Тақырып: Дәмділіктер. Дәмдеуіштер. Тұз Дәмдік тауарлар



бет4/6
Дата03.01.2022
өлшемі21.88 Kb.
#451117
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
16 Дәмділіктер. Дәмдеуіштер. Тұз

Зімбір, жанжабіл (имбирь)- Тропиктік өсімдіктің кептірілген тамыр сабағы. Өзіне тән иісі және дәмі бар. Құрамында эфир майлары бар. ‡гітілген зімбірден гөрі үгітілмегенінде хош иіс ұзағырақ сақталынады. Кейбір тағамдар мен кондитер өнімдеріне қосып дәмін кіргізуге пайдаланады. Шығыс Азияда, Оңтүстік Америкада, Австралияда, Африкада, ‡ндістанда, Жапонияда 80-90 түрлері өседі. Қарапайым зімбір тамырында эфир малйрымен бірге фенолтәріздес заттектер бар.

Алдын ала өңдеуге байланысты зімбірбің екі сортын ажыратады: ақ - қабығынан ажыратылған және қара- қабығынан ажыратылмаған. Құрамында эфир майы болуына байланысты өзіне тән жағымды ароматымен және гингерол фенол затының болуына байланысты күйдіргіш дәмімен ерекшеленеді. Зімбір саудаға тамырлар түрінде және ұнтақталған болып түседі. Оны аспаздықта, шұжық және ликер-арақ өндірісінде қолданады.



Зәйтүн (маслины) Субтропикалық мәңгі жасыл жеміс ағашының май алынатын және дәмдеуіш ретінде қолданылатын сопақша, өрік дәніндей жемісі. Онша жетілмеген зәйтүнді көбінесе маринадтайды, ал толық піскен, қызыл қоңыр түстісін тұздайды. Зәйтүн жемісінің өзіне тән қышқылтым дәмі бар. Тұздалған немесе маринадталынған зәйтүнді салқын тағам ретінде, ет пен балық тағамдарына гарнир және тұздық ретінде де пайдаланады. Оны тағам пісуге жақындағанда ғана қосады, себебі ұзақ қайнаса зәйтүннің дәмі жойылады.

Көптеген татымдықтардың ылғалдылығы жоғары емес (14% аспайды), сондықтан құрғақ бөлмелерде ұзақ уақыт сақталады. Ылғалды бөлмеде олар көгереді. Көптеген татымдықтар, әсіресе ұнтақталған күйдегі және жеткіліксіз герметикалық жабылған татымдықтар сақтау кезінде ароматын жоғалтады. Татымдықтарды өткір иісті заттармен бірге сақтауға болмайды, себебі олар бөтен иістерді тез қабылдайды. Татымдықтар 15оС дейін температурада, 75-80% салыстырмалы ауа ылғалдылығында құрғақ, жақсы желдетілетін, зиянкестермен зақымданбаған бөлмелерде сақтайды.



Дәмқосарлар. Дәмқосарлар тамақтың дәмі мен ароматын жақсарту үшін қолданылады. Оларға асханалық қыша, түбіртамыр (хрен), ас тұзы, тағамдық қышқылдар, натрий глютоматы, т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет