Философиянын функциялары
1)көзқарастық –философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы денгейі болып табылады. Көзқарас-адамның өзі қоғам, дуние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл-ойды, сезімдерді, құндылықтарды, күдік-күмандарды және тағыда басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты ғылыми терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.
2) Рационалды жүйелеу- философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып сараптайды, дұрыс – бұрысын айырып белгілі бір жүйеге келтіреді.
3) Сыни- философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне қызметіне қоғамдағы орнына тереңірек үңілуіне сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни тараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді.
4) Болжам жасау- философия жек адамның да бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септеігін тигізеді,жаңа көзқарас идеялардың негізін салады.Әрине болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің ең басты мақсаты саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.
5) Гуманистік- философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп санайды.Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп дамытуды үйренеді.
6) практикалық – неміс философы Гегель философияны өмір кешінен үнемі кеш қалып жүреді деп санаса, қазіргі философияның онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат міндеті оың практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз: жан-жағынан адам ,өмір,қоғам, дүние, табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап өмірден қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адымына құрғақ теориялар мен шым-щытырық абстракциялардан пайда шамалы, оған озінің кім екенін , дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін алдынан күнбе-күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін бір сөзбен айтсақ , практикалық сипаты бар философия қажет.Бірақ бұл пікірден философия күйбең тіршіліктің пендешілік қажеттіліктерін түсіндіруді қанағат тұтып қоюмен шектелуі қажет деген тұжырым туындамауы керек, керісінше, ол әрбір адамды терең толғаныс ойларға жетелеп , өткінші нәрселерден мәңгілік, мызғымас құндылықтарға бойлауға шақыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |