Асханалық қышаны қыша ұнтағын сумен тұз, қант, сірке қышқылын, сұйық май және татымдықтар қосып араластыру арқылы алады. Қышаны құрғақ салқын бөлмелерде 10оС дейін температурада: суытылатын қоймада 3 ай, суытылмайтын қоймада 1,5 ай сақтайды.
Асханалық түбіртамыр (хрен) – тамырын үгітіп, оған сірке қышқылын, тұз, кейде ұнтақталған пісірілген қызылшаны қосады. Оны 10оС дейін температурада: суытылатын қоймада 1,5 ай, суытылмайтын қоймада 1 ай сақтайды.
Сірке қышқылы тамақ өнімдерін маринадтағанда сәрке эссенциясы немесе асханалық сірке қышқылы түрінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |