Тақырып Жер мәселесі. Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресі Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ мемлекеттілігі мен хандық биліктің қайта қалпына келуі



бет4/5
Дата18.04.2024
өлшемі44.76 Kb.
#499159
1   2   3   4   5
6 лекциÑ

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ мемлекеттілігі мен хандық биліктің қайта қалпына келуі Қазақ халқының өз жерлерін қайтарып алу жолындағы ар жерде бой көрсеткен шашыраңқы бас көтерулерімен басталған ұлт-азаттық қозғалыс бірте-бірте анағұрлым ұйымдасқан, жүйелі әрі мақсатты бола бастады Ұлт-азаттық қозғалыс барысындағы мұндай сапалық езгерістер Кенесары Қасымұлының (1802-1847) қозғалысына тән болды. Өйткен! оп алдында болған кетерілістерден сабақ алып, қорытынды жасаған еді. Біріншіден, белгілі бір аймақты ғана қамтыған қарсылықтар ешқандай нәтиже бермейтіндігіне көз жеткізді. Сол себепті бүкіл халықты көтеру қажеттілігі айқын болды. Екіншіден, қазақтардың ұлт-азаттық қозғалыста ортаазиялық хандықтармен одақтасудың қауіптілігін түсінді. Кенесары Қасымұлының бастаған көтеріністің басқа көтерілістерден басты ерекшелігі Қазақстанның барлық аумағын, яғни үш жүзді қамтуы еді. Көтеріліс барысында Кенесары әскерінің саны 20 мыңға дейін жетті. Хандық билік қайта қалпына келтіріліп, Қазақ хандығы қайта құрылды. Қазақ жерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру, оның дербестігін сақтау туралы саяси талаптары Ресей императоры Николайға, Орынбор губернаторлары В. Перовскийге, В. Обручевке, Сібір губернаторы П. Горчаковқа, Орынбор Шекаралық комиссиясының төрағасы А. Генске жолдаған хаттарында ашық баяндалған. Кенесары жасақтарының алғашқы соғыс қимылдары Петропавлдан шыққан Ақтау бекінісінің казактарына шабуылымен 1837 жылы қарашада басталды. 1838 жылы мамырда көтерілісшілер Ақмола бекінісін қоршауға алып, оны өртеп жібереді. Содан соң Кенесары Қасымұлы өз жасақтарымен Кіші жүздің аумағындағы Торғай өзенінің бойына орналасты. Өйткені. Кіші жүз аумағында Исатай Тайманұлының және Жоламан Тіленшіұлының басшылығымен қазақтардың көтерілістері болып жатқандықтан, Кенесары оларды бір тудың астына біріктіруді көздеген болатын. Шынында да азаттық қозғалыс Кіші жүзді түгел шарпып, Кенесары көтерілісіне Жоламан батыр бастаған жасақтар қосылды. Кенесары Қасымұлы әскерінің қатары көбейіп, нығая түсті. 1839-1840 жылдары ол жазалаушы отрядтарға қарсы нәтижелі шайқастар жүргізді. Дегенмен Кенесары Қасымұлына екі майданда бірдей соғыс жүргізуіне тура келді. Солтүстікте патша үкіметінің жазалаушы отрядтарымен, ал оңтүстікте Сырдарияның теменгі ағысындағы қазақтарға билік жүргізген, бұған қоса жоғарыда айтыл өткендей, Кенесарының үлкен ағасы Саржанды, ал одан кейін оның әкесі Қасым сұлтанды және басқа туыстарын жауыздықпен өлтірген Қоқан билеушілеріне қарсы соғысты. 1841 жылы тамызда Кенесары Қасымұлы әскері Қоқан хандығының қол астындағы Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауға алды. Бұл бекіністерді азат ету кетерілісшілердің жігері мен жауынгерлік рухын көтерді. 1841 жылы қыркүйекте қазақтың үш жүзі өкілдерінің Ұлытауда өткен құрылтайында Кенесары Қасымұлы бүкіл қазақ ханы болып жарияланады. Ол бұдан кейін Қазақ хандығын қайта қалпына келтіреді. Бұл жерде патша әкімшілігін қолдаған және өздерінің жеке бастарының қамы үшін Кенесарыға қарсы шыққан қазақтың беделді би-сұлтандары да жеткілікті болды. Олар Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің сұлтандары ағайынды Ахмет және Махмұт Жантөриндер, Айшуақ ханның ұрпақтары, сондай-ақ Кенесарының езінің кейбір туыстары да болды. Патша үкіметіне қызмет еткендерге қарсы Кенесары хан қатал жазалау шараларын жүргізді. Кенесары ханның қатал шараларына қарсы қазақ ауылдарында ашық бас кетерулер де болды. Мысалы, 1844 жылы жаппас руының ауылдары Наурызбай сұлтанға зекет салығын жинау кезінде қарулы қарсылық білдірді. Ұлт-азаттық көтерілістің кең құлаш жайып бара жатқанынан Ресей әкімшілігі қорқа бастады. Көтерілісшілердің саяси талап-тілектерін және Кенесарының хан болуын заңсыз деп қараған І Николай үкіметі 1843 жылдың жазында кетерілісті басу үшін кең келемде әскери экспедиция ұйымдастырды. Бұл аскери экспедицияға старшина Лебедевтің 1900 солдаты бар отряды, сұлтандар А. Жантөрин мен Б. Айшуақовтардың жасақтары және подполковник Бизанов отрядтары қатысты. Алайда, бұл әскери іс-қимылдар ешқандай нәтиже бермеді. Көтерілісшілер жер жағдайын жақсы білгендіктен қаша отырып соғысу әдісін қолданды. Сонымен бірге Кенесары хан тыңшылық қызметті де жақсы жолға қойған еді. 1844 жылы шілдеде олар сұлтан А. Жантериннің отрядын талқандап, ал 14 тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасап, ондағы елді-мекендерді өртеп, тұрғындарының біразын тұтқынға алды. Кенесары Қасымұлының мұндай аскери қимылдарынан сескенген патша үкіметі кетерілісті басу үшін екі әскери отряд құрады: бірі - полковник Дуниковскийдің басшылығымен Орынбор отряды, екіншісі - генерал Жемчужников басқарған Сібір отряды. Бірақ Кенесары әскері көп жағдайда жазалаушы отрядтардан құтылып кетіп отырды. 1 8 7 0 жылы «Еуропа жаршысы» (Вестник Европы) деген журналда жарияланган «Қыргыз сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі (1 8 3 8 -1 8 4 7 )» атты мақаласында Н. Середа: «Кенесары өлді, бірақ оның ерлігі мен ол туралы естеліктер, оның бейнесі аңыздар мен патриоттық өлеңдерде Ордада мәңгі қалды», - деп жазған. Патша үкіметі Кенесары Қасымұлы көтерілісін басуға қатысқандарға аямай сый-сияпат көрсетті. Мысалы, «құрметті» қырғыз Қалығұл Әлибековке Батыс Сібір генерал-губернаторы князь П. Горчаковқа Кенесарының басын тапсырғаны үшін пенталы «Георгиев күміс медалі» берілді. Қырғыз манаптары Ормон және Жантай Қоқан хандығына өздерінің достығы мен ризашылығы ретінде Кенесары сарбаздарының басы салынған екі арбаны жіберді. Ал, Қоқан билеушілері «Ташкент базарында бұл бастарды ұзын сырықтарға іліп қойған». Кенесары ханды өлтіргендері үшін кек алуға Қапал уезінің қазақтары қыр- ғыз манаптарына қарсы жорық жасайды. Кенесарыны өлтіруге қатысқандардың бірнешеуі аяусыз жазаланды. Сондай-ақ Төрегелді манаптың ауылын шауып, өзін тұтқынға алып кеткен. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы осылай аяқталды. Бірақ ол қазақ халқының рухын жасыта алған жоқ еді. Кенесары хан Ресей отаршылығымен және Орта Азия хандықтарының басқыншылығына қарсы күресу халықтың ауыз бірлігінсіз әрі бір орталыққа біріккен мемлекет құрылмайынша мүмкін емес екенін жақсы түсінді. Ол халық аңсаған Қазақ хандығын қайта құрды. Қазақ мемлекеттілігін қайта құру ісінде Кенесары Қасымұлы қазақ қоғамының сұлтандар, билер, байлар, батырлардан тұратын ықпалды тобының басым бөлігін өзінің соңынан еріте алды. Кенесары мемлекетінде хандықтың жеке мекемелерін басқарып, Хан Кеңесіне мүше болған батырлар маңызды рөл атқарды. Кенесары хан мемлекеттік басқару аппаратын құрды. Мемлекет басында хан отырды, оның жанында кеңесші орган - Хан Кеңесі жұмыс істеді. Ал оның құрамына батырлар, билер және өзінің туыстары енді. Шешуші дауыс ханның өзінде қалды. Хан Кеңесінде ішкі және сыртқы емірдің маңызды мәселелері талқыланды. Хандықта сот, елшілік, қаржы, аскер мәселесі және жеке мүлікті мемлекет қарамағына алумен айналысатын мекемелері болды. Салық жүйесі енгізілді. Салық жинаудың негізгі мақсаты мемлекет қазынасын толтыру болатын. Бұл жергілікті салықтан мемлекеттік салық салуға көшудің алғашқы қадамы еді. Кенесары хан малшыларға салынатын зекет салығы мен егіншілердің ұшыр салығын сақтап қалды. Ауыл салығы және т.б. көптеген алымдар жиналды. Мысалы 40-тан 100 басқа дейінгі табыннан бір мал, кейін әрбір 40 бастан бір бас алынды. Сол сияқты салық киім, қару, ат абзелдері түрінде де жиналып отырды. Жеке адам және үй салығы болмады. Егіншілер өнімінің оннан бір белігін теледі. Сауда керуендерінен баж сапығы алынды. Мысалы, бұхарлықтардың әрбір керуенінен 9 зат алынды. Кенесары хан дипломатиялық істерге ерекше маңыз берді. Ол Ресейдің лауазымды тұлғаларымен, ортаазиялық хандықтармен белсенді дипломатиялық жұмыстар жүргізді. Жоғарғы сот билігі тікелей ханның өз қолында болды. Рулар арасындағы сот істерін билердің қолына берді. Сот реформасының негізгі мақсаты барымта мен өзара тартысты тоқтату болатын. Кенесары ру билері сотын жойып, оның құзыретін сайланып қойылатын билерге берді. Сот ісінде құн төлеу жүйесі сақталып қалды, оның негізгі жаңалығы құнды құлдарға да таратуы еді. Себебі Кенесары құлдыққа қарсы болды. Ол, әсіресе рулар арасындағы өзара қырқыс пен барымтаға қарсы табанды күрес жүргізді. Қазақтардың қарапайым азаматтық құқықтарына да біршама өзгерістер енгізіп, оған жалпы мемлекеттік маңыз берілді. Кенесары хандығында кетеріліске көмек беруден бас тартқан адамдардың мүлкін тәркілеу мекемесі болды, оған Кенесарының қарындасы Бопай басшылық етті. Жергілікті жерлердегі билікті ханның өзі тағайындайтын жасауылдар атқарды. Ерекше тапсырмаларды орындауда төлеңгіттерді де пайдаланды. Атқару ісі қатаң түрде қадағаланып отырды, қателік жіберген жағдайда қатал жазаланатын болды. Хандықта 20 мың сарбаздан құралған армия ұйымдастырылды. Хан бас қолбасшы қызметін атқарды. Барлық әскери жорық жоспарлары әскери кеңесте талқыланды. Армияның құрылымы қазақтың дәстүрі ондық жүйесіне негізделді. Әскер ісін үйретудің тұрақты жүйесі қызмет істеді. Көтерісшілер арасында қашқын орыс солдаттары, башқұрттар, сондай-ақ қырғыздар, өзбектер, қарақалпақ, түрікмендер де болды. Әскери тәртіп өте қатаң болды, сатқындар елім жазасына кесілді Ал тәртіп бұзғандар «шік» жазасына тартылды, яғни кінәлінің басына қанжармен немесе қылышпен жарақат салынатын болды. Армияда қызыл және көк матадан кеуделеріне, иығына тігілген әскери дәрежені айырып-тану үшін арнайы белгілер тағылды. Қолбасшылар қызыл шұғамен қапталған қыны бар қылыш ұстады. Көтерісшілер қаруды негізінен өздері жасады, оқ-дәрімен атылатын мылтықтары мен бірнеше зеңбіректері де болған. Кенесары аскери дапалық барлау мен тыңшылық әдістеріне ерекше кеңіл бөлді. Барлаушылар мен тыңшылар жүйесі қарсыластарының ішінде де, әкімшілік орындарда да жұмыс істеді. Олар қазақтардың көңіл күйі, опардың билікке көзқарастары, қаскүнемдік ойлары туралы және т.б. маңызды мәліметтер жинап отырды. Кенесары қазақтар арасында егіншіліктің таралуына жағдай жасады. Ол сауданың дамуына да қолдау білдірді. одан салық арқылы пайда түсетінін жақсы түсінді. Жалпы Кенесары хан Қазақ хандығын қайта құру және оны реформалау арқылы дамыған мемлекет қалыптастыруға ұмтылдыды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет