Хирургиялық ем көптеген факторларға байланысты шешіледі. Науқастың жағдайына қан құйылу көлеміне, орналасу орнына байланысты. - Хирургиялық ем көптеген факторларға байланысты шешіледі. Науқастың жағдайына қан құйылу көлеміне, орналасу орнына байланысты.
- Операцияның басты мақсаты – науқастың өмірін сақтап қалу болып табылады. Сол себепті қысқа уақытта жасау қажет.
РЕАБИЛИТАЦИЯ - Кинезотерапия және массаж. Бұл қан айналым мен трофиканы жақсартады, бұлшық еттің сіресуін азайтады. Алғашқы күндері науқастың жатқан қалпын өзгертіп отырған жөн. Аяқтарын бүгіп – жазып, қолын 90°-қа бұрып, білек пен саусақтарын жазып отыру керек.
- Емдік гимнастика. Науқас есін жинап, жүрек пен тыныс алу қызметі жөнделгеннен соң жасалады. Ол салданған аяқ-қолға массаж жасаумен бірге қолданылады. Тонусы жоғары бұлшық еттерді аздап сипайды. 1 аптаның соңы мен 2 аптаның басында белсенді қимылдар жасатуға кірісу қажет. Төсек калпында аяк-қолдарын жазып-бүге бастаймыз. Содан соң төсек маңында сау және салданған аяқпен тұруды уйретеді, 1 орында адымдап жүргізіп және аяқтарын басқызамыз. Қол ұшының қимылдарын дамыту үшін доппен жаттығу жасатып, түймелерді салып, ағытамыз.
- Атеросклероз бен артериялық гипертонияның алдын алу
- Оң эмоциялар мен бірқалыпты сабырлы өмір сүру
- Тамақтану режимін сақтау
- Дене шынықтырумен айналысу\
- Инсультпен ауырғандар 2-4 ай бойы еңбекке жарамсыз болады. Ұзақ мерзімге созылған немесе бқзылған функциялар қалпына келмеген жағдайда мүгедектікке ауыстырылады. Аяқ – қолдары салданған афазиясы бар науқастар басқа біреудің күтіміне мәжбүр болғандықтан 1 топ мүгедектік беріледі.
МИ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ӨТКІНШІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ - Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат(тәулік соңына дейін) өткен соң тегіс жойылады. Олардың пайда болуына кішігірім қан құйылулар, аздаған жібу ошақтары және гипертониялық криз әсер етеді.
- Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары атеросклерозбен, қант диабетімен, әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен, жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда, қан тамырларының түрлі аномалиялары бар сырқаттарда жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |