Шаруашылығы. Наймандар көшпелі мал шаруашылығы әсіресе қой мен ешкі және жылқы өте көп болған. Наймандардың шаруашылығы тұйық (ешкімге ештеме сатпайды) болған. Діні - христиан діні болған.
Керейлер ІХ ғасырда Онон, Керулен, Селенгі және Аргун өзендерінің бойын мекендеген. ХІІ ғасырда монғолдармен соғысып жеңіліп қалып, монғол мемлекетінің құрамында Европа мен Азияны басып алуға қатысады. «Монғолдың құпия шежіресі» кітабындағы деректерге қарағанда, ХІ ғ. аяғы – ХІІ ғ. басында Керейттер хандығы мен жаңадан құрылған монғол хандығы арасында жақсы қатынас орнаған. Екі хандық одақтаса отырып меркіт, найман, т.б. тайпаларға шабуыл жасаған.
Керейттер мемлекетінің орталығы қазіргі Улан Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған. Монғол тарихшыларының айтуынша, Улан Батор қаласының орналасқан жері керейіт ханы Тоғырылдың жайлауы болған. ХІ ғ. екінші жартысында Керейт хандығының құрамына керей, жыркиы, қоңқай, сақай, тутау, албат, тунхай, қыркун атты сегіз аймақ кірген.
Керейт мемлекетінің шарықтау шегі – Х-ХІ ғғ. аралығы, Маркус пен оның баласы Құршақұз хандар кезі. Құршақұз хан билігінің алғашқы кезінде татарлардан жеңіліп, баласы Тоғырыл мен шешесі Илма ханым тұтқынға түседі. Осы кезде керейттің екінші бір тайпа көсемі, Құршақұз ханның күйеу баласы Сарық хандықты қолына алып, билік жүргізеді. Ол керейттердің шет аймақта отырған Хажар ханынан көмек сұрап,татарларды жеңіп, Құршақұз ханды баласымен тұтқыннан босаттырып алады. Одан соң Тоғырыл хан ел билеген.
Монғолдың шежірелеріндегі деректерге қарағанда, керейттер мен монғолдардың арғы аталары өзара бейбіт қарым-қатынаста болған. Алайда керейттер билеушісі Тоғырыл мен Шыңғыс хан арасындағы достық қатынас ұзаққа созылмаған. 1202 ж. бұлар өзара жауласып, Шыңғыс хан керейттерді жаулап алады. Керейттердің қалған жұрты әр тайпаның құрамына қосылса, бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасып, қазақ халқының қалыптасуына өз үлесін қосты.
Шаруашылығы: көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Жылқы басты байлық болып саналды. Шаруашылығы тұйық шаруашылық болды. Ұлысты –хан басқарды. Салық жинай тын адам-шерби деп аталды.Қазір Керейлердің бір бөлігі Монғолстанда баян-өлгий аймағында, Қытай халық республикасында, бір бөлігі Шығыс Казақстанда тұрады.