тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы



бет13/16
Дата06.10.2023
өлшемі54.65 Kb.
#479983
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 8

Шешенге қойылатын талаптар.
Шешендік- ұлы күш. Шешен- ділмар, тапқыр, ресми жиындарда шығып сөйлеуші.
Қойылатын талаптар:
1.Тілдлік қабілеті мол, сөздің табиғатын түсіне білуі.
2.Білімді, үнемі ізденіп, жан-жақты жетілуі.
3.Шыншыл, шындық негіздеріне сүйену.
4.Нақты, деректі сөйлеуі.Білмейтін нәрсені айтпауы.
5.Жинақылық, киімі, өзін ұстауы, қол қимылдары сөз мазмұнымен үйлесуі.
6.Аңғарымпаздық, тыңдаушысын бақылап, көңіл күйді ажырата білуі, адамгершілігінің жоғары болуы.
Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.
Жұрт алдында сөйлеуге негіз болатын екі түрлі себеп бар:
1.Өз сезіміңді білдіру қажеттігі.
2.Ойыңды басқа біреумен бөлісу тілегі.
Кез келген адамның көпшілік алдына шығып сөйлеуге батылы жете бермейді. Жұрт алдына шығып сөйлеудегі қиындықтар :
1.Сөйлеуші мен тыңдаушының байланысы бетпе-бет болғандықтан, елді ұйыта білуі қажет.
2.Ауызша сөйлейтіндіктен, көп ізденіп, жаттығу керек.
3.Тыңдаушыны жалықтырып алмау үшін дауысты құбылту керек.
Жұрт алдында сөйлеуге әзірленгенде, топ ерекшелігі ескерілуі тиіс.Сөзді тыңдату үшін мыналар қажет :
1.Қарым- қатынасқа түсе білу.
2.Тыңдаушының назарын аудара білу.
3.Сыпайылық таныту, мәдениеттілік.
4.Тыңдаушының көңілінен шыға білу.
Жұрт алдында сөйлеуге машықтану жолдары.
Жұрт алдында сөйлеуге дайындық бірнеше сатыдан тұрады:
-психологиялық дайындық;
-нақты сөзге дайындық;
- күнделікті дайындық.
Шешен өзіне сенетіндей жағдайға жетуі тиіс.Тапқырлық сабырлылық, батылдық қажет.
Психологиялық дайындық тыңдарман жөніндегі мәліметтерге сай жүргізіледі, онда тыңдаушы орта, жастары, мамандықтары ескеріледі.Сөйлеуші минутына 100-200 сөз айтуға әзірленуі тиіс.Сөйлеу техникасын, дауыс мәнерін меңгеруі қажет. Бет- жүз құбылысын анықтау үшін айнаға қарап тұрып сөйлеу керек. Алға- артқа жүріп те жаттығу керек.
Жылы жүзбен, жұмсақ дауыспен сөйлеуге дайындалып, дағдылану қажет. Сұрақ- жауап ретінде қатынасты дамытуды үйренуі керек. Үйретуші ретінде баруға болмайды, тым білгіш болу да қауіпті, көптің көңілінен шықпай қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет