Тақырып. «Арнайы педагогика» Кіріспе. Арнайы педагогика теориясының жалпы сұрақтары


Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесі



бет64/68
Дата29.05.2022
өлшемі262.77 Kb.
#458770
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Та ырып. «Арнайы педагогика» Кіріспе. Арнайы педагогика теориясы

4. Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқыту жүйесі.

70 жылдың басына қарай арнайы белгіленген мектепке дейінгі мекемелердің барынша кең, сараланған торабы жасалды, яғни бақшалар; балалар бақшалары; мектепке дейінгі балалар үйлері; жалпы белгіленген яғни бақшалардағы, балалар бақшасындағы жэне балалар үйіндегі, сол сияқты арнайы мектептермен мектеп-интернаттағы мектепке дейінгі топтар.


Арнайы мектепке дейінгі мекемелер торабының қалыптасуы мен дамуы барысында ғылымдар мен тэжірбиелер дамуында ауытқушылығы бар балаларды анықтау түзету мен алдын алу қағидалары мен тэсілін жасады, қазіргі уақыттада да арнайы мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі толығымен қүрылған мектепке дейінгілерді (түзету) коррекциялық оқытумен тэрбиелеудің көптеген дэстүрлері берілген. Арнайы мектепке дейінгі білім беруді қүрудың мынадай үйымдастырылған қағидалары белгіленген.
Дамуындағы негізгі ауытқушылықтың принципі (қағидасы) бойынша мекемелерді жинақтау. Мектепке дейінгі мынадай балаларға арналған мекемелер (топтар) осылай күрылады:
Есту қызыметі бүзылған (саңырау, нашар еститін );
Көру қызыметі бүзылған (соқыр, көзі нашар көретін көзі қитар жэне амблиопия балаға арналған);
Сөйлеу қызметі бүзылған ( түтығып сөйлейтін, сөйлеуі жалпы жетілмей қалған, фонетика-фонематикалық дамымай қалған балалар үшін );
Интеллекті бүзылған балалар (ақыл-есі кем ); Тірек-қимыл аппаратты бүзылған балаларға арналған.
Көпшілік балалар бақшасымен салыстырғанда топтардын толтырылуы аз ( 15 тэрбиелеушіге дейін).
Мектепке дейінгі арнайы мекемелер штатына олигофренопедагогтарды сурдопедагогтарды, тифлопедагогтарды, логопедтерді, сол сияқты қосымша медицина қызыметкерлерін енгізу. Мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру процесі дамуында ауытқушылығы бар мектеп жасына дейінгі эрбір бала категориясы үшін жасалған жэне РФ білім министрлігі бекіткен оқыту мен тэрбиелеудің арнайы комплекстік (жиынтық) бағдарламаларына сэйкес жүзеге асырылады.
Тәрбиешілер мен дефектологтар арасындағы сабақ түрлерін қайта бөлу, сөзді дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қүрастыру, ойын қызметін дамыту сабақтарын арнайы мектепке дейінгі мекемелерде тэрбиешілер емес, мүғалім дефектологтар өткізеді. Естуді қабылдау жэне дыбысты айтуды түзету, көруді қабылдауды дамыту, емдік дене мәдениеті жэне т.б сияқты арнайы сабақ түрлерін үйымдастыру. Осыған үқсас жүмыс бағыты, жалпы дамыту сабақты мазмүнына кіретін эдеттегі балалар бақшаларда да бар, жэне ереже бойынша, сабақ торабында қүрылымдық бөлінбейді.
Ақысыздық (тегін). Ата-аналардың балаларының әдеттегі балалар бақшасына баруы үшін кейбір төлемдер төлейтіні белгілі.
Дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін жағдай жасалған олардың ата-аналарынан ешқандай ақы үсталмайды. Бүл туралы КСРО ағарту министрлігінің 04.06.74ж №58 м.Дене немесе психикалық дамуы жағынан кемістігі бар балаларға мемлекеттік есептен көмек беру туралы хатында айтылған.
Көрсетілген қүқық сол күні осы күжатпен реттеледі.
Арнайы мектепке дейінгі мекемелердегі барлық жүмыс бір мақсатқа бағындырылуы тиіс болды -олардың потенциалды мүмкіндіктерін барынша жүзеге асырып, «проблемалы» балаларды тәрбиелеуде жанүяға көмектесу.
Екіншіден, қоғамдық мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігін жоятын жеткілікті түрде кең көлемді диагноздар тізімі белгіленді. Сөйтіп, арнайы мектепке дейінгі мекемелерге дамуында біріктірілген, жиынтық ауытқулары бар балаларды қабылданады. Мысалы, есту қызметі бүзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге көру қызметі мен есту қызметі бүзылған ақыл-есі кем балаларды қабылданады. Бүл уақытта көру қызметі немесе интеллекті бүзылған балаларға арналған мекемелерге саңырау мен қүлағы нашареститіндерді қабылдамады. Мүндай балаларға көмек көрсету жеке білім беру мекемелерінде жүзеге асырылды жэне Ресейдің эрбір аймағында емес одан басқа, эпилепсиядан, шизофрениядан, психопатқа үқсас мінез-қүлықтан зардап шеккен, имбецильдік жэне идиотия деңгейіндегі ақыл-есі кем балалар, жеке күтімді қажет ететін тірек-қимыл аппараты бүзылған балаларды қабылдамайды. Мүндай балаларды тэрбиелейтін жанүялар олардың білім алу қарым-қатынасынан өз күштерімен айналып өтуге мәжбүр болды жэне көбінесе медициналық іс-шаралармен шектелді. Сол сияқты баланы бақшаға тек 2жастан бастап, ол балалар бақшасына Зжастан бастап бөлуді айтып кетеміз. Ерте жас кезеңіндегі балалар денсаулық сақтауды назарға алудың объектісі болып табылады және іс жүзінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.
Сөйтіп, мамандандырылған мектепке дейінгі мекеменің қү_рылған торабы жалпыға ортақ мектепке дейінгі білім беру жүйесіне үлес қосты.
1992ж қабылданған РФ-ң «Білім туралы» Заңы жэне 1995ж қабылдады «РФ-ң Білім туралы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» федералды Заңына Ресейдегі білімді үйымдастырудың жаңа мемлекеттік принциптерін енгізді, арнайы білім берудің бірқатар үйымдастыру қүқықтық аспекттерде де өзгерістер енгізді.
Ең алдымен бүл мектепке дейінгі білім беру мекемелері (МДБМ). Баласы қалыпты дамып жатқан ата-аналар үшін балалар бақшасы - бүл, ол басқа балалармен араласа алатын, ойнай алатын, ата-аналары жүмыста кезде уақытты қызықты өткізе алатын, жаңа бір нэрселерді біле алатын орын. Дамуында ауытқуы бар балаларды тэрбиелейтін жанүялар үшін балалар бақшасы мүндай балалардың толыққанды дамуы үшін қажетті жағдай жасалған жалғыз орын болуы мүмкін.
РФ Үкіметінің мектепке дейінгі білім беру мекемелері туралы 01.07.95ж сэйкес, МБМ 2 айдан 7 жасқа дейінгі балаларды тэрбиелеу, оқыту, күтім жасау және сауықтыруды қамтамасыз етеді. Дамуында ауытқуы бар балалардың басым көпшілігі кемістіктің орнын толтыру түріндегі балалар бақшасында және біріктірілген түрдегі орнын толтыру топтарында тэрбиеленеді. Бүл мектепке дейінгі мекемедегі оқыту мен тәрбиелеу дамуында ауытқуы бар балалардың эрбір категориясы үшін жасалған арнайы түзету-дамыту бағдарламасына сэйкес жүзеге асырылады.
Топтың толтырылуы кемістік түрі мен жасына байланысты белгіленеді (екі жасқа сай топтар: Зжасқа дейін жэне Зжастан жоғары) жэне балаларға сәйкес күрады:
- сөйлеу қызметі ауыр бүзылған - бжасқа дейін жэне 10 адам;
- сөйлеу қызметі фонетико-фонематикалық бүзылған - тек Зжастан жоғары жэне 12 адамға дейін;
- саңыраулар - 6 адамға дейін, 2жасқа сай топ үшін де;
- қүлағы нашар еститіндер - бжасқа дейін жэне 8 адам;
- соқырлар - 6 адамға дейін, екі жасқа сай топ үшін де;
- көзі нашар көретіндер, амблиопиясы бар, көзі қитар балалар үшін - бжасқа дейін және 10 адам;
- интеллекті бүзылған (ақыл-есі кем) балалар - бжасқа дейін жэне 10 адам;
- психикалық дамуы тежелген - 6 жасқа дейін жэне 10 адам;
- ақыл-есі өте кем балаларды тек 3 жастан жоғары- 8адамға дейін;
- туберкулез (қүрт ауруы) интоксикациясы бар балалар - 10 жасқа дейін жэне 15 адам;
- жиі ауыратындарды - Южасқа дейін жэне 15 адам;
- күрделі кемістіктері бар балалар - 5 жасқа дейін, екі жасқа сай топ үшін;
- дамуында басқа да ауытқуы бар балалар - Южасқа дейін жэне 15 адам.
Дамуында ауытқуы бар, әртүрлі себептермен дағдылы режимдегі мектепке дейінгі мекемеге бара алмайтын балалар үшін, МБМ-де аз уақыт болатын топтар үйымдастырылды. Мүндай топтардың міндеті мүндай балаларға уақытылы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, олардың ата-аналарына (заңды өкілге) баланы тэрбиелеу мен оқытуды үйымдастыруда кеңес беру эдістемелік қолдау, балаларды элеуметтік бейімдеу және оқу қызметінің
алғышартын қалыптастыру. Мүндай топтарда сабақ көбінесе жеке немесе шағын топтармен (2-3 баладан) ата-аналарының қатысуымен, олар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі. Бүл жаңа үйымдастыру формасы, жалпы үзақтығы аптасына бес сағатпен шектелген, МБМ-ң эртүрлі мамандарды өткізетін сабақтарды жобалайды.
Дамуында ауытқушылығы бар мектеп жастына дейінгі балалар мектеп жасына дейінгі жэне кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру мекемелеріне бара алады.
Жалпы типтегі білім беру мекемелері 3 жастан 10 жасқа дейінгі балалар үшін қүрылады. Мекеменің негізгі мақсаты- мектеп жасына дейінгі жэне жалпы бастауыш білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету жолымен білім беру процесін, балаларды сақтау мен денсаулығын нығайтуға, дене жағынан жэне психикалық дамуы үшін тиімді жағдай қүру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет