Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы


Тақырып 3. Жер экожүйесіндегі адамзаттың әлеуметтік экологиясы және әлеуметтік психологиясы



бет5/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1-лекция

Тақырып 3. Жер экожүйесіндегі адамзаттың әлеуметтік экологиясы және әлеуметтік психологиясы.
Дәріс тезистері. Жер экожүйесіндегі адамзаттың әлеуметтік экологиясы және әлеуметтік психологиясы. Жер экожүйесіндегі адамзаттың әлуметтік экологиясына сипаттама. Ауа, топырақ ластану жолдары, оны шешу бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстары мен оны қорғау шаралары. Қазіргі экологиялық дағдарыс. Табиғи қорлар.
Әлеуметтік экология — адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтердің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогендік факторлардың адам денсаулығы мен популяцияларының гендік қорына экологиялық әсерін зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып табылады.
Соңғы жылдары антропогендің факторлардың нәтижесінде адамзаттың үлесіне күрт нашарлаған биологиялық жүйелер тиіп, жекеленген жануарлар мен өсімдіктердің популяцияларының кемуі мен жойылуы, адамзат қоғамы үшін болжанбаған теріс құбылыстастарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туып отыр. Табиғатты пайдалану адамның қатысуымен және қатысуынсыз қоршаған ортада жүретін күрделі процестердің барлығын ескере отырып, тек ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты қазіргі заманда әлеуметтік экологияның жаңа салалары дамуда. Олар:

  • Жеке адам экологиясы

  • Адамзат экологиясы

  • Мәдениет экологиясы

  • Этноэкология болып бөлінеді

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Рухани жаңғыру білім беру кеңістігінде қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың жаңа бағыттағы үйлесімділікті талап етеді. Себебі, соңғы жылдары табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи экожүйенің өзін-өзі реттеп отыру заңдылығы шектен шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Елбасының жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке көбеюіне себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады, - деді.
Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексінің» баптарында экологиялық білім мен тәрбиенің үздіксіздігі мен жалпылылығы қарастырылған. Ал біздің еліміздің білім беру жүйесінің құрылымына сәйкес қабылданған экологиялық білімнің бірнеше сатысы бар:
- бірінші - мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие;
- екінші - орта кәсіби оқу орындарында және бастауыш, жалпы орта мектептердегі білім беру;
- үшінші - жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру;
- төртінші - жоғары оқу орындарынан кейінгі сатысы.
Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және тиімді пайдаланудың жолдарын көпшілікке түсіндіру. Қазіргі кезде мақсатына қарай, экологиялық білім беру үш сатыда өтеді: кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындары мен колледждер; жоғары педагогикалық университеттер; жоғары оқу орындарынан кейін экологиялық білім мен тәрбие беру. Бірінші сатыда экологиялық орта факторлары, әлеуметтік және адам экологиясының өзара байланысының негіздері туралы білім беру көзделген. Кәсіптік білім беретін арнайы оқу орындары мен колледждер мынадай психология - педагогикалық әрекеттерді білуі тиіс. Яғни, ақпараттың алынуы мен жинақталу процесін және оның адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсерін, жергілікті табиғаттың материалын және мүмкіндіктерін пайдаланып қоғам мен оқу орнының өзара байланысын, экологиялық құндылықтарды қастерлеп, даулы мәселелерді шеше білуі қажет. Экологиялық білім мен тәрбие жалпыға ортақ мәселе. Жаратылыстану мамандығындағы студенттерге дәріс беруде, оқу үрдістеріндегі экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, оларға табиғатты қорғау, табиғатты тиімді пайдалану шараларын үйретуді көздейді. Экологиялық білім беру мен тәрбиенің түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастырып, жетілдіру. Осыған байланысты студенттерге жаратылыстану пәндерін негізге ала отырып, сапалы экологиялық білім беру бүгінгі күннің талабы болып отыр[3]. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін білім беру жүйелеріне ендіру жөнінде академик Бейсенова Ә.Е., профессорлар Бигалиев А.Б., Сарыбеков Н., Шілдебаев Ж.Б., Жүнісова Қ., т.б. еңбектерінде тұжырымдалған.
Болашақ жас маман – қоршаған ортаның ауқымды проблемаларын толық жете игеріп және олардың негізгі көрсеткіштерін өздігінен анықтай білуі тиіс. Болашақ мамандарды даярлауда экологиялық тәрбие мен экологиялық білім беру кәсіптік білім беретін арнайы мекемелер мен колледждердің маңызды міндеті болып табылады. Жас білікті, саналы маманды дайындау үшін аталған оқу орындарында оқытушылардың біліктілігін арттыру жоспарлы түрде жолға қойылуы қажет.
Экологиялық білім XXI-ші ғасырдағы болашақ 13 мамандарды даярлаудың негізгі ядросы болуы керек. Кез келген ғылым саласы экологиялық проблемалармен тығыз байланыста әрекет етеді. Сондықтанда бүгінгі таңда жалпыға бірдей үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру міндетті түрде барлық оқу жүйелерінде қолдау табары сөзсіз. Бұл проблема «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жер», «Өлкетану» деген атпен мақұлданды. Осыған орай, п.ғ.д, профессорлар Ә.Е.Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың алғашқы жоба ретінде ұсынған «Экология» бағдарламасын негізге ала отырып, төменде колледж студенттерінің факультативтік және дәстүрлі пәндер бойынша алған білімдерін ескеріп, экологиялық білім берудің жаңартылған бағдарламасын ұсынып отырмыз. Нәтижесінде, жастардың білімін жинақтау арқылы экологиялық білімін дамытып, табиғаттың біртұтастық ұстанымын жүзеге асырамыз.
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.
Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.
Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет