тақырып. Этиканың заңдар жинағы мен іскерлік қасиеттердің концепциясы



бет15/16
Дата06.10.2023
өлшемі54.65 Kb.
#479983
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 8

Баяндаудың логикалық формалары.
Ұғым құалыптастырудың негізгі логикалық тәсілдеріне анализ, синтез, салыстыру, жинақтау жатады.
Анализ- нәрсені ғылыми түрде зерттеу, талдау.
Синтез- заттарды бірлікте, тұтастықта қарау.
Салыстыру- нәрселер, құбылыстардың басты белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау.
Жинақтау- қорытындылау, айтылған ойды түйіндеу.
Түсіндіру тәсілдері.
Шешендік өнерде сызбалар, модельдер, жоспар қолданса, сөз қуаты арта түседі.
Дедукция- жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке, теориядан мысалға көшу.
Индукция- жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге көшу.
Аналогия- ұқсас заттардың белгілерін салыстырып, белгілі бір затқа тән қасиетті ашу.
Дәлелдеме және оның мәні.
Шешен сөзінің шыныдық сипатын арттырудың және тыңдаушының сенімін қалыптастырудың бір жолы- дәлелдемелерді орынды қолдану.
Дәлелдеме- айтылатын сөздің шындығына көз жеткізетін анықтама, куәлік.
Дәлелдеменің екі түрі болады:
1.Затқа, құбылысқа қатысты дәлеледемелер.Фактілер, статистикалық материалдар, құжаттар т.б.
2.Адамға қатысты дәлелдемелер.Ой-пікірлер, қасиеттер.
Қорытынды сөз.
Қорытынды бөлімнің міндеті- сөздің тұжырымын, түйінін жасау, тыңдарманға ой салу. Қорытынды сөзге тән белгілер: сөз қысқалығы, ой шымырлығы. Қорытынды- сөздің бүкіл күшін топтастырушы, мәндә бөлім. Қорыта айтқанда, ойымызды түйіндей келсек, сөз соңында айтарым, айтылған мәселлерден шығатын қорытынды т.б.сөздер айтылады.
Пікірталас мәдениеті.
Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі- сөз еркіндігі.Өзінің айтары бар, жеке ой- пікірлері ұтымды, қоғамдық көзқарасы қалыптасқан адамдарға, топтарға өзін танытуға мүмкіндік бар.
Орынды айтылған сөзге тоқтау- біліктілік белгісі, арлылықтың айғағы. Пікіралмасу- адамның ақыл- ой қабілеті дамуының басты тетігі. Полемика- сөз қақтығысы. Әр түрлі пі- кірдің болуы жеке адамдардың, топтардың арасында сөз қақтығыстарының болуына әкеледі.Сөз майданында тек ақылдылар ғана емес, ойы алымды, сөзі шалымды шеберлер жеңіс тұғырына көтеріледі, сондықтан полемикалық шеберлікті үйренудің маңызы ерекше.
Шешенге қажетті ең қажетті іскерліктер:
1.Өз пікірін дәлелдей алуы.
2.Пікірінің дұрыстығына өзгелердің көзін жеткізе білуі.
3.Сөзіне ұйытып, сендіруі.
4.Қарсыласына тойтарыс бере білуі.
Пікірталас- белгілі бір қоғамдық мәні бар мәселені, ғылыми жұмысты талқылау барысындағы айтыс, тартыс, дау. Пікірталасқа қатысушы төмендегідей мәселені білуі шарт :
1.Өзі қатысатын пікірталастың мәнін түсіну.
2. Пікірталастың түрін, ерекшелігін ескеру.
1.Қажетті полемикалық тәсілдерді меңгеру.
2.Пікірталас тақырыбын анықтау.
3.Пікірталас мәдениеті талаптарын орындау.
Пікірталас мәдениеті талаптары.
Пікірталасқа қатысушы адамның бойында батылдық пен сыпайылық, салқынқандылық пен тапқырлық, шешендік пен сөзге тоқтай білу сияқты қасиеттер тоғысып жатуы тиіс.Сөз додасына түсетін адамның сөзді орынды, дәл қолдана білуі, терминдерді дұрыс түсінуі, тілдік жағдаятта сөз орамдарын жарасымды келтіре білуі, еркіндігі жеңіске жету мүмкіндігін молайтады.Қарсыласының сөз астарын тез ұғып, жылдам жауап беріп, сөз қақтығысынан жол тауып шыға білуі, қателіктерді тез сезініп, шұғыл шешім қабылдау іскерлігінің де көмегі көп.
Сөзталасқа түсер алдында мынадай мәселелерге назар аударған жөн :
1.Бұл мәсәле айтысуға тұра ма, қажеттігі қандай?
2.Айтысты ұйымдастырудағы мақсат не?
3.Қарсыласатың деңгейі қандай?
4.Қарсыластың позициясы қандай?
5.Қарсыластың мықты және осал тұстары неде?
Айтыскерден тікелей талап етілетін нәрселер :
1.Тақырыптан ауытқымау.
2.Өзінің позициясының болуы.
3.Өзін дұрыс ұстай білуі.
4.Сөйлеу шеберлігі.
5.Жоғары мәдениеттілік.
6.Қарсыласын, аудиторияны сыйлауы.
7.Қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік.
8.Қарсыласына кезек беруі.
9.Регламент сақтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет