаған мәйіттердің табылғанында;

в) жазасын етеу жерінен қашкан қылмыскер тұлғаларды іздеуге (жергілікті, республикалык және ТМД-лық іздеуге) жариялауда және іздестіру кестесін толтыру барысында;

г) мәйіттер мен адамдарды тану үшін көрсету барысында;

д) куәлардың, қылмыс оқиғасын ез көзімен керген тұлғалардың, жәбірленушілердің айтуы бойынша жеке басы анықталмаған қылмыскерлердің қиысты (композициялық) суреттерін салу үшін;

е) криминалистикалық сараптаманы, сот портреттік сараптаманы және фотосәйкестіру әдісін қолданып жүргізілетін сараптамаларды жүргізу барысында;

ж) сүйек калдықтары (бас сүйек) бойынша мәйіттің жеке басын анықтау үшін тірі күйіндегі калпына келтіру (реконструкциялау) барысында.

Габитоскопия криминалистикалық ілім ретінде адамның сыртқы келбетінің қалыптасуы заңдылыктарын айкындайды, сол адам келбетінің элементтері мен белгілерін жүйелендіреді, қылмысты жасауға катысы бар немесе хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздестіру, анықтау мен идентификациялау үшін адамның сыртқы келбеті туралы мәліметтерді жинау мен пайдалану кұралдары мен тәсілдерін даярлайды.

Адамның сыртқы келбетінің белгілері, сол тұлғаның барлык өмір сүру барысында аса қатты өзгерістерге ұшырамай, тұрақты болып отырады. Негізінде бұл тұжырымды жоғарыда атап кеткен Француз ғалымы А.Бертельен: «адамның антропологиялық белгілері бойынша тіркеуді жүргізу қажет»,- деген. Дегенмен бұл аталып отырылған белгілер өзгеріске ұшырайтыны айқындалынған. Негізінде адамның дене бітімі 25 жасқа дейін өзгеріске ұшырап дене бітімі калыптасады. Сол мезеттен бастап адамның сырқы келбеті өзгеріске ұшырамайды.

Адамньщ келбетінің даралығы, өзгеріске ұшырамауы және тұрақтылығы, ақпараттар көздерін жинактау барысында материалды (объективті) және идеалды (субъективті) келбетінің белгілері арқылы кайта калпына келтіруге мүмкіндік тудырып, оның маңызы өте зор болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет