Тақырып: геморрагиялық инсульт қабылдады: камысбаев м. У орындады: султанбаева ю. А геморрагиялық инсульт жайлы түсінік (слайд) – Райымбекова Меруерт



бет7/8
Дата08.12.2023
өлшемі2.46 Mb.
#485948
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8

ПАТОГЕНЕЗІ

  • Ми қан айналымының өткінші бұзылу патогенезінде қан тамырларының атеросклероздан тарылып және бітеліп қалуынан пайда болатын ми қан тамырларының кемшілігіне, олардың патологиялық иірілулері мен бүгілулеріне, артериялық қысымның тұрақсыздығына, ангиоспазмге және жүрек қан тамыр жетіспеушілігіне аса мән беріледі.
  • Олардың пайда болып дамуына бастың ірі қан тамырларынан және шеткі қан тамырлардан келетін микроэмболиялар ерекше әсер етеді.
  • Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары:
  • гипертониялық криз
  • өткінші ишемиялық талмаларға бөлінеді.

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КРИЗ

  • Гипертониямен ауратындарда кездеседі. Оған эмоционалдық стрестер, ауыр дене еңбегі, маскүнемдік әсер етеді.
  • Гипертониялық криздің клиникалық сипатында бас сүйек қуысы ішіне орналасқан қан арнасы қанға аса мол толуына және ондағы ткандердің ісінуіне немесе ми қан тамырларының жиырыла қысылуына байланысты жалпы милық симптомдар басым болады.
  • Ең алдымен шүйде аймағында бас ауыру білінеді. Сонымен қатар бастың шулауы, бас айналу, лоқсу, кейде құсу тәрізді милық симптомдар байқалады. Вегетативті қан тамырлық белілерден – беттің қызаруы, жүрек соғу жиілеуі, жүрек тұсының ауыруы, ауздың құрғауы білінеді. Ес жеңіл түрде бұзылуы мүмкін. Кейде психомоторлық қозу, өткінші амнезия және аз уақыт естен тану болуы да ықтимал.

ӨТКІНШІ ИШЕМИЯЛЫҚ ҰСТАМАЛАР

  • Көбінесе атеросклероз, артериялық гипертония немесе олардың қабаттасуы кезінде байқалады және әдетте ми қан айналысы созылмалы түрде бұзылуынан ми қызметінің өзгеруіне байланысты пайда болады.
  • Клиникалық сипатында қан тамырларында қан ағымының кемуіне байланысты ошақтық неврологиялық симптомдар басым болады.
  • Ішкі ұйқы артериясы қанмен қамтитын аймақта болатын өткінші ишемиялық ұстама патологиялық ошаққа қарама – қарсы жақтағы қол немесе аяқтағы тұрақсыз парез бен сезімділіктің бұзылғандығы арқылы білінеді. Сонымен қатар сөйлеу мүмкіндігі, көрі қабілеті уақытша бұзылуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет