Тақырып 2: Материалдық нүкте динамикасы Негізгі сұрақтар



бет2/8
Дата23.09.2023
өлшемі301.77 Kb.
#478409
1   2   3   4   5   6   7   8
file-1737

Ньютонның III заңы: денелер бір-бірімен шамасы жағынан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы күшпен әсерлеседі:
(3.5)
мұнда -бірінші дененің екінші денеге әсер күші; -екінші дененің бірінші денеге әсер күші.
Әсер және қарсы әсер күштерінің түсу нүктелері әртүрлі (әр денеге әсер етеді) бірақ бір түзудің бойында жатады.


Механикадағы күштер түрлері
Тең әсерлі күш –– денеге әсер ететін күш жүйелерінің әсеріне тең эквивалентті күш.
Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсер етуші күші – өзара перпендикуляр осьтердегі кұраушы күштердің қосындыларына тең, ал бағыты бағыттаушы косинустармен анықталады.
Кеңістіктегі үш жинақталған күштің тең әсер етуші күші (күштер параллелепипедінің ережесі) –– осы күштерге тұрғызылған параллелепипедтің диагоналімен бейнеленеді.
Ауырлық күші (F = mg, мұндағы m — дененің массасы, g — еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен 9,8 м/с2-ка тең) деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күштің әрекетінен еркін денелер Жерге құлайды. Денелердің ауырлық күішінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Мысалы, доптың ауада жерге түсуін еркін түсу деп есептеуге болады. (Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азрақ болатындықтан, оны ескермеуге болады.)

Денелерге әсер ететін сыртқы күштер беттік, көлемдік, қадалған, таралған т.б. түрлерге ажыратылады. Беттік күш деп денеге беті арқылы берілетін күшті айтады.
Инерция күші – векторлық шама. F = ma, мүндағы m – материалды нүктенің массасы, a-оның үдеуі.
Кризистік күш ‑ сырықтың тепе-теңдік қалпынан ауыткуына сөйкес келетін сығу күшінің ең аз мәні.
Бойлық күш тік күш, созылу және сығылу кезінде білеудің көлденең қимасында пайда болатын ішкі күш. Бойлық күш сан мәні бойынша қиылған сырықтың кез келген бөлігінде (сол не оң), сырық өсіне өсер өтетін барлық сыртқы күштер проекциясының алгебралық қосындысына тең, яғни N = ΣҒlz. Созылу кезіңдегі бойлық күшті оң деп санаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет