Тақырып 2: Материалдық нүкте динамикасы Негізгі сұрақтар



бет1/8
Дата23.09.2023
өлшемі301.77 Kb.
#478409
  1   2   3   4   5   6   7   8
file-1737


Тақырып 2: Материалдық нүкте динамикасы
Негізгі сұрақтар:

  1. Классикалық механика. Ньютон заңдары.

  2. Инерциялық күштер. Кориолис күші. Серпімді күш. Үйкеліс күші.

  3. Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

  4. Космостық жылдамдықтар.

  5. Ауырлық күші және салмақ.

  6. Салмақсыздық, асқын салмақ, олардың тірі ағзаға әсері.



Динамика деп күш әсерінен денелердің қозғалуын зерттейтін теориялық механиканың бөлімін атайды. Динамикада нүктенің, дененің қозғалысы күшке және нүктенің, дененің инерттігіне байланысты деп қарастырамыз.
Бақылаулар мен тәжірибелер денелердің қозғалысының өзгеруі денелердің өзара әсерлесуі кезінде бір-біріне қозғалыс беруінің нәтижесінен болатындығын көрсетеді.
Мысалы, жерде жатқан тас адам келіп көтеріп алғанша ол жермен салыстырғанда тыныштық қалпында болады.
Масса – материяның инерциялық және гравитациялық қасиетін анықтайтын физикалық шама. Латынның massa – үйінді, кесек деген сөзінен алынған.
Денелердің өзара әсері күш деп аталатын физикалық шама арқылы сипатталады.
Күш – материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипатптайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Күш денеге үдеу береді. Күштің әсерінен дене деформацияланады.
Нәтижесінде денелер үдеу алатын не деформацияланатын әсерлесуді күш деп атайды. Күш динамикалык, статистикалық түрден көрінеді. Күш векторлык шама болғандықтан ол шамасы және бағыты арқылы анықталады.
Ньютон дене қозғалысының өзгертетін себеп тек сыртқы күштер екенін тәжірибелер арқылы зерттеп дәлелдеп, динамиканың негізгі заңдарын тағайындады.
Кез келген денеге сырттан күш әсер етпесе ол өзінің бір қалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін не тыныштық күйін сақтайды Бұл Ньютонның бірінші заңы делінеді. Үстірт қарағанда бұл заң күнделікті бақылап жүрген тәжірибеге қарсы келетін сияқты. Өйткені біз тәжірибеде кез келген механикалық қозғалыстың ортаның кедергісінің нәтижесінде баяулайтындығын кереміз, Бірақ үйкеліс азайған сайын жылдамдық баяу кемиді. Ақырында үйкеліс жоқ болса, жылдамдық тұрақты болады деген тұжырымға келуге болады.
Денелердің өзінің тыныштық қалпын немесе бірқалыпты қозғалыстағы күйін сактау қасиеті инерция делінеді.
Ал Ньютонның екінші заңы күш, m масса, үдеу арасындағы байланыстарды қарастырады. Дене қозғалысының өзгеруінен пайда болған үдеу сол қозғалысты өзгертуші күшке тура, ал дененің массасына кері пропорционал болады.
Тәжірибелер F = сonst, m = const болса, үдеу де = сonst болатындығын көрсетеді. Сонымен қатар тәжірибелер нәтижесі, егер масса m = const болса, күш F артқан сайын үдеудің артатындығын, ал күш F=сonst болғанда масса m артып отырса, онда үдеу кеміп отыратындығын көрсетеді. Масса дененің инерттілігінің өлшеуіші.
Үдеудің күшке тура, массаға кері пропорционалдылығы төмендегідей формуламен беріледі
(3.1)
Бұл Ньютонның екінші заңы деп аталады. Тәжірибе жүзінде тағайындалған бұл заңның дұрыстығын Ньютонның бірінші заңы да дәлелдейді.
Ньютонның II заңы жалпы түрде мына түрде жазылады
(3.2)
Дененің массы мен жылдамдығың көбейтіндісі қозғалыс мөлшері делінеді.

Ендеше деп жазуға болады, яғни қозғалыс мөлшерінің уақыт бойынша туындысы күш делінеді.
(3.2) формуланы
(3.3)
деп жазуға болады және бұл формула - элементар уақыт аралығында ғана дұрыс болады.
Ал уақыт аралығында дене жылдамдығын -ға өзгертетін болса және F=F(t) түрде тәуелді болса, онда
(3.4)
деп жазуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет