Тақырып: Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдалануда қолданылатын жабдықтар



бет4/8
Дата01.03.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493700
1   2   3   4   5   6   7   8
5 дәріс

Манифольд фонтанды арматураны скважина өнімін есептегіш қондырғыға беретін құбыр желісімен жалғау үшін арналған. Төрт жақты фонтанды арматураның манифольдының қарапайым жүйесі құбыраралық кеңістіктің шығу желісін жалғауды қарастырмайды жəне тек бір ғана есептегіш қондырғыны скважинамен жалғайтын шығу желісінен тұрады. Кейбір жағдайда парафиннің қатуы кезінде скважинаның жұмыс істеуін тоқтатпау үшін, екі шығу желісі жəне манифольд қарастырылады.

  • Манифольд фонтанды арматураны скважина өнімін есептегіш қондырғыға беретін құбыр желісімен жалғау үшін арналған. Төрт жақты фонтанды арматураның манифольдының қарапайым жүйесі құбыраралық кеңістіктің шығу желісін жалғауды қарастырмайды жəне тек бір ғана есептегіш қондырғыны скважинамен жалғайтын шығу желісінен тұрады. Кейбір жағдайда парафиннің қатуы кезінде скважинаның жұмыс істеуін тоқтатпау үшін, екі шығу желісі жəне манифольд қарастырылады.
  • Арматураның манифольды мұнайгаз жинау жүйесінің топтық есептегіш қондырғысына жалғанады. Онда скважинаның өнімі автоматты өлшенеді.

Тізбек басы. Ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру мақсатында, ұңғыма сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін, сонымен қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған [8]. Тізбек басының корпусы 1 кондуктордың жоғарғы басына бұрандалы қосылыспен бекітіледі (7.2-сурет). Шегендеуші құбыр (10) арнайы муфтаға (7) бекітіледі. Тізбек басының корпусымен (1) муфта (7) аралығындағы саңылау, муфтамен (2) жəне екі сақиналы арнайы мұнайға төзімді резинамен (3) саңылаусыздандырылады. Олар берік отырғызылуы үшін, муфтаны жарты сақиналармен (5) жəне фланецты (4) болт арқылы корпусқа бекітіледі. Муфтаның (7) жоғары бөлігі фонтанды арматураға бекітілуі үшін фланецпен (6) аяқталады. Тізбек басының қысымын тексеру үшін жəне құбыраралық кеңістіктегі қысымды бақылау үшін бүйір шығу жолында жоғары қысымды кран (9) жəне манометр (8) қарастырылған.


1- тізбек басының корпусы; 2 – муфта; 3 - екі сақиналы арнайы мұнайға төзімді резина; 4 - фланцты байланыс; 5 - жарты сақина; 6 - фонтанды арматураға бекітуге арналған фланц; 7 - арнайы муфта; 8 – манометр; 9 - жоғары қысымды кран; 10 –кран; 11 - шегендеуші құбыр.
Тізбек басы 14,0; 21,0; 35,0; 50,0 жəне 70,0 МПа жұмыс қысымына есептелініп шығарылады. Кейбір жағдайларда (газ ұңғымаларында) 150 МПа жұмыс қысымына дейін есептелген тізбек басы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет