Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы


Тақырып 8. Экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыратын оқыту процестерінің формалары. Сабақ-негізгі оқу-тәрбие процесінің формасы



бет23/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
1-лекция

Тақырып 8. Экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыратын оқыту процестерінің формалары. Сабақ-негізгі оқу-тәрбие процесінің формасы.
Дәріс тезистері. Экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыратын оқыту процестерінің формалары. Сабақ-негізгі оқу-тәрбие процесінің формасы. Экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыратын оқыту процестерінің формаларына анықтама беру. Экологиялық тәрбие қалыптастыратын оқу процестерінің формалары. Биология сабақтарында экологиялық практикумды ұйымдастыру жолдары.
Білім берудің анықтаудың ғылыми педагогикалық негізі: білім беру және оның мазмұны туралы жалпы ұғым. Мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой пікірлер. Кеңес мектептердің дамуы мен қалыптасуы дәуріндегі білім мазмұнын құраудың негізгі кезендері. Жалпы адамзаттық мәдениет. Білім беру компоненттеріне сипаттама. Табиғат, техника, қоғам, т.б,. Жалпы политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім берудің мазмұнында пәнаралық байланыстардың мәселелері. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары. Оқушылардың танымдық процестердің сабақтың үстінде ұйымдастыру Оқыту ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым. Оқыту ұйымдастырудың түрлерінің дамуы мен қалыптасуына қысқаша тарихи экскурсия.
Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері: сабақ, эекскурсия, семинарлық сабақ, оқушылардың үйдегі жұмыстары, консультация.
Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген. Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір – бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан 1986 ). "Ынтымақтастық педагогика" – екінші кездесуінде (17 қазан 1987 ж). "Тұлғаны демократияландыру", үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988 ж.) "Жаңарту әдістемесі", төртінші кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), "Жаңа мектепке кіреміз", тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы, балалар, мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық тәрбие орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзін - өзі талдауға үйрету, тұлғаның дамуы, тірек, идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім және тағы басқа. Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек ғана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен талаптанушылығы жоқ болса, дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер жалпы пәнге қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе, онда алдымызда бірақ – жол бар, «біз балаларды қуанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды,» - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттіктердің көбейтіндісіне тең. Егер ынталылық нөльге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөльге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынмақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көзқарастарға келген олар. Мұндай педагогика балдарды ынмақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет