Тақырып Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқытудың әдістері Жоспары: «Педагогикалық технологиялар»


- әрекетінің әдіс - тәсілдері мен қүралдарын үйымдастыру жэне қолдану геориясы



бет3/4
Дата28.09.2023
өлшемі28.79 Kb.
#478922
1   2   3   4
lek 2

- әрекетінің әдіс - тәсілдері мен қүралдарын үйымдастыру жэне қолдану геориясы.
Сонымен, гехнологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік эдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің де-рбес бағыты болып табылады екен.
Енді, білім беру технологиясының белгілі анықіамаларын қарастырайық:
1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғүрльш жоғары жетістіктерге жету үшін қарым - қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолда-ры;
2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады.
Жалпы педагогикалық - педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен объектілерінің әрекет алгоритімі кіреді.
Салалық /пәндік/ - бір пән шеңберіндегі оқыту тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локалъдік /модулъдік/ - жеке әрекеттер технологиясы , ұғымды қалыптастыру: дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы : жаңа материалды меңгерту технологиясы: қайталау бақылауды ұйымдастыру технологиясы: жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Салалық /пәндік/және локальдық/модульдік/деңгейлеп оқыту әдісімен үндес, тек айырмашылық технологияда процесуалдық өлшемдік, сапалық және вариативтік- бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі.
Технология әдістемеден оқыту әрекетерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педогогика теориясы мен оқу тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпаратттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде:

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс қазіргі заманғы компъютерлік құралдарға ығысып орын беруде

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде,оның жан дүниесінің баюына,азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде:

  • мектеп, отбасымен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда:

  • қоғамдық білім мен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде:

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық - педагогикалық бағыттағы негізі ой тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл ойды дамытатын оқуға көшу:

  • білімнің статистикалық үлгісінен ақыл – ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу:

  • оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламалардан жекелеп саралап оқыту бағдарламасына өту .

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияланы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік , адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педогогикалық лексикономызға берік еніп келеді. «Технология- бұл қандай да болсын істегі , шеберліктегі өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лехачев педагогикалық технологияны оқу процессіне белгілі - бір мақсат ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал технологиялық үрдісті нақты педагогикадық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикадық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрлым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым –қатнасының өзегі, мазмұны ұйымдастырушы құрылымы.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология- бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин «Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу рет»,- деп анықтайды.
Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз мақсатты-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негіңзінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұны мен формы , әдіс амалдарының, дидактикалық талаптарының психологиялық педагогикалық нұсқаулардың жиыны. Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқу тәрбие процессінің шығармашылық пен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі компонент.
Бұл технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігінде қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденсияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірбиелерінде жүйелі қолдапнуға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажмырата алмайды.Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М Поташник ұсынған критерийлері.
-елдің аймақтың, қаланың талап тірегі - мектепке әлеуметтік сұраныс:
-мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар мемлекеттік сұраныс:
-қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары:
-педагогикалық озық тәжірбие :
-мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірбиесі,интуициясы, шығармашылығы:
-мектептің жұмысүрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан технология таңдау барысында.
-алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігімен нақты жағдайға сай болуы.
-жүйелілігі.
-тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексикононды педгогикалық оқыту технология терең тамыр жайды.
Технология Tehne искусство, ремесло, мастерство, учение- деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
«Технология- өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы»,-деп шетерл сөздерінің қысқаша анықтама берілген. Педагогикалық технология –педаготгиткалық мақсатқа жету үшінпайдаланылатын барлық дара ,инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жииынтығының жүйесін білдіреді.
Технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі / Монахов В.М./.
Педагогикалық технология- практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы /Беспалъко Б.П./.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет