Тақырып. «Арнайы педагогика» Кіріспе. Арнайы педагогика теориясының жалпы сұрақтары


З.Арнайы білім берудің статистикасы



бет7/68
Дата29.05.2022
өлшемі262.77 Kb.
#458770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Та ырып. «Арнайы педагогика» Кіріспе. Арнайы педагогика теориясы

З.Арнайы білім берудің статистикасы

Мүмкіндігі шектеулі балалар санының жылдан-жылға еселеніп бара жатқанын Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мамандары да


жасырмайды. Осыған байланысты елімізде бірқатар бағдарлама бойынша жүмыстар жүргізіліп жатыр. Бүл бағдарламаларда мүгедек балалардың элеуметтік жағдайы, білім алуы, денсаулығы, жүмысқа орналасуы сынды бірқатар мэселелер қарастырылған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы аса алаңдатып отыр. Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы бойынша, жоспар соңына дейін Қазақстандағы мүгедек балалардың 100 пайыз білім жэне тәрбие алуына жағдай жасау көзделіп отыр. Әзірге бүл пайыздық өлшем бар болғаны23,3пайыздықүрайды. Қазақстанда бір мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, жалпы, мектеп
жасындағы жэне мектеп жасына дейінгі балалардың сапалы білім және тәрбие алу мэселесі өзектілігін әлі жоя қойған жоқ. Қазақстан Республикасы Білім жэне ғылым министрлігі эзірлеген «Қазақстан балалары» бағдарламасында келтірілген мэліметтерге сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың 27,6 пайызы ғана балабақша жэне өзге де мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелеріне қамтылған. Ал олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар 1пайызды да қүрамайды. Сондай-ақ ресми мэліметтер бойынша, республикада мектеп жасындағы 150
мың мүмкіндігі шектеулі бала бар. Ал оларға арналған арнайы білім мекемелері бар болғаны 101 ғана. Басқаша айтқанда, аталмыш білім
мекемелерінде 17 030 бала білім алса, қалған 130 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жас «Ильич шамының» жарығынан қағылып отыр. Бүған
интеллектуалдық кеш жетілушілік пен психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларды қоссақ, мэселенің өзектілігі өзі-ақ айқындалып шыға келеді. Өйткені республика бойынша жалпы білім беру мекемелерінің бар болғаны 766 сыныбында ғана ондай балалардың білім алуына жағдай жасалған. Қазіргі таңда республикада психикалық ауытқушылығы бар 6883 бала осы сыныптарда білім алып, тэрбиеленуде.
Айта кетер тағы бір жайт, Қазақстанда, негізінен, мүгедек балалардың жалпы білім алуына ғана жағдай жасалып келеді. Ал олардың салаланып, жеке дара өнер не ғылым, спорт, басқа да шығармашылық салаларға бет бүруына тиісті жағдай жоқ. Интерактивті қүралдарды, интернетті айтпағанның өзінде, халықаралық «Вайдекс» мүгедектер үйымының мәліметіне қарағанда, мүмкіндігі шектеулі балалардың 20 пайызы ғана компьютерде жүмыс істей алады екен. Сондықтан Қазақстанда талантты мүгедек балалардың салалық білім алуына жағдай жасалуы қажет. Ал ондайлар бізде жоқ емес. Мэселен, бірқатар халықаралық байқаулардың жүлдегері, талантты суретші, қүлағы элсіз еститін Анар Әбжанованың айтуынша, ол осы саладағы үлкен жетіс-тіктеріне қарамастан, Өнер академиясына түсу үшін алдымен өз қаржысына репетитор-аудармашы жалдауға мәжбүр болған. «Қүлағы элсіз еститін балаларға арналған мектепті тэмамдаған соң, Өнер колледжінде оқып, содан кейін ғана академияға түсуге мүмкіндік алдым. Өйткені маған арнайы білім беретін мамандар жоқ. Ал білім алу үшін аудармашыны өзім жалдауым керек болды», -дейдіА.Әбжанова. «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығының төрайымы Аманбике Өсербайкызының айтуынша, Қазақстанда мүгедек балаларға бастауыш жэне орта білім беру ошақтарының саны жеткіліксіз. Барының өзі Кеңес дэуірінде
салынып, дәстүрлі оқу процесіне машықтанып алған мектептер болып табылады. «Мектептерде мүлде сапалы маман кадрлар жоқ деуге болады. Кейбір салалық пэндерді оқытатын мүғалімдерді емге де таппайсыз. Әсіресе, ағылшын, тереңдетілген математика пэндерін қазір балаларға қол-қимыл тілінен хабары жоқ үстаздар үйретіп жатыр. Олардың эдісі сол – тақтаға сөздің ағылшыншасын және орысша не қазақша аудармасын жазып қояды. Ал оның не мағына беретінін оқушыға қолмен жеткізуге мүғалімнің қарымы жетпей жатады. Сондай-ақ елімізде мүгедектердің жоғары білім алуы да жолға қойылмаған. Бүрын жастардың Ленинград, Санкт-Петербург қалаларында білім алуына арнайы жолдама берілетін. Қазір оның бірде-бірі жоқ. Ал Кеңес дэуірінде салынған арнайы жоғары оқу орындарының бәрішекараның арғы жағындақалды»,дейдіА.Ерғалиева.
Көп жағдайда мүгедек балаларға қажетті жағдайды мемлекеттік білім беру мекемелері емес, жекеменшік ұйымдар жасап жатқандай көрінеді. Айталық, «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы кейінгі екі жылда тендер үтып алу арқылы балаларға гранттар сыйлап жатыр. Өткен қос жылда жалпы саны 167 грант мүмкіндігі шектеулі балаларға табыс етілген. Сол арқылы мүгедек балалар Алматы сервис колледжі, Алматы политехникалық инс-титуты, Таңсықбаев атындағы көркемөнер колледжінде білім алуда. Өкініштісі, Алматы сервис колледжінен өзге оқу орындарында балаларға сурдоаудармашы не басқа да көмекшілер қарастырылмаған. Ресми мэліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 101 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сауықтыру, білім және тэрбие беру мекемелері жүмыс етеді. Одан өзге жекеменшік сектордағы бірқатар арнайы білім ошақтары бар. Олардың көбі ірі мегаполистерде шоғырланған. Ал Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 26 мектеп-интернат жүмыс істейді. Өкініштісі, бүлардың бэрі де мемлекет карамағында емес, кейбірі түрлі элеуметтік топтарға арналған білім жэне тәрбие ошақтары болса, кейі жеке кэсіпорындардың қаржыландыруымен ашылған. Бүл дегеніңіз - мемлекет өз балаларына толыққанды сапалы білім беруде әлеуметтік топтарға бөлінуге жол беріп отыр деген сөз. Десе де, жоқтан бар жақсы. Алматы -республикада мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің көп шогырланған аумағының бірі болып табылады. Қаладағы №1 қүлағы естімейтін және нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат директорының тэрбие ісі жөніндегі орынбасары Мэрияхан Көдекқызының сөзіне қүлақ түрсек, интернатта 150-ге жуық бала тәрбие алады екен. «Мүндай арнайы мектептерде 1 сыныпта 6-7 баладан ғана оқытылады.
Оларға арнайы дыбыс үдеткіш аппараттарын қолданамыз. Өкініштісі, қазір республикадағы қай арнайы осындай не мектеп, не интернат болмасын, оқу технологияларымен толықтай, тіпті қажетті деңгейде де жабдықталмаған. Білім ошақтары тек мұғалімдердің ізденістері аркасында ғана жұмыс істеп тұр», - дейді М.Көдекқызы. Расымен де, құлағы нашар еститін, көзі элсіз көретін балалар үшін тиісті білім алуға көмек көрсететін арнайы қүрылғылар жетімсіз екеніне көз жеткіздік. Ондай қүрылғылар негізінен Ресейден экелінеді. Ал қытайлық сапасыз, есесіне арзан аппараттардың жарамдылық үзақтықтары бір жылдан аспайды екен. Бүл жайында айтқан №4 қалалық көзі нашар көретін жэне мүлдем көрмейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернат директоры Қадырбек Нышанүлы мүгедек балаларға қатысты тағы да бір мэселенің ұшығын шығарды. Оның айтуынша, интернатта білім алатын балалардың 90 пайызы - ауыл балалары. Ал оның тең жартысы - көзі мүлде көрмейтін балалар. Оларға тек тифлопедагог мамандар ғана білім бере алады. Өкініштісі де сол, мүндай мамандар республикада жоқтың қасы. Себебі еліміз ондай мамандар даярлаумен айналыспайды екен. «Интернатта кеңестік дэуірде осы мамандықты игеріп қалған үш қана білікті маманымыз бар. Ертеңгі күні олардың орнын алмастыратын жаңа кадрларды қайдан алатынымызды білмей, дал болып отырмыз» дейді интернат директоры. Мүгедектерге қатысты мәселенің түйіні бір мүнымен тарқатылмайды. Сөз етілмеген жайттар өте көп. Бастысы - онсыз да мүмкіндігі шектелген балалардың екінші мүмкіндігін мемлекет шектемесе екен дегіміз келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет