ӛлшемдері бойынша ерекшеленеді. Криминология ӛте маңызды констанция,
себебі ол қылмыстылықпен күрес нысандары мен тәсілдері, жоспарлары мен
бағдарламалары туралы түсініктерді ұғындырады. Және керісінше, қоғамды
қылмыстылықпен күрестің қиын жолына бағыттайды, оған ықпал ететін
себептерді,
жағдайларды, қылмыскерлердің жеке басын анықтау,
қылмыстылықтың алдын алу, ескертуді бақылаудың ойға қонымды
құралдарын жетілдіреді, қоғамның, мемлекеттің, әр түрлі бірлестіктермен
жүзеге асырылатын экономикалық,
мәдени-әлеуметтік, тәрбиешілікпен
байланысты шараларды анықтауға ұйытқы болады. Басқа қырынан алып
қарасақ, қылмыстылықпен күреске ықпал ететін заң аясын қалыптастыру,
сондай-ақ қылмыстылықпен күрес нәтижелі болуы үшін құқық қорғау
органдарының қызметтерін тиісті дәрежеде ұйымдастыру қажет.
Қылмыстылық – адам мен қоғам ӛміріне жағымсыз салдар әкелетін және
мемлекет пен қоғам тарапынан ӛзіндік бақылауды қажет ететін,
заңдылықтарға ие, сандық және сапалық қасиеттермен сипатталатын, қоғамға
жат әлеуметтік-құқықтық құбылыстар.
Криминология ғылымының екінші құрамдас бөлігі – қылмыстылықтың
себептері мен олардың жасалуына әсер ететін жағдайлар
Себептілік проблемалары –
қоғамдық ғылымдардың ішіндегі, әсіресе
криминологиядағы ең күрделі де, қажетті проблема. Бұл жерде себептілік
проблемасын – теориялық немесе тәжірибелік емес, қылмыстылыққа ықпал
ететін шарттар тәрізді құбылыстың себебін ғылыми негізде зерттемей, істі
білмей тұрып қылмыстылықпен күрес жүргізу мүмкін емес, бұнда жалғыз
құқық қорғау жүйесі мен заңның кӛмегімен мемлекет пен қоғамдағы
экономикалық, әлеуметтік тетіктерді қозғалысқа келтіруге болады.
Криминологияның дамуы мен оның ұсыныстарын тәжірибеге ендіру
қылмыстылыққа ықпал ететін жағдайлар мен
себептілік байланыстарды
нақты анықтауға мүмкіндік берді. Тәжірибеде құқық қорғау органдары
қылмыстылықтардың себептері мен жағдайларын анықтауды үйренді, ал
ғылым оларды осы жұмыс тәсілімен толықтырды. Заң шығарушы
қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын анықтауды және оларды
ескерту бойынша шараларды қабылдауға (ӛз уәкілеттігі аясында) міндеттер
бекітті.
Криминология ғылымында қылмыстылық себептерін дәрежелеу туралы
сұрақ талқылануда. Бәрінен бұрын оның күрделігі сол құбылыстың ішіндегі
және басқа да құбылыстар арасындағы ӛзара байланыс және ӛзара тәуелдікте.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың заңдылықтары мен нақты себептерін
жалпылама түсіндіру мүмкін емес. Бұл проблемалар кейбір ғалымдардың
қылмыстылықтың себептерін іздеуден бас тартуына түрткі болды. Мұндай
қиындықтар қылмыстық істер бойынша қылмыстылықтың себептері мен
оған жол беретін жағдайларды анықтауға мүмкіндік тудырды,
осылайша
қарапайым дәрежелеу тәжірибесі ұсынылды.
Алғашқылардың бірі ретінде профессор М.Д. Шаргородский:
«Қылмыстылық себептері деп, ол туындамайтын және ӛмір сүре алмайтын
барлық жағдайларды атауға болады. Бірақ бұл жағдайлардың бәрі де бірдей
рӛл атқарады. Олардың бірі тек қылмыстық құқық бұзушылық ниетіне нақты
мүмкіндіктер жасайды, енді біреулері осы мүмкіндіктерді шындыққа
айналдырады. Сондықтан да, біріншісін жағдай деп, ал екіншісін себептер
деп қарастырған дұрыс... Қылмыстылықтың себебі ӛзінің әрекеті мен оның
ӛмір сүруіне жағдай жасайтын белсенді күштер болып табылады. Нақты
қылмыстылықтың себептері – субьектілерге
оны жасауға ниет пен
қызығушылық тудыратын белсенді күштер»- деген болатын.
Келесі бір ғалымдар қылмыстылық себептерін обьективті және
субьективті деп дәрежелейді (А.А.Герцензон, А.С.Шляпочников). Бірқатар
ғалымдар дәрежелеудің негізіне тергеуді қосуды қажет ететін барлық
жағдайлардың жиынтығы сияқты толық себептер туралы философиялық
ұғымды жатқызды (Н.Ф.Кузнецова). Дәрежелеудің осы түрі, философияда
кеңінен таралса да, тым үстірт болып келеді. Онда басты және қосалқы
себептер, бірінші және екінші кезектегі себептер,
сондай-ақ қылмыстық
құқық бұзушылық жасауға итермелейтін жағдайлар араласып кеткен. Солай
бола тұра, егер тәжірибелік ұсынымдарды әрі қарай жетілдіруді ойласақ,
онда ішкі қосымша дәрежелеуді жүзеге асыру керек.
Батыс ғалымдары, қылмыстылық себептерінің проблемаларын жетілдіре
отырып, қылмыстылықты тудыратын құбылыс ретінде «факторлар
теориясын» енгізді. Осы факторларды есепке алу басталды. Қылмыстылық
себептерінің тым кӛптігі оларды дәрежелеуде елеулі қиындықтар тудырды.
Және бәрі де ӛздерінше санақ жасады. Отандас криминологтардың арасынан
қылмыстылықты тудыратын 200-240 фактордың санағын жасағандар да
табылды.
Қылмыстылық себептері туралы теорияның кӛп түрлігі жайлы айтсақ,
оны құрушылардың пікірін тыңдасақ, ол қылмыстылыққа ықпал етеді, бірақ
бірінші кезекте кімге, екінші кезекте неге назар аудару қажеттілігі
айтылмайды; қылмыстық құқық бұзушылықтардың 240 факторы болады.
Осы теория пайда болысымен-ақ батыстық криминологтардың кӛбісі оған
қарсы шықты, ал белгілі американдық криминолог Э. Сатерленд факторлар
теориясын баға жетпес каталог деп тапты.
Достарыңызбен бөлісу: