Тақырып: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы


Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын



бет21/22
Дата03.01.2022
өлшемі221.41 Kb.
#450826
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Қазіргі заман тарихы 1

Ресейлік кәсіпкерлер көбінесе өз капиталдарын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін фабрика-зауыттарға бағыттады. Ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланумен қатар алтын, тас көмір, мұнай сияқты пайдалы қазбаларды өндірумен айналысты. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру XIX ғасырдың 30—40-жылдарынан басталды. Бұл кезеңде Спасск зауыты, Успенск және Жезқазған кеніштері жұмыс істеп жатты.

Көптеген бай кен орындарын қазақтардың өздері тапты. Мысалы, 1833 жылы Апақ Байжанов деген кедей қазақ Қарағанды аймағында тас көмір кенін тапты. Бұл кен орыны Игілік Өтепов деген байдың жайылымында орналасқан еді. Әтепов бұл кен орнын 250 сомға Ушаков деген көпеске сатады. Екібастұз тac көмір кенін жұмысшы Қасымов ашты. Екібастұз көмірі Ертіс су кемелері мен Сібір темір жолында үлкен сұранысқа ие болды.

XIX ғасырдың соңында тау-кен өнеркәсібі шетелдіктердің қолына өте бастады. Австриялық ақсүйек Турн-Такме Риддер мен Алтай түсті кен орындарына қожалық етті. Атырау ауданындағы мұнай орындары француз Нобель дегеннің қол астына қарады. Шетелдіктер аса зор пайдаға кенеліп, арзан жұмыс көзі арқылы өлкенің қазба байлықтарын тонаумен айналысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет