Қарым қатынас түрлері
Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді.
1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Вербальды мінез-құлық
Қарым-қатынас кезінде әрқайсымыз вербалды және вербалды емес мінез-құлықты пайдаланамыз. Біз ақпаратты сөйлеу арқылы ғана емес, әртүрлі құралдар арқылы да жеткіземіз. Бұл мақалада біз вербалды және вербалды емес мінез-құлықты егжей-тегжейлі қарастырамыз. Сіз қарым-қатынас туралы көптеген қызықты фактілерді үйренесіз, сонымен қатар бірқатар құнды кеңестер аласыз.
Вербальды мінез-құлық сөз арқылы сөйлесуді қамтиды. Ерте балалық шақтан бастап біз өз ойымызды логикалық түрде жеткізуге үйретеміз, сондықтан ересек адам әдетте оларды білдіруде қиындықтарға тап болмайды. Әсем сөз, шешендік тәжірибе арқылы меңгеріледі.
Алайда, біз айтқан сөздің тек 7 пайызы ғана сөздегі мағына арқылы басқаларға қабылданады. Қалғаны бейвербалды реакциялар мен интонация арқылы. Іскерлік қарым-қатынаста, бір қызығы, ең маңызды фактор - сөйлеу емес, тыңдай білу. Өкінішке орай, әңгімелесушінің айтқанына мән беруді көбіміз үйренбейміз.
Эмоциялар мен фактілерді тыңдаухабарламаны толық тыңдау. Осылайша, адам өзіне жеткізілген ақпараттың түсіну ықтималдығын арттырады. Бұған қоса, бұл ол спикерлердің айтқанын құрметтейтінін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |