Тақырып: Омыртқа бағанының, жамбас және тік ішектің хирургиялық аурулары және зақымдануы



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі30.05 Kb.
#493612
1   2   3
Омыртқа бағанасы бел

Тұрақты жарақат критерийлері:
- науқас есі анық;
- омыртқа ауырсуына шағымы жоқ;
- неврологиялық симптомдар байқалмайды;
- арқа бұлшық еттерінің ригидтілігі жоқ;
- науқас қозғалады.

Тұрақсыз жарақат критерийлері:
- есі жоқ;
- омыртқа бағанасында ауырсынулар;
- арқа бұлшық еттерінің ригидтілігі;
- ауырсынулардың немесе тактильді сезімталдықтың төмендеуі;
- параличтер мен парездердің болуы;
- жамбас ағзалары қызметінің бұзылысы.

Жұлынның көлденең зақымдану белгілері:
- қозғалмайды, аяқтарда сезімталдық пен тонустың жойылуы;
- қатты ауырсыну тітіргендіргіштерге, қорғаныш реакциясының болмауы;
- кей жағдайларда естің бұзылысы, еріксіз кіші дəретін, яғни физиологиялық бөлінділерін ұстай алмау;
- артериальды қан қысымының төмендеуі.

Омыртқа бағанасының сынықтары:
- кифозды деформация (тік өсіндінің зақымданулары, омыртқа өсінділерінің зақымдануы);
- арқаның ұзын бұлшықеттерің керілуі;
- сынық аймағында орнықты ауырсынулар, аяқты , басты көтергенде, жөтелгенде, отырғанда омыртқа осі бойынша ауырсынулар;
- төсекте мəжбүр қалыпта отырады (арқасына).

Өсінділер мен доғалар сынығы (көлденең, буындық, тік):
- шектелген қозғалыс;
- сынық аймағындағы ісінулер жəне локальді (жергілікт) ауырсынулар: ортаңғы сызық бойынша (тік өсінді)немесе паравертебральді (өсінді, доға сынығы);
- тік өсінді сынығы кезінде –омыртқаны бүгіп, жазу кезінде ауырсынудың үдеуі;
- көлденең өсінді сынығы кезінде – бүгілу кезінде, сау жаққа бұрғанда ауырсынудың күшеюі, кейде зақымданған жақта сколиоз;
- буын өсінділерінің сынығы кезінде – зақымдалған жаққа қарай қисайған сколиоз;
- доға сынығы кезінде – сынық аймағында гематома жəне қозғалыс кезінде ауырсыну.

Жамбас сүйегі сынығының диагностикалық критерийлер:
- сегізкөз жəне аралық аймағындағы ауырсыну;
- мықын сүйектері мен симфиз аймағын басып көргенде, ауыру сезімі;
- төсекте мəжбүр қалып, аяқтары жартылай бүгілген («құрбақа» жатысы);
- аяғын көтере алмау, отыра алмау, жүре алмау, тұра алмау («жабысқақ табан» симптомы);
- сынық аймағындағы ісінулер, гематома, ауырсынулар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет