Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы


Тақырып 2. Қазақстандағы, Шығыс Қазақстандағы экологиялық проблемалары



бет3/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1-лекция

Тақырып 2. Қазақстандағы, Шығыс Қазақстандағы экологиялық проблемалары
Дәріс тезистері. Қазақстандағы, Шығыс Қазақстандағы экологиялық проблемалары. Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу жағдайын қарастыру. ШҚ ауа сапасы. Жоғары Ертіс алқабы алабының ағын су суларының сапасы. Шығыс Қазақстанның экологиялық жобалары
Қазақстанның экологиялық проблемалары Ауа, су, жер – бізді қоршаған орта. Бүгінде олардың жағдайы апатты деп бағаланады, планета экологиялық дағдарысты бастан кешуде. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары қандай: Қазақстандағы ауаның ластануы Келесі себептер бойынша: Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу (қорғасын, мырыш, фосфор, хром өндірісі) өсуі. 20 миллиард тонна қалдық жиналған, олардың үштен бір бөлігі күнделікті ауаны токсиндермен уландырады. Кәсіпорындар ескі тиімді емес тазарту жүйелерін пайдаланады, нәтижесінде атмосфераға мыңдаған зиянды заттар шығарылады. Мұнай мен газ өндіру кезінде ілеспе газды жағу. Бұл атмосфераға күлдің шығарылуымен бірге іске асады. Атмосфераға көміртек пен қорғасын тотығын шығаратын автокөліктер санының көбеюі. Оларды пайдалану кезінде сапасы төмен жанармайлар құйылып, көбінесе пайдаланылған газдарды тазартуға арналған сүзгілер қолданылмайды. Осы факторлардың әсерінен республикамыздың 15 ірі қаласында ауаның ластануының шекті деңгейінен асып түсті. Ең лас атмосфера Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелді.
Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Облыс Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ертіс өзені облыс аумағын оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді. Қазақстандық Алтай Нарым өзені арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай болып екіге бөлінеді. Климаты шұғыл континентті. Қысы суық, әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тау бөктері мен жазық жерлерде -13-160С, шілде айының орташа температурасы 18-200С. Жауын-шашынның мөлшері тау алды аймақтарында 300-400 мм, жауынның мол түсетін аймағы биік таулы аудандарда 1000-1500 мм-ге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан – Қазақстандағы жауын-шашынның ең мол түсетін аймағы. Облыстың ірі өзендеріне Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім т.б. өзендер жатады. Бұл аймақ көлдерге бай, олардың ірілері Марқакөл, Зайсан, Тұранғы, Ақ Берел т.б.
Жер бедерінің ерекшелігіне байланысты таулы аудандарда негізінен қара-қоңыр, ашық-қоңыр және шалғынды топырақтар таралған, ал жазықты, тауаралық ойпаттарда сұр топырақтар тараған. Таулы аймағының 70% орманды алқап, орман негізін құрайтын ағаш тұқымдары – қарағай, майқарағай, шырша, самырсын және балқарағай. Бұталы өсімдіктерден итмұрын, үшқат, тобылғы, қараған, жануарлар дүниесінен елік, бұғы, күдір, сілеусін, тиын аю, таутеке, қасқыр, көртышқан, арқар, құстардан тоқылдақ, ұлар, құр, шіл, кекілік, сауысқан, байғыз, бүркіт, т.б. мекендейді.
Шығыс Қазақстанның жер бедерінің қалыптасу ерекшелігіне байланысты табиғи қорларға өте бай. Әсіресе Кенді Алтайда минералды ресурстардың негізгі қоры шоғырланған. Олар: мырыш, қорғасын (Малеев, Риддер, Тишин, Грехов, Зырян кен орындары), титан, магний, алтын (Бақыршық, Большевик), күміс, мыс (Николаев), сирек металдар (Бакен, Ақтау, Юбилейный, Ахмет), көмір және тақтатас (Қаражыра, Кендірлік, Бобровка, Белокаменка), кенді емес шикізаттар (отқа төзімді шикізат, керамзит және бетонит батпағы, әк, кірпіштік және цементтік саз-құмды тау жынысы, шыны шикізаты және құрылыс материалдары). Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам кен орындары кездеседі. Республикадағы жалпы қорғасын қорының 27%, мырыштың 47,7%, мыстың 47,9% баланс қорлары облыс аумағында шоғырланған.
Сондай-ақ бұл аймақта минералды жерасты сулары (Өскемен, Риддер, Богатырев, Құлынды, Рахман қайнарлары) мен ауыз судың мол қорына бай.
ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) – 914 565,3 млн. теңге. (2010-жылы Республика бойынша 6-орын, үлесі – 5,7%). Облыстың негізін түсті металлургия кешені құрайды. Мұнда түсті металдарды өндіру және байытудан бастап, оларды металлургиялық қорыту, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий т.б. таза металдарды бөліп алу сатыларына дейін жүзеге асады. Шығыс Қазақстанда түсті металдардың 32 түрі өндіріліп, 17-сі өңделеді. Полиметалл өнеркәсібі түсті металлургияның басты саласы. Мұнда ірі кәсіпорындары: Өскемен қорғасын-мырыш, Риддер полиметалл комбинаттары, Ертіс мыс балқыту, Белогор кен байыту Зырянь қорғасын зауыты. Облыстағы қорғасын, мырыш, мыс өндірумен «Қазақмырыш» және «Қазақмыс» корпорациялары айналысады. Шығыс Қазақстан республикадағы негізгі алтын өндіретін аудан. Қазақстандағы 141 алтын кен орнының 62-сі осы аудан аумағында. Алтын өндірумен «Алтай», «Бунашам», «Суздаль», «Андас-Алтын» т.б. кәсіпорындары айналысады. Энергетика жүйесінде Ертіс өзеніндегі Үлбі және Бұқтырма СЭС-ның, Өскемен және Риддер ЖЭС-ның маңызы зор. Сонымен қатар, ірі машина жасау зауыттары, жеңіл, орман және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және құрылыс индустриясының кәсіпорындары, өңдеуші өнеркәсіптер шоғырланған.
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығындағы жетекші орында мал шаруашылығы (негізінен етті-жүнді бағыттағы қой өсіру және етті-сүтті бағыттағы ірі қара) алады. Сонымен қатар, бұғы-марал шаруашылығы дамыған бірден-бір облыс. Егін шаруашылығында жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық, көкөніс, картоп, күнбағыс, бақша дақылдары егіледі. Техникалық дақылдардан күнбағыс өсіру жетекші орында. Мұнда республикадағы күнбағыс егісінің 80%-дан астамы егіледі. Сонымен қатар Алтай бөктері мен Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығы дамыған. Республика бойынша жиналатын балдың 50%-ы осы аймақтың үлесіне тиеді.
Шығыс Қазақстан облысы жағдайында экологиялық проблемалар жеткілікті. Республикадағы экологиялық апатты аймақтарға – экологиялық жағдайдың нашарлануына байланысты халық денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген, флора мен фаунасы деградацияға ұшырап, табиғи экологиялық жүйелері бұзылған соғыс полигондары болған аймақтар жатады. Олар негізінен – Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, Сарышаған сынақ полигондары және Байқоңыр сынақ полигоны мен космодром аймақтары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн.гектардан асады. Осының ішінде Шығыс Қазақстанның 19 млн.гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың аймағы болды. 1949-1989 жылдар аралығында мұнда атмосферада – 27, жер бетінде -183, қалғаны жердің астында өткізілді (жалпы 18,5 мың км2 аумақта 470 ядролық сынақ жасалған).
Полигондардың ішінде Семей өңірі – ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы Курчатов қаласы, ал бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шекеннен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Семей ядролық полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының ішіндегі алғашқы және ірі стратегиялық объектісі «СЯСП» (Семей ядролық сынақ полигоны) атауымен белгілі. Ол әлемдегі ядролық полигондардың ішіндегі халық қоныстанған және ауыл шаруашылық мақсатында қолданатын жалғыз полигон.
Қазіргі таңда бұрынғы Семей полигонына жақын аудандарда халық арасындағы өлімнің және онкологиялық аурулардың, жаңа туған нәрестелердегі қан айналу жүйесінің аурулары мен жүрек ауруларының жоғары деңгейі байқалады.
Зардап шеккен аумақтың жалпы көлемі 304 мың гектар жері алып жатыр, ал ресми мәліметтер бойынша ядролық сынақтан зардап шеккен адамдар саны 1323 000, алайда жәбірленгендер деп 1057 000 ғана адам саны көрсетіледі.
Семей ядролық полигоны 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы үкіметінің №409 бұйрығы шешімімен жабылды, бірақ бұрынғы қауіпті аймақтағы полигонның радиоактивті фоны әлі күнге дейін сағатына 10-20 миллирентгенге дейін жетеді.
Полигондардың зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Олардың қоршаған табиғи ортаға, жергілікті халыққа тигізетін зардабын және радиоактивті қалдықтарды жою проблемасы халықаралық, мемлекеттік деңгейде жүргізілуі керек.
Күн талабындағы келесі экологиялық мәселеге түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер мен қала тұрғындарына апат әкелуде. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн тоннаға жетіп отырғаны тіркелген.
2012 жылы облыста тұрақты көздерден 2717 мың тонна зиянды заттың шығарылғаны есепке алынды. Оның 2577 мың тоннасы немесе 94,8%-ы ұсталып, залалсыздандырылды. Атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 140 мың тоннаны құрады. Орташа алғанда облыстың бір тұрғынына келетін зиянды заттың мөлшері – 100 кг, бұл өткен жылға қарағанда 5 кг-ға аз. Сонымен қатар, Өскеменнің әрбір тұрғынына 192 кг-нан, Зырянға – 146 кг, Риддерге – 166 кг, Семейге 83 кг-нан келеді.
Соңғы бес жыл ішінде облыста атмосфераға ластаушы заттарды шығаратын кәсіпорындар саны 4,5%-ға, тасталындының тұрақты көздерінің саны 1,3%-ға азайды.
2012 жыл ішінде тасталынды көздерінің ең көп саны – жалпы санының 36,8%-ы – Өскемен қаласында шоғырланды, Семей қаласына 23,4%, Зырян ауданына 8,2%, Шемонаиха ауданына 4,3%, Риддер қаласы мен Глубокое ауданына 4,0%-дан келді.
Атмосфераға шығарылған қауіпті заттардың ішінен ең жоғары үлес – 35,0%-ды – күкіртті ангидрид, 28,2%-ды – көміртегі тотығы және 10,6%-ды азот тотығы алады. Аталған заттар көздің шырышты қабығы мен жоғары тыныс жолдарының тітіркенуіне, көмірсулар мен белок алмасуының бұзылуына, мидың тотығу үдерісінің нашарлауына, бауыр, көк бауыр, бұлшық ет, тері аурулары мен эндокринді ауруларға әкеп соғады.
Табиғи ресурстарды пайдаланатын кәсіпорындар бойынша табиғат қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар 2012 жылы 12,7 млрд. теңгені құрады. Ластаушы заттардың нормативті тасталындысы (шығарылымы) үшін 2,4 млрд. теңге; нормативтен тыс тасталынды үшін 136,6 млн. теңге төленді.
2012 жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеуге кәсіпорындар мен лауазымды тұлғаларға 139,8 млн. теңге сомасына талап пен айыппұл салынып, өтелді.
Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандары ауыл шаруашылық қатынасында жерді пайдалану ауданы, ал батыс және оңтүстік аудандары – жайылымдық пайдаланудағы аудандар болып келеді. Аграрлы-өнеркәсіпті кешеннің дамуы табиғи ландшафттардың антропогендік әсерге әлсіздігінің және ауылдық аумақтардың экологиялық ахуалға тұрақсыздық деңгейінің жоғарылылығын алдын ала анықталды. Ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлердегі қазіргі заманғы ландшафттық-экологиялық ахуал табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасады, олардың ішіндегі маңыздысы тау-кен өндіру және өнеркәсіптің кен өңдеу салалары мен энергетика болып табылады. Пайдалы қазбаларды өндіруді үдете түсу (кенді, кенсіз, құрылыс материалдарын), алынатын және өңделетін шикізаттың агрессивтілігінің артуы ландшафттың құрауыштарының барлығының қарқынды ластану үдерісіне әсер етеді (атмосфераның ауасы, жер үсті, жер асты, ыза сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы). Қоршаған ортаның қазіргі заманғы ахуалы кейбір шамада Семей ядролық сынақ полигонының қызметіне негізделген.
Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас қалалар қатарына жатады. Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.
Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.
«2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының аясында Өскемен қаласына шарт бойынша жос-парға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан 54,6 млн. теңге бөлінді, олар жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде игерілді.
2010 жылға арналған шарт бойынша нақтыланған жоспарға сәйкес Өскемен қаласын көріктендіру бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12,1 млн. теңге бөлінді, олар 100% мөлшерінде игерілді.
Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы – ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «АЭС Өскемен ЖЭО» және «АЭС Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.
Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен экология мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, оның жұмыс барысында қала үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық мәселелер зерделеніп, қарастырылды:
Аймақ экономикасын экологизациялау аясында бірқатар шаралар әзірленуде, атап айтқанда облыстағы өндірістердің қуат және ресурс тиімділіктерін арттыру, энергияның балама қайнар көздерін дамыту; облыстағы кәсіпорындарды экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаны қорғауға ынталандыру, өндірістердің экологиялық тұрғыдан сенімділік деңгейін көтеру, экологиялық аудит процедураларын енгізу; экологиялық бейтарап өндірістер мен жергілікті экологиялық бағытталған және орташа қорғалған технологияны дамыту, шағын және орташа бизнес кәсіпорындарының іс-қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыстың басты мақсаттарының бірі болып отыр.

  1. 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмосферасының ластануына талдау жүргізілді;

  2. Қаланың орталық бөлігінде көлік құралдарын доғаруды шектеу арқылы қаланың орталық көшелері босатылды және светофорлар жұмысының мерзімділігі реттелді;

  3. Қаланың жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындарының жылжы-малы құрамы шығындылар нормасына сәйкес тексерілді;

  4. Су деңгейінің төмендегені үшін Ертіс алабын егжей-тегжейлі зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысында Ертіс алабы су деңгейінің төмендеуі табиғатты-климаттық өзгерістерге байланысты болатындығы анықталды;

  5. Атмосфера ауасының ахуалын мониторингтеу, зиянды заттарды бейтараптау және су ағысын тазалау бойынша басқа елдердің тәжірибесі зерделенді және оларды Өскемен қаласына енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет