Тақырып 2: Әлеуметтану теорияларына кіріспе



бет3/3
Дата05.09.2023
өлшемі179 Kb.
#476643
1   2   3
тақырып 2

Карл Маркс (1818–1883)
Карл Маркс 1818 жылы Германияда дүниеге келген. Философ
экономист және қоғам қайраткері 23 жасында философия докторы дәреже­сін алды. Радикалды көзқарастарына байланысты ол ешқашан профессор болмады және өмірінің көп бөлігін қуғында және жоқшылықта өткізді (Маклеллан, 2006).
Маркс XIX ғасырға тән кедейлік пен теңсіздікке қарсы шықты. Замандастарының көбінен айырмашылығы – ол кедейлікті табиғи құбылыс немесе Құдайдың жазғаны деп мойындамады. Оның орнына ол кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырды. Нәтижесінде, өзінің күш-жігерін сол жүйені түсінуге және жоюға арнады. Маркстың идеяларының басым бөлігі әлеуметтанушыларға қарағанда саясаттанушылар мен экономистерді көбірек қызықтырды. Бірақ оның идеялары экономикалық жүйе, әлеуметтік конфликт және әлеуметтік өзгеріс тәрізді құбылыстардың маңызына әлеуметтанушылардың назар аударуына зор ықпал етті.
Маркс кез келген адамзат қоғамының ең негізгі элементі – оның экономикалық жүйесі деген сенімде болды. Оның пайымдауынша, бұл жүйе барлық әлеуметтік және саяси құрылымдардың негізін құ­райды. Мысалы, дәстүрлі ауылшаруашылық қоғамдарында әдетте қожайын басты экономикалық ресурс – жерге ие болады. Нәтижесінде, әйелінің күйеуіне қарсы шығуға құқығы жоқ, ал балалары әкесі жар таңдап, үйленуге рұқсат бермейінше шаңырақ көтере алмайды.
Маркс мұраға таласудың әулеттегі жанжалға негіз болатыны сияқты, бәсеке де қоғамның экономикалық топтары арасында конфликттудырады деп санады. Сол замандағы ғалымдардың басым көпшілігі қоғам бірқалыпты әрекет етеді, ал әлеуметтік өзгеріс бола қалған жағдайда баяу және бейбіт түрде дамиды деп пайымдады. Маркс, керісінше, әлеуметтік өзгерістерді экономикалық мүдделері қарсы келген топтардың арасындағы конфликтің нәтижесі деп санады. Шын мәнінде, қоғам қайраткері және ғалым ретінде Маркс конфликтерді 
өршітуден және байларды әлсіретіп, жұмысшыларға лайықты өмір сүруге мүмкіндік беретін (коммунистік) революцияны жандандырудан үміттенді.
Маркстың айтуынша, кедейлер мен байлардың қарама-қарсы экономикалық мүдделері – міндетті түрде конфликтіге әкеледі, мәселен, азық-түлік бағасының өсуіне қарсы Египеттегі көтеріліс сияқты.

Эмиль Дюркгейм (1858–1917)
Эмиль Дюркгеймнің өмірі Маркстың өміріне ұқсас болды. Алайда Маркс Англияда қуғынға ұшыраған кезде, Дюркгейм Францияның ең таңдаулы университеті – Сорбоннада профессор болып қызмет етті. Дюркгейм қоғамды жоққа шығармай, оны мойындады. Оның зерттеулері қоғамның тұрақтылығын сақтауға және тұрақты қоғамның 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет