Тақырып Экологиялық жүйелер, функциялары, энергия алмасуы және заттар айналымы


Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі



бет2/6
Дата14.10.2023
өлшемі93.5 Kb.
#480741
1   2   3   4   5   6
Лекция3 Экология

Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.
Макроклимат (аймақтық климат) географиялық орналасудың нәтижесі болып табылады. Ендік бағытында бұл полярлық, тундралық, тайгалық, далалы және шөлді климат. Мезоклимат – бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклиматқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым салқындау және ылғалдырақ. Микроклимат – бұл ағзаның деңгейіндегі климат. +24°С температурада күндегі жапырақтың температурасы қоршаған ортамен салыстырғанда 9°С-ға жоғары, ал көлеңкеде -4°С-ға төмен.
Биологиялық ырғақтар. Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайын биологиялық ырғақ деп атайды. Бұл ырғақтарды ішкі механизмдер ұстап тұрады. Биологиялық сағаттың көмегімен оларда әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық және басқа да ырғақтары белгіленеді.
Фотопериодизм. Жарық маңызды сигнал болып табылады. Ол тірі ағзалардың белсенділігінің өзгеруін (тыныштық күйі және белсенді өмір сүруі) және көбею, миграция, түрлеу және басқа да биологиялық құбылыстардың периодын анықтайды. Ағзалардың морфологиялық, биологиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғақты өзгеруі – фотопериодизм деп аталады.
Негізгі тіршілік орталары. Су тіршілік ортасы. Сулы ортада мекендейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды. Жер-ауа тіршілік ортасы. Жер-ауа тіршілік ортасында әсер ететін негізгі абиотикалық факторлар: ауа, жел, атмосфералық жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы. Топырақ – тіршілік ортасы. Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық фактор ретіндегі топырақтың қасиеттері.орлар дегеніміз эк.отикалық факторлар: ауа, жел, атмосфералық жауын-шашын, топырақ ылғалдылығы. ғақты өзгеруі – ф Тірі ағзалар – тіршілік ортасы. Өсімдіктер де әртүрлі жануарлар үшін тіршілік ортасы болып табылады. Олар ағаш қабығында, жапырақтарда, бұтақтағы ұяларда мекендейді.
Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзаратікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады.
Экологиялық факторлардың әсерінен тірі организмдер белгіленген иерархиялық жүйелерге бірігеді. Онда тіршілік иелерінің әр алуан деңгейде ұйымдасқандарды: популяциялар, бірлестіктер және экожүйелерді көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет