Тақырып: Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері. Ежелгі шығыс философиясы


Ежелгі үнді философиясының ерекшеліктері



бет4/6
Дата11.09.2023
өлшемі36.56 Kb.
#477132
1   2   3   4   5   6
1 lektsia

Ежелгі үнді философиясының ерекшеліктері
Көне үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі үнді елі,ең бастысы-үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан маселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Көне үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. Варна сөзі - түс, қабық, бояу дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна-тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой енбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшілік варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі – жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым- қатынасы мәселелері болды.
Көне үнді философиясының басты ерекшеліктері:

  1. Ғылыми оймен байланысының аздығы;

  2. Жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;

  3. Діни – мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;

  4. Философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынын жүйесіздігі және белгісіздігі;

  5. Негізгі философиялық ұғымдардың мән – мағынасының күрделілігі және сан түрлілігі.

Көне үндінің негізгі философиялық ескерткіштері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет