Тақырып: Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. (коучинг-сабақ) Мақсаты


Қазіргі уақытта үлгерімі төмен оқушымен мен қандай жұмыс атқарып отырмын?



бет3/4
Дата03.04.2024
өлшемі20.89 Kb.
#497495
түріСабақ
1   2   3   4
үлгерім төмен коучинг

Қазіргі уақытта үлгерімі төмен оқушымен мен қандай жұмыс атқарып отырмын?
Жеке жұмыс. Мұғалімдерге бір парақтан таратылады. Бүгінгі күнге дейін үлгермейтін оқушылармен атқарылып отырған жұмыстарын жазу тапсырылады және өз жұмыстарын 10 балдық бағамен бағалау ұсынылады.
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспары:

  • Ата-анасын бақылау жұмысының нәтижесімен таныстыру.

  • Диагностикалық картаны арнау.

  • Оқушымен жеке жұмыс жоспарын құру.

  • Қосымша сабақтың кестесін құру.

  • Дидактикалық материалдарды оқушы деңгейіне сай құрастыру.

Жеке жұмыс жоспары:
Жеке тапсырмаларды белгілі бір берілген уақытымен тапсыру.
Үлгерімі төмен оқушы көмекті сыныптастарынан және мұғалімінен кез келген уақытта сұрауына болады.
Білім беру әдісін өзгерту
Оқу материалдарын нақты қолдану.
Оқу материалын біртіндеп көбейту.
Білім беру әдісін қызықты пайдалану
Ү -тапсырма.
Басқа көзбен көзқарас
Әр топқа бөлек тапсырма беріледі.
1- топ. Егер мен ол оқушының анасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?
2-топ. Егер мен ол оқушының досы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?
3- топ. Егер мен ол оқушының ағасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?
4- топ. Егер мен ол оқушының сынып жетекшісі болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?
5- топ. Егер мен ол оқушының сыныптасы болсам, оған қандай көмек көрсетер едім?
Жетістікке жету үшін:
-Үлгерімі төмен оқушылардың үй жұмысының барлық тапсырмасының орындалуын тыңғылықты тексеру;
- Әр оқушының жаңа тақырыпты түсінгенін қадағалау;
- Деңгейлеп тапсырма беру;
- Үй жұмысы тапсырмасында негізгі және қосымша тапсырмалары болу керек;
- Оқушылардың үлгерімін көтеру үшін үнемі қосымша сабақ өткізу керек;
- Үнемі екілік бағаны қоюдың орнына шыдамдылықпен баяу қабылдайтын оқушыларды күту, тыңдау;
-Баланың намысына тимеу және балаға ыңғайлы жолын табу.
Бейнетаспа.
ҮІ -тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет